• Мұражайға бару
          • Мұражайға бару

          •           Желтоқсан айының 10-ы күні лицейіміздің 7В сынып оқушылары сынып жетекшісімен тарих тілі апталығы аясында Батыс Қазақстан облыстық өлкетану мұражайына барды. Мұражайға бару мақсаты оқушыларды өлкенің ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи жәдігерлерімен таныстыру болды. Оқушылар мұражай жәдігерлерін аралау барысында осы жылы құрылған «Алтын ханшайым» жаңа экспозициясына ерекше көңіл бөлді. Мұражай қызметкері бұл тек көшірмесі ғана екенін, ал негізгі түпнұсқасы Астана қаласындағы Ұлттық мұражайға ұсынылғанын атап өтті. Жалпы мұражайға саяхат жасау оқушылар көңілінен шығып, жақсы әсер қалдырды. 

        • Жас ұлан
          • Жас ұлан

          • Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік     мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында13-ші желтоқсан күні 7-сынып оқушыларын «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өтті. «Жас Ұланның»  мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

            Лицейіміздегі «Жас Ұлан» ұйымы 41 оқушыны өз қатарына қосты. Оқушылар еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосатындықтарын айтып, ант қабылдады.Осы мерекеге орай «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларды лицей  директоры Муканов Алмас Джубайұлы  құттықтап ,лицей мұғалімдері «Жас Ұланның» төсбелгісін тақты. «Жас Ұлан» ұйымы  оқушыларының  келешекте Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларына тілектеспіз!

        • Ақ желкен
          • Ақ желкен

          •              Қазан айының 8-10 күндері аралығында Батыс Қазақстан облысында  ХІІ облыстық  « Ақ желкен -2014»  математикалық регатасы өтті. Аталған регатаға Орал қазақ – түрік лицейінен командалық  есепте оқушылар қатысты. Регата қорытындысы бойынша  8 сынып оқушылары Бекжан Альберт, Бисенкулов Алмат, Есеньязов Алмаз, Кияшов Дамир командалық ІІІ орынды иеленіп, 7 сынып оқушылары қатысушы сертификатымен марапатталды. Оқушыларымызға алдағы уақытта жетістіктер тілейміз. 

        • Мұғалімдердің Бөкей Ордасы ауданына іссапары
          • Мұғалімдердің Бөкей Ордасы ауданына іссапары

          • 2013-2014 оқу жылынан бастап қазақ-түрік лицейі мен Бөкей Ордасы ауданының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын жүйелеу мақсаты алға қойылып, жұмыстар жүргізіліп жатқан болатын. Сол бағытта қараша айының 5-8 күндері аралығында лицейіміздің математика,химия, биология пәні мұғалімдері Бөкей Ордасы ауданының Жәңгір хан атындағы №1ЖОББМ-не  іссапарға барып келді. Мақсаты 11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық сабақтарын өткізу және  аудан мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстар жүргізу.  Жоспар бойынша лицей мұғалімдері 1-2 күні аудан бойынша әр мектептен жиналған 63 оқушыға сабақтар жүргізіп, 3-ші күні оқушылардан қорытынды тест алды. Сонымен қатар мұғалімдермен ҰБТ-ға, олимпиадаларға дайындалу әдістері бойынша  ой бөлісті. Іссапар барысында мұғалімдер аудан көлеміндегі музей, кесенелерді аралап, шағын экскурсия жасады. Осындай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

        • Ұстаздар кұні
          • Ұстаздар кұні

          • Қазан айының 3-ші жұлдызында Орал қазақ-түрік лицейінде ұстаздар күніне арналған «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Кештің мақсаты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, оқушылардың оларға деген құрметтерін, алғыстарын жеткізу болды. Кеш  оқушылардың ұстаздарға арналған сәлемдемелерімен басталып, ән , би және әзілмен әрленген қойылымдарымен жалғасты. Аталған шараға  ата-аналар да атсалысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Лицейімізде оқушылардың ұйымдастыруымен өткен  кеш жоғары деңгейде өтіп, ұстаздардың мерекелік көңіл-күйін асқақтатып жіберді. 

        • С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 90 жылдығына арналған зияткерлік олимпиада өтті
          • С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 90 жылдығына арналған зияткерлік олимпиада өтті

          • 2014 жылдың 7 қазан күні Орал қаласында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 90 жылдығына арналған зияткерлік олимпиада өтті. Химия, физика, математика, биология пәндерінен  қатысқан Орал қазақ-түрік лицейінің оқушылары командалық  І орынды иеленді. Атап айтсақ, 11 сынып оқушылары Жайтлеуов Аслан, Каиржанов Дамир, Сайынов Бауыржан және Ерланов Досжан лицейіміздің абыройын асқақтата білді. Биіктен көріне білген шәкірттерімізге жетістіктер тілейміз.

