• АТА-АНАЛАР АРАСЫНДА КІТАП ОҚУ САЙЫСЫ

          • 27 Қаңтар күні лицейімізде ата-аналар арасында кітап оқудан жарыс өтті. 
            Лицей ұжымы ұйымдастырған бұл сайыс көптеген ата-ананың басын қосты. Аталмыш жарыстың мақсаты – лицей үштағанының бірлігін нығайту, отбасылық кітап оқу мəдениетін дамыту, оқу кеңістігінің аясын кеңейту жəне Елбасының "Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар" мақаласын жүзеге асыру. 

            Жарыстың нәтижелері мынадай: 
            I орын – 7в Ш.Теміргалиева, 9а Н.Минашева, 10с Р.Бисенбаева, 10а Н.Құлтаева. 
            ІІ орын – 8а Г.Жақсылықова, 10в А.Сергазиева. 
            ІІІ орын – 7в М.Молдагалиева, 7в Ж.Шукуров, 8а Г.Қайржан, 9а А.Насретденова, 9в Ж.Джумагалиева, 

            10с А.Молдагалиева, 

            Алғыс хат - 10в Б.Бисенов;
                        Жарысқа қатысып, орын алған ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Жас ұрпақтың жарқын болашағы – Сіздердің осындай өнегелі істеріңізде!

          • «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі»

          • 2018 жылдың қаңтар айының 26-сы күні Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының педагогикалық ұжымының және 7-11-сыныптар оқушыларының қатысуымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің мәселелеріне арналған «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. 
            Жалпы мектептік шарада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алатын мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығы жоғары қазақ тілін латын графикасына көшіру бағытында елімізде атқарылып жатырған жұмыстар түсіндірілді. Іс-шараға арнайы шақырылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Б.Ө.Жексенғалиев, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.С.Қыдыршаев, Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университетінің проректоры, филология ғылымының докторы, профессор М.Б.Сабыр Орта Азиядағы Түрік, Әзірбайжан, Өзбекстан секілді латын графикасына көшкен елдердің іс-тәжірибелерімен таныстырды, латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшудің біздің ел үшін маңыздылығы түсіндірілді. 
            Сонымен бірге қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылуын жетілдіруге байланысты мәселелер де қозғалып, мұғалімдер мен оқушылар тарапынан берілген сұақтарға нақты жауаптар берілді.

            Жергілікті ғалымдардың қатысуымен өткен шараның оқушылар үшін мәні, маңызы зор болды.

          • "Тозақ шеңбері" қойылымы

          • Өткен апта оқушыларымыз Қазақ драма театрының "Тозақ шеңбері" атты қойылымына барды. "Тозақ шеңбері" атты тарихи драмалық қойылым көрерменін 31 жыл өткен шаққа апарып, сол кездегі еліміз үшін елеулі де ауыр оқиға - Желтоқсан көтерілісі кезіндегі залымдар мен мазлұмдардың өмірдегі сәттерін көрсетті. Сөзсіз бұндай қойылымды көрген өскелең ұрпақ Қазақ халқының Егемендік жолында шеккен азабы мен қиыншылықтарын көріп, Тәуелсіздіктің қадірін түсінуі тиіс. Жан-тәнімен азаттықты қастерлеп, ұлттық намысты жұдырығына мықтап ұстаған азаматтарды тәрбиелеу - баршамыздың ортақ мақсатымыз болғандықтан, оқушыларымызды ғибратты қойылымдарға одан әрі апарамыз деген жоспардамыз.

          • Республикалық тоғызқұмалақ турнирінің жеңімпазы

          • "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған "Білім-Инновация" және "Білім-Орда" Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру ұйымдары оқушылары арасында қаңтардың 11-14 арасында Алматы қаласында өткізілген Республикалық тоғызқұмалақ турниріне жетінші сынып оқушысы Аманжолов Архат қатысып, I орынды иеленді!

          • Түлектермен кездесу

          • «Біздің жаңа саяси бағытымыз сендерге жаңа мүмкіндіктер, жақсы білім, лайықты еңбек пен ұлы болашақ сыйлау. Бүгінгі жастар жаңа бағыттың жылжушы күші болуға және жемісін көруге тиісті»,- деп Елбасымыз айтқандай, қаңтар айының 10-ы күні мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, кәсіби бағыт – бағдар беру мақсатында дәстүрге айналған «Түлектерім, ұшып шыққан ұядан» атты студент-жастармен кездесу өткізілді. Кешті лицей директоры С.Ш.Талдахметов құттықтау сөзімен ашып, ертеңгі күннің құрығын қолға ұстаған студенттерге өзінің  ақ тілегін білдірді. Кеш барысында түлектер     11-сынып оқушыларына университетке   түсу үшін қандай дайындық керек екені туралы, қандай құжаттар жинау керектігі жайлы, кездесетін қиындықтарды  айтып өтті. Ең бастысы ҰБТ-ға тыңғылықты, жүйелі дайындық, түлек тарапынан саналы түсінік қажет екенін ескертті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына  нақты, қызықты, қанағаттанарлық жауаптар алды. Әрі қарай кеш оқушылардың аға студенттеріне арнаған өнерлерімен, түлектердің лицейде оқып жүргенде өткен қызықты оқиғалары бейнеленген бейнероликпен жалғасты.Кездесу өте тартымды да қызықты болды.

          • Облыстық пән олимпиадасы

          •     2018 жылдың 5-6 қаңтар күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша облыстық білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден облыстық олимпиада өтті. №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей-интернаты кешенінде өткізілген облыстық кезеңге лицейімізден 58 оқушы қатысып, 33 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, 10 оқушы - І орын, 13 оқушы- ІІ орын, 10 оқушы- ІІІ орын және 9 алғыс хат алды. Олар:

            І орын: Петри Адам, Сағындықов Ернар, Латифов Санжар, Сисенов Исмаил, Мурзагалиев Арман, Мақсотов Абзал, Аделов Алдияр, Ибатуллиев Асыланбек, Аманбаев Ершат, Тасмуханов Руслан;

            ІІ орын: Абутолыбов Абдолла, Амиров Азамат, Мұратов Есбол, Бекжан Диас, Шаимбетов Батырхан, Бердигалиев Алан, Исатаев Нұрғиса, Аскаров Еламан, Жумабаев Бексултан, Шинбай Алмаз, Хабдрашит Ершат, Шкода Виктор, Айтбаев Алихан;

            ІІІ орын: Бекетов Гадильбек, Заиров Райымбек, Өтешқали Әлішер, Сагынгали Дамир, Шакулов Бауыржан, Кубашев Данияр, Ахметжанов Әділ, Мурзагалиев Алихан, Сансызбаев Нұрхан, Мерхаев Еламан.

                Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, республикалық олимпиадада сәттілік тілейміз!