• «Білім берудегі философиялық тұжырымдамалық ойлар негізіндегі педагогикалық жүйені басқару»
          • «Білім берудегі философиялық тұжырымдамалық ойлар негізіндегі педагогикалық жүйені басқару»

          • Білім беруді басқарудағы іс-тәжірибелерді жетілдіру, білім беру менеджментін дамыту бағытында тәжірибе алмасу мақсатында 24 қазан күні лицейімізде «Білім берудегі философиялық тұжырымдамалық ойлар негізіндегі педагогикалық жүйені басқару» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарға қала, аудан мектептерінің директорлары қатысты. Семинар үш бөлім бойынша ұйымдастырылды : «Білім беру үрдісін басқару», «Мұғалімнің кәсіби дамуы  -  білім беру жүйесін жаңартудың негізі», «Жаңашылдық – сапалы білім кепілі». Бірінші бөлімде лицей директоры А.Д.Муканов лицейіміз туралы қысқаша тоқталып, басқару үрдісі, жетістіктеріміз туралы айтып өтсе, бағдарлы оқыту ісі бойынша директордың орынбасары Б.С.Кенжеалиева  ғылыми-әдістемелік жұмыстың жүйесі, тәрбие орынбасары Г.Б.Сагитова «Мәңгілік ел» тұғырындағы тәрбие үрдісінің жүргізілуі туралы баяндады. Екінші бөлімде пән мұғалімдері А.Б.Сидарова, М.С.Абилова, А.А.Кабиева ашық сабақтар беріп, үшінші бөлімде мектеп тренері М.Ә.Зеинешева мен тарих пәні мұғалімі А.Б.Нуртазина «Білім беру жүйесіндегі мотивацияны жетілдірудің негізі – көшбасшылық» тақырыбында коучинг өткізді. Семинар соңында қатысушылар кері байланыс арқылы өз ойларын ортаға салды және аталған семинардан зор мағлұмат алғандарын  білдірді. 

        • "Мәңгілік ел тұғырындағы білім мен тәрбиенің бірізділігі" тақырыбында ата-аналар семинар өткізілді
          • "Мәңгілік ел тұғырындағы білім мен тәрбиенің бірізділігі" тақырыбында ата-аналар семинар өткізілді

          • Біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлдарымызды ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Осы стратегияға орай,  біртұтастық пен ынтымақтастықтың дамуы  мақсатында  қазан айының 22 –сі  күні 7-10 сынып оқушыларының  ата-аналарына  « Мәңгілік ел»  тұғырындағы  білім мен тәрбиенің бірізділігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар екі бөлімнен тұрды : бірінші бөлімде лицейіміздің жұмыс үрдісі баяндалса, екінші бөлімде пән мұғалімдері ата-аналармен оқушылардың оқу-үлгерімі жөнінде кеңесті және ата-аналарға кофе-брейк ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналар назарына І тоқсан бойына өткізілген АТТ (апталық тақырыптық тест), БТС (білім тексеру сынағы) және тәрбие бағыты бойынша атқарылған іс-шаралардан фото- көрме түрінде ұсынылды.

            Семинарға ата-аналар түгелге жуық қатысты және лицейдің, оқушылардың  жетістіктеріне, лицейіміздің жұмыс жүйесіне ризашылықтарын білдірді. 

        • Ата-аналармен өткізілген спорттық жарыстар
          • Ата-аналармен өткізілген спорттық жарыстар

          • Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану - деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, ата-ана мен лицей арасындағы байланысты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және лицейіміздің 10 жылдық мерейтойына орай 16 қазан күні «Арман» спорттық кешені базасында лицейіміздің ата-аналары арасында волейбол, теннис және шахматтан  жарыстар өткізілді. Волейбол ойынында 12 сынып бойынша команда құрылса, теннис, шахмат ойындарына әкелер мен аналар жекелеген ойыншы ретінде қатысты.

            Ата-аналар аталған шараға ұйымшылдықпен белсенді атсалысты және ойындар тартысты да қызықты өтті.