        • Облыс мұғалімдері арасында волейбол сайысы өткізілді
          • Облыс мұғалімдері арасында волейбол сайысы өткізілді

          • Қазан айының 8-і күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің  90 жылдық мерекесіне орай аталған мектеп базасында облыстық мектеп мұғалімдері арасында волейбол жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел-2050: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» жолдауы негізінде білім саласында спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру, мектеп мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдерді спортпен тұрақты шұғылдануға тарту. Аталған шараға лицейіміздің мұғалімдерінен құралған команда қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Үздік деп танылып, оза шыққан командалар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз және биіктерден көріне берулеріне тілектеспіз. 

        • Лицей президентін сайлау
          • Лицей президентін сайлау

          •         Қыркүйектің 23-і күні Орал қазақ-түрік лицейі оқушылары өздерінің президенттерін сайлады. Мұндағы мақсат оқушыларды жұмыстануға, қоғамдық іс шараларға жауапкершілікпен атсалысуға, жалпы өзін-өзі басқаруға үйрету. Сайлауға мектеп оқушылары алдында беделді, оқуда озат, қоғамдық  іс-шараларға белсене қатысатын  5 оқушы өздерінің кандидатураларын ұсынып,  сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды. Кандидаттыққа түскен оқушылар: 11 сынып оқушылары  Каиржанов Дамир, Жамиль Аймырза, Жайтілеуов Аслан және 10  сыныптан  Муратов Мирас пен Масонов Ернұр. Сайлауға лицей мұғалімдері мен барлық сынып оқушылары қатысып, өздерінің таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесінде 118  дауыс жинаған  Каиржанов Дамир Орал ҚТЛ оқушыларының өзін өзі басқару ұйымының президенті болып сайланды.

                     Дамирге алдағы уақытта табыстар тілейміз.

        • Өрт қауіпсіздігі
          • Өрт қауіпсіздігі

          •  Қазан айының 20-сы күні Орал қазақ-түрік лицейінде «Құтқарушылар» күніне арналған жиын өткізілді. Жиынның мақсаты оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру, алғашқы көмек көрсету әдістерін практикалық түрде орындату болды. Аталған шараға барлық сынып оқушылары, сынып жетекшілер, лицей медбикесі мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қатысты. Оқушыларға ғимарат ішінде қалған адамды шығару жолдары, медбикемен бірге аяқ-қолы сынған адамға алғашқы көмек көрсету әдістері көрсетілді. Сонымен қатар өрт сөндіру құралын қалай пайдалану керектігі түсіндірілді. Оқушылар, әсіресе төменгі сынып оқушылары жиыннан мол мағлұмат ала білді.  

        • Сот өкілдерімен кездесу
          • Сот өкілдерімен кездесу

          • 2014 жылдың қараша айының 18-і күні БҚО дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушыларына  дәстүрге айналған ресми кездесудің жоспарына сәйкес бала құқығына байланысты заң талаптарын ұғындыру және туған ел мен жерге деген қазақстандық патриотизмдерін қалыптастыру мақсатында «Заң – балалық шақтың сақшысы» тақырыбында шара өткізілді.

                 БҚО дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры А.Д.Муқанов өткізіліп отырған шараның мән-мағынасы туралы кіріспе сөзімен ашты. 

                Шараға БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Е.Қарасаева және БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының ювиналдық полиция бөлімінің бастығы Ә.С.Габдушев, Орал қалалық әкімшілік полиция бөлімінің ювиналдық полиция бөлімшесінің бастығы Г.Х.Гусманова қатысып, бала құқығына байланысты заңдарды түсіндірді. Сонымен бірге өмірден алынған нақты мысалдар келтіріле отырып, балалар арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында нұсқаулар берілді. Лауазымды тұлғалар мен оқушылардың арасындағы ашық әңгіме жағдайында өткен шараның тағылымдық, тәрбиелік мәні зор болды.

        • Расписание
          • Расписание

          • Дорогие студенты и учителя

            Вы можете теперь проверить фактическое расписание и ежедневные замены. Просто нажмите на ссылки в верхней части страницы.

        • Құрметті лицей қызметкерлері!
          • Құрметті лицей қызметкерлері!

          • Сұлтанова Эльвира Болатовна (07.12.1987)

            Мирзахмедов Ардак Суннаталиевич (14.12.1984)

            Курманалиева Галия Сапаровна (25.12.1960)

             

             Сіздерді туған күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

            Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

            Әрқашан үміттеріңіз орындалып, толағай табыстарға жете беріңіздер!

            Әрбір арайлап атқан таң сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін!