• Бесінші элемент-2016
          • Бесінші элемент-2016

          • Ақпан айының 9-12 күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «IX облыстық «Бесінші элемент-2016» химиялық зерттеу-эксперименттік турнирі өтті. Турнирдің мақсаты оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ғылыми білімдерін насихаттау және химия, химиялық технология, зерттеу-эксперименттік жұмыстарына қызығушылығын дамыту, олимпиада, ғылыми жұмыстарға дайындау болды. Аталған турнир «Дарын» қосымша білім орталығы базасында, эксперименттік туры М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті экобиохимиялық зертханасында өткізіліп, оған лицейімізден 3 оқушы қатысты.Турнир нәтижесі бойынша жекелеген есепте Надырхан Мирасбек  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Қосмағұл Диас белсене қатысушы дипломына ие болды. Оқушыларымызға білім жарыстарында тек сәттіліктер тілейміз.

        • Өнер жанашыры
          • Өнер жанашыры

          • 20 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ресейлік драматург, Аланьяның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асахмат Айларовтың премьерасы өтті. Қойылымның алдында қазақ  драма театрының сүйікті көрермендеріне  марапаттау рәсімі жүргізілді. Жастарға тәрбие беру ісінде театр өнерінің маңызын арттырып, көрсеткен қолдауы және өскелең ұрпақты рухани азықпен сусындатып отырғаны үшін  қазақ түрік лицейі директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Г.Б.Сагитова алғыс хатпен марапатталды. 

        • «Қазақ поэзиясының - Ақ шағаласы»
          • «Қазақ поэзиясының - Ақ шағаласы»

          • 9 ақпан күні лицейімізде «Қазақ поэзиясының - Ақ шағаласы»  тақырыбында қазақтың көрнекті ақыны, Алаш сыйлығының және  Құрмет орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгерейқызымен кездесу өтті. Ақ боз дүниенің кез- келген ұға бермейтін керімсал әуезіне құлақ түрген, ақиқаттың ауылын іздеп ұзақ жолда аңқасы кепкенде нәзік жанды жаратылыс иесі бола тұра «қиналдым» демеген, бәйге аты – поэзиясын еш уақытта атақ үшін көкпарға салмаған ақынды таныту, оқушыларды поэзия әлеміне шақыру, өзіндік көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру, ұлы ақынды құрметтеуге, тани білуге, шығармаларын оқи отырып, өмірлік тәлім-тәрбие алуға баулу мақсатында ұйымдастырылған кездесуге 7-11 сынып оқушылары, мұғалімдер  қатысты.  Кеш барысында презентация арқылы ақынның өмір жолы көрсетіліп, оқушылардың арнау өлеңдері оқылды. Әсем әндер мен  күй орындалып, оқушылар ақынға қызықтырған сұрақтарын қойды.  Кеш өте әсерлі болды. Ұйымдастырылған кездесуден оқушыларымыз өзіне қажетті рухани азық, отаншылдық, ұлтжандылық тәрбие ала білді деп ойлаймыз. 

        • «Үштілділік білім беру – жаңа заман талабы»  тақырыбындағы семинар-практикум
          • «Үштілділік білім беру – жаңа заман талабы» тақырыбындағы семинар-практикум

          • Ақпан айының 10-ы күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен лицей базасында жаратылыстану – математика пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Үштілділік білім беру – жаңа заман талабы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Жаратылыстану – математика пәндерін үш тілде оқытуда кездесетін қиындықтар мен қажеттіліктерді тиімді шешу жолдары арқылы тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарға қала, аудан мектептерінен химия, физика, математика, биология пәндерін ағылшын тілінде өткізетін 38 мұғалім қатысты. Семинар барысында лицейіміздің биология пәні мұғалімі Н.Суйеуов «Circulatory system», химиядан Д.Садырбаев «Water as the essential of life», Алгебра және анализ бастамалары бойынша С.Абибулла «Basic concepts of  trigonometry», физикадан Е.Сулейменов «Pumps» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар "Астана-кітап" баспасының  директоры Р. Бахтаулов пен физика оқулығының авторы, «KATEV» ХҚҚ физика пәні әдіскері А.Түсіпжанов «Ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқулықтар» тақырыбында презентация жасады.Семинардың екінші бөлімінде «The leader of XXI century» , «Cahoot» интеллектуалды ойындары және «Білім- денсаулық» көрмесі ұйымдастырылды. Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде сабақтарды өткізудің бағдарламасы таратылды. Жалпы семинардан қатысушылар үлкен әсер, әдістемелік жаңашылдық алып қайтты.  