            Нәтижесінде волейбол ойыны бойынша:

            • 9 «б» сынып командасы - І орын
            •  11 «б» сынып командасы – ІІ орын
            • 8 «а» сынып командасы - ІІІ орын

            Теннис ойынында әкелер арасынан:

            • Жақсығалиев Рауан - І орын
            • Мурзагалиев Жасұлан – ІІ орын
            • Дегитаев Жақсыбек – ІІІ орын

            Теннис ойынында аналар  арасынан:

            • Олжатаева Камшат – І орын
            • Боранбаева Гүлжан - ІІ орын
            • Казыева Гульмира – ІІІ орын

            Шахмат ойыны бойынша :

            • Айтбаев Ғалымжан – І орын
            • Хасанов Қайрат – ІІ орын
            • Кунаев Руслан – ІІІ орын

            Жүлделі орын алған командалар мен ойыншыларға лицей директоры  А.Д. Муканов дипломдар табыс етті. Ерекше ойындарымен көзге түскен ойыншылар да алғыс хатпен марапатталды. Олар:

            • Сүндетов Жарас – «Үздік тактика ойыншысы»
            • Қуаншалиева Назымгүл – «Үздік қорғаушы»
            • Мурзагалиев Жасұлан – «Үздік ойыншы»

            Ата-аналар арасында спорттық ойындарды ұйымдастыру бір жағынан салауатты өмір салтын сақтауға үндеу болса, екінші жағынан лицей мен ата-ана арасындағы байланысты нығайта түседі, оның ішінде бала тәрбиесіне тигізер септігі мол. Ендеше осындай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. 

        • Математика - ғылымдар патшасы
          • Математика - ғылымдар патшасы

          • Білімді ұрпақ - мәңгілік ел болашағы болып табылады. Қазан айының 18 күні лицейімізде «Математика – ғылымдар патшасы» тақырыбында математика күні оздырылды. Оқушыларға логикалық сұрақтар қойып, қызықты математикалық ойындар ойнатылып, жарыс сайыстар арқылы оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бір күндікте математика мұғалімі С.Абибулла  әлемдегі геометриялық денелерге ұқсас ғимараттардан көрме ұйымдастырды. Оқу кабинеттерінің есігіне жапсырылған есептер арқылы «Кім тез есептегіш?» тақырыбында  жасырын жұмбақты шешу ойыны, 7-8 сынып оқушыларына математика пәні мұғалімі С.Ғайнолланың ұйымдастыруымен «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойыны, С.Нұрданұлы дайындаған «Сандар лабиринті» ойындары өткізілді. Сонымен қатар математикалық сандар, фигуралар бейнеленген тағамдардан жәрмеңке ұйымдастырылды.

            Жоспарға сай өткізілген біркүндік шараға оқушылар белсене қатысып, өздеріне керекті де қызықты мағлұматтарды ала білді деп ойлаймыз. 

        • Отбасының бақыты – тәрбиелі бала
          • Отбасының бақыты – тәрбиелі бала

          • Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті,  кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

            14 қазан күні лицейімізде «Отбасының бақыты – тәрбиелі бала» тақырыбында ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Салауатты да саналы ұрпақ өсіруде ата-ана мен ұстаздар бірлесіп жұмыстануды міндет ету, бала бойында адамгершілік, жан-жақтылықты қалыптастырып, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел ата-аналардың бір-бірімен танысу тренингімен басталды. Сонымен қатар ата-аналарға бейнероликтер көрсетіліп, бір-бірімен жақынырақ танысуына септігін тигізетін сергіту жаттығулары, сауалнамалар жүргізілді. «Айтарым бар» бөлімінде ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын ортаға салды.  

            Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.

             

        • Денсаулық - тазалықтан басталады
          • Денсаулық - тазалықтан басталады

          • 2016 жылдың 11 қазан күні лицейімізде «Денсаулық тазалықтан басталады» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Берікқалиев Әділет Ғаділбекұлы және орталықтың әлеуметтік педагогы Мергалиева Венера Есқарақызы қатысты.

             Оқушыларға салауатты өмірдің мағыздылығын, темекі мен алкагольдің адам денсаулығына зияндылығын ұғындыру мақсатында өткізілген кездесуде бейнероликтер, презентациялар көрсетіліп, «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқушылар ойларындағы сұрақтарын қойып, аталған кездесуден мол мағлұмат алды.

             

        • «Қазақ поэзиясының қара нары»
          • «Қазақ поэзиясының қара нары»

          • 2016 жылдың 13-қазан күні лицейімізде кітапханашы А.С.Мусинаның ұйымдастыруымен Хамит Ерғалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының қара нары»  тақырыбындағы әңгіме  өткізілді. Қазақ поэзиясының майталман эпик ақыны, көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалардың авторы Хамит Ерғалиевтің өмірімен, шығармашылығымен танысу арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу, оқушыларды ұлттық қасиетті және өз туған халқының тілі мен дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, оларды бірлікке, адалдыққа баулу, жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға, адал болуға тәрбиелеу мақсатында өткізілген әңгіме сағатына 7 сынып оқушылары қатысты.Әңгіме барысында оқушылар Хамит Ерғалиевтің өмірімен, шығармаларымен таныстырылып, ақын туралы түсірілген бейнебаянды тамашалады. Мағыналы да мазмұнды ұйымдастырылған әңгіме сағатынан оқушылар мол мағлұмат ала білді.

        • Қариясын қастерлеген- ел бақытты
          • Қариясын қастерлеген- ел бақытты

          • Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында 8 қазан күні  лицейімізде «Қариясын қастерлеген- ел бақытты»  атты ата-әжелердің қатысуымен мерекелік  шара өткізілді.

            Мерекелік шара лицей директоры А.Д.Мукановтың құттықтау сөзімен басталды. Лицей басшысы қарияларға, Отанымызға қалтқысыз адал қызмет етудің жарқын үлгісі, кейінгі ұрпаққа мақтаныш, лайықты үлгі-өнеге болып отырғандары үшін мың алғыс айта отырып, мерекелерімен құттықтады. Мерекелік шара оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Оқушылар домбырамен күмбірлетіп күй тартып, ән шырқап, флешмоб биін орындап, ата-әжелеріміздің көңілдерін бір көтеріп тастады және қарияларға гүл шоқтары табыс етілді.

            «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» демекші, шара соңында аға буын жас ұрпаққа баталарын беріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. 

        • Оқушылар арасында өткізілген шағын футболдан жарыс
          • Оқушылар арасында өткізілген шағын футболдан жарыс

          • 2016 жылдың 8 қазан күні лицейіміздің спорт алаңында оқушылар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және лицейіміздің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ойынға С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернаты, №42 «Ақниет» гимназиясы, Назарбаев зияткерлік мектебі, № 8 облыстық мектебі және Теректі ауданының Шаған ЖОББМ, жалпы 6 команда қатысты. Құрамы 5 ойыншыдан құралған командалар қызу ойын көрсетіп, нәтижесінде ҚТЛ командасы бірінші орынды, Шаған ЖОББМ командасы екінші, № 42 «Ақниет» гимназиясы командасы үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар жекелеген есепте көзге түскен Ахметов Русланға үздік шабуылшы, Адильгалиев Амальға үздік ойыншы, Жасұлан Жылыбекке  үздік қақпашы , Демеуов Алишерге  үздік ойыншы номинациялары берілді.

            Оқушылар  арасында мұндай кездесулерді ұйымдастыру мектептер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтады және спортқа деген қызығушылықты арттырады.  

