12 қараша күні лицейімізде ата-аналар арасында «Жүрегіме жылу берген - «Ұшқан ұя»» атты кітап оқу жарысы оздырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен лицейіміздің 10 жылдық мерейтойына орай лицей үштағанының бірлігін нығайту, отбасылық кітап оқу мәдениетін жетілдіру, оқу кеңістігінің аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған байқау екі тілде, орыс және қазақ тілінде өткізілді.
Байқауға 60-қа жуық ата-ана қатысып, бақ сынасты. Барлық сыныптың ата-аналары өте жақсы дайындықпен келген. Дегенменде 6 орын белгіленіп, жеңімпаздарға Елбасының «Жылдар мен ойлар» атты кітабы сыйлыққа берілді. Байқау жеңімпаздарын атап айтсақ,
І орынды 7-сынып оқушысы Д.Сағадаттың анасы Маратова Жазира, ІІ орынды 9 «С» сынып оқушысы А.Темрешовтың анасы Әсия Темрешова мен А.Мухановтың анасы Ақтаубаева Ләззат, ІІІ орынды 9 «В» сынып оқушысы Ә.Сарамбетовтың анасы Сарамбетова Анар мен А.Темірхановтың анасы Егінгалиева Айнұр және 11 «В» сынып оқушысы Н. Гумаровтың анасы Мухамбедиева Айгүл ханым иеленді.
Лицей үштағанының бірі ата-ана. Сондықтан ата-анамен ынтымақтастықты кеңейту және отбасылық оқуды жаңғыртуға арналған шаралар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіле бермек.