        • «Дін, қоғам және мемлекет» тақырыбындағы кездесу
          • «Дін, қоғам және мемлекет» тақырыбындағы кездесу

          • Ақпан айының 11-і күні лицейімізде БҚО дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының «Дін, қоғам және мемлекет» тақырыбында оқушы жастардың жалған діни ағымға қарсы сана-сезімдерін арттыру мен отаншылдық патриотизмін нығайту, өз-өзіне қол жұмсау фактілерді болдырмау профилактикасына бағытталған ақпараттық-түсіндірмелі жұмысының жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау арқылы экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу, деструктивті діни ағымдар мен олардың қызметі туралы шынайы ақпараттарды тарату мақсатында үйымдастырылған кездесуге БҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы А.Ермекбаева, ҚМДБ-ның БҚО бойынша Жалпы және Жастар ісі бойынша өкілі, исламтанушы М.Асанов қатысты. Кездесу барысында «Дін және дәстүрдің өзара байланысы», «Экстремистік ұйымдар мен ағымдар әрекетінің негізгі принциптері мен тәсілдері», «Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік ерекшеліктері, оның алдын-алу жолдары» тақырыптарында ой қозғалып, әңгіме өрбіді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ қойып кездесуге белсене қатысты және аталған кездесуден мол мағлұмат алды.

        • «Мейірім төгетін Ана»
          • «Мейірім төгетін Ана»

          • 2016 жылдың 3-ақпанында Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты кітапханасында «Бөбек» қайырымдылық  қорының негізін қалаушы, «SOS - Қазақстанның балалар ауылдары» бірлескен қорының төрайымы,  адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша білім жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайырымдылық істері туралы мағлұматтар; оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру; қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып, рухани адамгершілік қағидаларын дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Лицей кітапханашысы А.Мусина көрмені тамашалауға келген 7асыныбы оқушыларына Сара Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолына, оның ішінде қайырымдылық қызметіне қысқаша шолу жасап, оның авторлығымен жарық көрген еңбектерге сипаттама берді.  Сонымен қатар оқушылар Сара Алпысқызына арналған өлең-шумақтарды дауыстап, мәнерлеп оқыды. Көрмеге Сара Алпысқызының портреті, сөздері, сондай-ақ ол туралы әр жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар мен «Бөбек» қайырымдылық қорының акцияларында балалармен кездесу сәті бейнеленген суреттер қойылды. Аталған көрмеден оқушылар көп мағлұмат алды .

             

        • Театр- өнер ордасы
          • Театр- өнер ордасы

          • Ақпан айының 3-күні  лицейіміздің 7 сынып оқушылары  Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына барып, ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Иран-Ғайыптың (Иранбек Оразбаев) «Мәңгілік елдің Алтын адамы» атты туындысын тамашалады. Оқиға ағайын арасындағы талас-тартыс арқылы өрбиді. Ақыры оның соңы Арғынбайдай батырдың өліміне әкеліп соғады. Құныкер жақ «Қанға қан» деп тұрып алады. Яғни айыпты жақтан бір адамның басы кесілуі тиіс. Билер шешімі де осыған тіреледі. Міне, сол сәтте ортаға Қазынадай  ел анасы шығып, өз кесімін айтып, араша түседі. Бұдан кейін батыры өлгендер күң етіп төрт қызды беруді талап етеді. Мұны да Қазына болдырмайды. Ақыры екі жақты бітістіріп тынып, Алтын әйелге айналады.Шығарма Елбасының Мәңгілік ел идеясымен үндес, халықты береке-бірлікке жетелейді. Театр актерлерінің кәсіби шеберліктері, шынайы образға ене білулері оқушыларға ерекше әсер етті. Тарихи тағылымы терең, оқушылар бойына бірлік, татулық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, эстетикалық тәрбиеге бағыттайтын осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

        • Қайырымдылық жаса, қайырын өзің көресің.....
          • Қайырымдылық жаса, қайырын өзің көресің.....