        • Ата-аналар арасында өткізілген футбол жарысы
          • Ата-аналар арасында өткізілген футбол жарысы

          • 2016 жылдың 1қазан күні лицейіміздің спорт алаңында ата-аналар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, лицей үштағанның бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және лицейіміздің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ойынға 10 команда қатысты. Кездесу қорытындысында 9 «б» сынып командасы бірінші орынды, 7 «а» командасы екінші, 10 «б» сынып командасы үшінші орынды иеленді. Жүлделі орын алған үш командаға арнайы кубок және дипломдарды лицей директоры  А.Д. Муканов табыс етті. Ерекше ойындарымен көзге түскен ойыншылар да алғыс хатпен марапатталды, атап өтсек, Сүндетов Жарас үздік шабуылшы, Шыңғысов Эрнс үздік қақпашы , Султанов Нурлыбек үздік ойыншы.Осындай дәстүрлі жарыстарды ұйымдастыру, біріншіден ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату болса, екінші жағынан оқушылар мен ата-аналардың спортқа икемдігін байқау әрі шыңдау. Ата-аналардың мұндай жарысқа ат салысуы мектеп өміріне, тынысына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Жоғары дәрежеде өткен бұл жарыстың оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор.      

        • Ұстаз- ұлы тұлға
          • Ұстаз- ұлы тұлға

          • Барлық мамандықтың анасы ұстаз екенін ескерсек, айтулы күні лицейімізде ұстаздардың төл мерекесі жоғарғы деңгейде өтті. Яғни, сенбі күні  таңғы 8.00 де барлық лицей оқушылары лицей ұстаздарын  әртүрлі безендірілген құттықтау сөздермен және  қызыл кілем төсеп, қол шапалақтап құрметпен қарсы алды.Сол күні «Өзін өзі басқару» ұйымы өз жұмысын бастап кетті. Мерекелік шарада барлық ұстаздардың көңіл күйі ерекше болды. Кеш  оқушылардың ұстаздарға арналған сәлемдемелерімен басталып, ән , би және әзілмен әрленген қойылымдарымен жалғасты, әрбір ұстазға «Номинация» беріп, ұстаздардың көңілін бір марқайтып тастады.Мерекеде лицей басшысы А.Д.Муканов  өз сөзін білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына ризашылық көңілін білдіруден бастап, ұрпақ тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап келе жатқан  барша мұғалімдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады.Лицейімізде оқушылардың ұйымдастыруымен өткен  кеш жоғары деңгейде өтіп, білім беру ұясынының жүрегі мен тірегі атанып жүрген ұстаздардың мерекелік көңіл-күйін асқақтатып жіберді.

        • Moral gecesi
          • Moral gecesi

          • Қыркүйек айының 30 күні лицейіміздің 8В сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Moral gecesi» өткізілді. Оқушылардың бойындағы өнерге деген қызығушылығын арттыру, қабілеттерін ашу, өзара бірлігін, ынтымағын нығайту, ортада өздерін еркін, мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараны лицей ұстаздары, тәрбиешілері, оқушылары тамашалады. Әсем ән, заманауи би, әр түрлі тақырыпқа сай қойылымдар қойып, өз өнерлерін ортаға салған 8 В сынып оқушыларына көрермендер риза болды. Білім мен тәрбиені қатар алып, өнерлерін ұштай білген шәкірттерге алдағы уақытта биіктен көріне берулеріне тілектеспіз.

        • Лицей  президенті мен парламент мүшелерін сайлау
          • Лицей президенті мен парламент мүшелерін сайлау

          • Қыркүйек айының 28 күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының бағдарламасы негізінде, сапалы білім, саналы тәрбиені, жастар ұйымының белсенділігін, құқын, міндетін, жауапкершілігін  арттыру мақсатында  «Өзін өзі басқару» ұйымы президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға үш үміткер қатысып,  нәтижесінде  223  дауыстың 83 дауысы 11-сынып оқушысы Өтешқалиев Әкежанға беріліп, жоғары ұпай жинады.Осы айдың 30 күні  «Өзін-өзі басқару» ұйымы президентінің ант беру және «Өзін-өзі баасқару» ұйымының парламентін тағайындау рәсімі өткізілді. Шара барысында ұйымның президенті Өтешқалиев Әкежан мұғалімдер мен оқушылар алдында салтанатты түрде ант қабылдады. Лицей директоры А.Д.Муканов салауатты, адами құндылықтары бойында қалыптасқан еркін ұйымды құттықтап, төсбелгі тақты.Алдағы уақытта ұжым лицей  президенті мен парламент мүшелері жоспарлы жұмыстанады деп сенім білдірді.