• "Ұстазым менің, ұстазым"
          • "Ұстазым менің, ұстазым"

          • Қазан айының басында аталатын дәстүрлі мереке - Ұстаздар күні біздің лицейімізде де тойланды. Мұғалімдер үшін бұл күн ерекше болды. Оқушылар әр ұстазын мектеп алдында қошеметпен қарсы алды. Мерекелік көңіл күй оқушылардың әзірлеген "Ұстазым менің, ұстазым" атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кеш барысында әсем ән айтылып, би биленіп, әр түрлі тақырыпта әзілдер көрсетілді. Кеш соңында лицей директоры Сәкен Шардарбекұлы мерекелік құттықтау сөзін сөйлеп, мектептің жүрегі болып табылатын көш бастап жүрген ұстаздарды алғыс хаттар және грамоталарымен марапаттады. Ұстаздарымызды тағы да мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына шығармашылық табыстар тілейміз.

        • "Қариясы бардың - қазынасы бар"
          • "Қариясы бардың - қазынасы бар"

          • Жыл сайын 1 қазанда әлем жұртшылығы Қарттар күнін атап өтеді. Бұл тамаша дәстүр қарияларымыздың қоғам өмірін дамытуға қосқан үлесін атап көрсетсе, екінші жағынан аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық болып табылады. Жасы асқан адамдарға құрмет көрсету біздің халқымызда да ежелден бар. Себебі олар еліміздің алтын қоры, патриотизмнің үлгісін көрсетушілер, ортақ іске берілген және шыдамдылық пен оптимизмді сақтаушылар. Бұл адамдар бүкіл ғұмырын еңбекке, балаларды тәрбиелеуге арнаған. Олардан эстафета қабылдаған бүгінгі ұрпақ ата-аналарының бастаған ісін жалғастыруда. Сондықтан да осындай ерен енбегі үшін қарияларға ризашылық білдіреміз.

            13 қазан күні мектебімізде "Қариясы бардың - қазынасы бар" атты ата-әжелерімізге арналған концерттік бағдарлама болды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - әз жүздерін әжім басқан әжелеріміз бен ақсақалдарымызға мерекелік көңіл күй сыйлаумен қатар оқушыларымызды қарияларды құрметтеуге баулу болып табылады. Шара барысында ән айтылып, би биленді,күй тартылды, үлкенді құрметтеу тақырыбында қойылым қойылды.  Осы күні адам болып, молшылыққа кеңелуіміз - ең алдымен осы жандардың еңбегі екені сөзсіз. Олай болса сол еңбекті ұмыт қылып, ата-әжелеріміздің бізге сіңірген еңбегін көзден таса қылуға еш жол жоқ! Өсер елдің ұрпағы ең алдымен ақсақалын сыйлап, ақылын тыңдап, батасын алады. Ал осы құндылықтан айрылған жағдайда ісімізден береке қашып, жас ұрпақ болашағына балта шапқан боламыз. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

        •  Ұстаз болу – жүректің батырлығы..
          •  Ұстаз болу – жүректің батырлығы..

          •                                                                   Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

                                                                                Ұстаз деген – анасы ол адамның.
                                                                                Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
                                                                                Сен де одан адам болып жаралдың...      

            Иә, әлемдегі сан алуан мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділік пен парасаттылықты қажет ететін мамандық – ұстаздық қызмет. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады», – дейді. Бүгін де білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шеберлері жетерлік. Соның бірі – облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының география пәні мұғалімі Сидарова Айсәуле Бекетқызы.

            Ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған әріптесім Айсәуле Бекетқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Шәкірттеріне  білім айдынында еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем беріп, ақыл-кеңесін беруде алдына жан салмайды. Өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған әрбір шәкірті Айсәуле Бекетқызымен мақтанады. Оның             қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы оқушыларына үлгі болары хақ. Шәкірттерінің жеткен жетістіктері мен алған асулары жетерлік. Оның оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық білім додаларында әрдайым биік шыңдарды бағындыруда. Атап айтатын болсам, облыстық олимпиадалардан Ә.Әділ, Н.Кулбарак, Б.Шаимбетов, Е.Сағындықов, С.Латифов, республикалық олимпиадалар мен ғылым жоба сайыстарынан М.Қайырғалиев, Д.Кульжанов, Н.Елешов, Р.Гаджиев, Т.Серікбаев, Д.Қасымов сынды шәкіртері жүлделі орындарға ие болып, ұстаз мәртебесін арттырды. Әрине, мұның бәрі тынымсыз еңбек пен төккен терінің жемісі.

            Осындай небір сындарда сыналып, ұстаздықпен шыңдалған Айсәуле Бекетқызы бүгін де республикамыздың «Үздік педагогы» атанды. Өмірлік тәжірибесі, тәлім-тағылымы көпке үлгі болған әріптесімнің бала жүрегінде қалдырған ізі мәңгілік деп санаймын.