          • Қарттарға құрмет көрсету өскелең ұрпақтың басты міндеттерінің бірі. Әсіресе, жалғыз басты әже мен аталардың хал-ахуалын біліп, денсаулығын сұрап тұрудың артықтығы болмайды. Сол арқылы қариялардың көңілі көтеріледі, қуанады. Ол жайында халқымыз: « Қартайғанда бір бала» ,- деп жатады.  Сол себепті кінәмшіл жасқа жеткен қарияны құрметтеген жөн.Ақпан айының 5-і күні лицейіміздің бір топ өнерлі оқушылары  қаламыздағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық мемлекеттік мекемесіне» барып қайтты. Жылы шырайлы әңгімеден соң, ата-әжелер алдында шағын концерт қойылды. Олардың жанына жақын 70-80 жылдардағы әндер айтылды, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Әсем әндері, күмбірлеген күйлерімен үйлеріне шаттық әкелген өнерпаз оқушыларға деген ата-әжелердің алғысында шек болмады.

             

        • «Жарқын болашақ» ҮІІІ республикалық «KATEV»  қазақ тілі  олимпиадасының облыстық кезеңі
          • «Жарқын болашақ» ҮІІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

          • «Менің тілім - Дауға салса, алмастай қиған, Сезімге салса, қырандай қалқыған, Ойға салса, қорғасындай балқыған, Өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған әрі байырғы, әрі мәңгі жас отты да ойнақы тіл» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі  ыстық ықыласпен сипаттаған ана тіліміз -рухани  байлығымыз. Сол  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында 2015 жылдың 29-30 қаңтар күндері БҚО білім басқармасы мен «Дарын» қосымша білім орталығының қолдауымен Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп- лицей-интернаты базасында «Жарқын болашақ» ҮІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі оздырылды. «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы облысымызда жетінші рет өткізіліп, ана тіліміздің мерейін өсіріп, мәуелі бағын кеңейтетін талантты  шәкірттерге жол ашуда.  Дарынды шәкіртке қолдау көрсету жолындағы шара 5 бағыттан тұрды: «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар»,  «Жас ғалымдар»,  «Әнші-бұлбұлдар» және «Сөз шеберлері» бағыты. Бағыттар бойынша әр ауданнан 1 қазақ және 1 өзге ұлт өкілдері қатысып, белгілі бағалау критерийлері бойынша жеке-жеке  бағаланды.

            Байқауға  11 аудан, 3 облыстық мектеп және қала мектебі бойынша қалалық кезеңнен өткен 1 команда, барлығы 108 оқушы қатысты. Соның ішінде  лицейімізден қатысқан 9А сынып оқушысы Петри Адам  «Сөз шеберлері» бағыты  бойынша І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алса, «Әнші-бұлбұлдар» бағытынан 9В сынып оқушысы  Джумагалиев Мустафа мен  «Жазушылар» бағытынан Оздемир Осман, «Тілші-әдебиетшілер» бағытынан Ғазымжан Бектас ІІ орыннан көріне білді. Байқау жеңімпаздарын марапаттау кезеңі  салтанатты түрде облыстық білім басқармасы мен қалалық білім басқармасынан  және жоғарғы оқу орындарынан келген қонақтардың қатысуымен облыстық қазақ драма театрында өткізіліп, олимпиада жеңімпаздарына олбыстық білім басқармасының атынан дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді, сонымен қатар оқушыларын олимпиадаға дайындаған жетекшілер мен пән мұғалімдеріне алғыс жарияланды.

            Ана тілінің табиғатын танытқан байқауда қазақтың баласы бар, қазақтың санасы бар, салты бар, сезімі бар, сүйініші бар, сағынышы бар. Ол сонысымен қымбат, сонысымен қастерлі! Ендеше бұл байқау әлі де өзінің жалғасын тауып, өзінің дарынды да талантты шәкірттерін биік белестер мен шыңдардан көрсете бермек.