Үш айлық демалыстан кейін мектебіміздің есігі білім әлеміне қайта ашылды. Алтын ұяларын сағынған оқушылар, үлкенінен кішісіне дейін сап түзеп, сүйікті ұстаздарымен қайта қауышты. Облыс әкімінің орынбасары Тоғжанов Марат Лұқпанұлы, облыстық Білім Басқармасының бас маманы Мейрамгүл Әскербекқызы және ата-аналар мерекелік шарамыздың құрметті қонақтары болды. Аталмыш қонақтарға оқушыларымыз кішігірім сыйлық ретінде ән айтып, өлең оқыды. Мерекелік шара "Мен өз отанымның патриотымын" атты тәрбие сағаттарымен жалғасын тапты.
Ұстаздарды, ата-аналар және оқушыларды аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы мол табыстарға, берекелі жұмыстарға толы болғай!