            Еліміздің  ертеңгі  тізгінін  ұстар, Отанын  ға­лам­­дық дамудың көшінен қалдырмай өрге шы­ғарар азамат тәрбиелеу  ұстаздарға  жүктелген аса маңызды жауапты  міндет. Осы  жауапты мін­деттің ауыр жүгін қайыспай  көтере  білген  ұстаз еңбегінің еленгеніне дән ризамын. Абай атамыздың «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген дана сөзімен өз ойымды қорытындылағым келеді.

             

            Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған

                «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының

                            қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                            Қайырғалиева Жұлдыз Жұмабекқызы

        • «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы»
          • «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы»

          •                Қыркүйек айының  18-22 күндері аралығында Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай  «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» атты апталық өткізілді.  Апталық барысында қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде әртүрлі  сыныптан тыс іс-шаралар оздырылды.

                      «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы»  тақырыбында оқушылармен қазақ тілі пәні мұғалімдері тіл туралы шығармашылық жұмыс жүргізіп, үздік жұмыстар дәлізге  ілінді. Апталық соңында шығармашылықпен жұмыс жасаған 8 «А» сынып оқушысы Кабаков Диас грамотамен марапатталды.

              19 қыркүйек күні 7-сыныптар арасында қазақ тілі пәні мұғалімі М.С.Абилованың ұйымдастыруымен "Білімді мыңды жығады" сайысы өткізіліп, оқушылар       7 ата бөлімдері бойынша тапсырмалар орындап,  өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Сайыс жеңімпаздары - 7 «А» сыныбы. 

             Қазақ тілі мұғалімі М.А.Зеинешеваның ұйымдастыруымен                    8-сыныптар арасында «Сөз қазынасы» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойын барысында көнерген сөздерге, тұрақты тіркестерге байланысты тапсырмалар орындап, 8 «В» сынып оқушысы Жанаев Еренбақ жеңімпаз атанды.

             Апталық барысында  барлық сыныптарда ҚР-ның Тілдер күніне арналған сынып сағаттары оздырылды.

            20 қыркүйек күні орыс тілі пәні мұғалімдері К.Н.Сулейменова мен Ж.Мерғалидің ұйымдастыруымен «Ассорти», «Великий, могучий руский язык!» интеллектуалдық ойындар, «Фразеологический зоопарк» дидактикалык ойын,  «И мы сохраним тебя, русская речь, великое русское слово» дөңгелек үстел,  «Язык как удивительное орудие» эссе байқауы  сияқты іс-шараларды өткізіп, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін кеңейтті.

            21 қыркүйек күні ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Who wants to be a millioner", "Questons and answers" интеллектуалдық ойындар ,"I am new Trump" тақырыбында дебат  өткізілді.

            22 қыркүйек түрік тілінен "Kim 500 milyon ister" интеллектуалдық ойын өткізіліп, апталықтың жабылуына орай шағын концерттік бағдарлама әзірленді. Оқушылар төрт тілде өлең оқып, патриоттық әндерді орындады және апталыққа белсене ат салысқан оқушылар мен сыныптар Грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

        • Президент сайлауы
          • Президент сайлауы

          • Қыркүйектің 23-і күні Орал БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейі оқушылары өздерінің президенттерін сайлады. Мұндағы мақсат оқушыларды жұмыстануға, қоғамдық іс шараларға жауапкершілікпен атсалысуға, жалпы өзін-өзі басқаруға үйрету. Сайлауға мектеп оқушылары алдында беделді, оқуда озат, қоғамдық  іс-шараларға белсене қатысатын 2 оқушы өздерінің кандидатураларын ұсынып,  сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды. Кандидаттыққа түскен оқушылар: 11 сынып оқушылары  Петри Адам мен Сарсеев Алмат. Сайлауға лицей мұғалімдері мен барлық сынып оқушылары қатысып, өздерінің таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесінде Сарсеев Алмат Орал БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып сайланды.  Алматқа алдағы уақытта табыстар тілейміз.

        • Отбасы күніне арналған спорттық шара
          • Отбасы күніне арналған спорттық шара

          • 2017 жылдың қыркүйек айының 15-і күні отбасы күніне орай лицейімізде салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, үштағанның бірлігін нығайту мақсатында “Салауатты өмірді насихаттайтын саламатты ұрпақпыз” тақырыбында отбасылық жарыс өткізілді. Жарыс дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш.Қ.Даумовтың ұйымдастыруымен 4 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, “Шеңбермен жүру”, “Кедергілерден өту”, “Кубиктен өткізу”, “Арқан тарту”. Ойын қызықты да тартымды өтті. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар ұсынылды. Олар: І орын иегерлері 8 ”А” сыныбының қатысушылары Мақсотовтар отбасы, ІІ орын 7 ”А” сыныбынан Жоламановтар отбасы, ІІІ орын 9 ”В” сыныбының атынан қатысқан Мұхитовтар отбасы. Денсаулықты нығайтатын, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыра түсетін спорттық шаралар әлі де жалғасын табады.