Қыркүйек айының 19-23 күндері аралығында лицейімізде Қазақстан республикасының тілдер күніне орай «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты апталық өткізілді. Апталық барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әртүрлі сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.Лицей кітапханашылары "Тіл-ұлттың жаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Мемлекеттік тіл –менің тілім» тақырыбында оқушылармен қазақ тілі пәні мұғалімдері тіл туралы шығармашылық жұмыс жүргізіп, үздік жұмыстар дәлізге ілінді. Ағылшын тілінен пән мұғалімі Н.Қалижановтың ұйымдастыруымен 8-сыныптар арасында «Білгірлер сайысы» өткізіліп, оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.Апталық барысында барлық сыныптарда ҚР-ның Тілдер күніне арналған сынып сағаттары оздырылды.22 қыркүйек күні 9-сыныптар қаламызда ашылған «Қадыр орталығына» саяхат жасап, Қадыр ағамыздың мұражайында, орталықтағы кітапханада болды. Қадыр Мырза Әлі жайында бейнебаян көріп, көрмені тамашалады.23 қыркүйекте қазақ тілі пәні мұғалімдері М.А.Зеинешева мен М.С.Абилованың ұйымдастыруымен «Ұмытылмас ұлы тұлғалар» тақырыбында 7-8-сыныптар арасында танымдық шара өткізілді. Шара барысында оқушылар өздері дайындаған қабырға газеттерін таныстырып, ақындардың шығармаларын жатқа оқып, шығармалар бойынша қойылымдар қойды.Осы күні апталықтың жабылуына «Ұлттық тағам-ұлт мәдениеті» тақырыбында қазақ, орыс, түрік ұлтының ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушыларға ұлттық тағамдардың жасалу жолдары мен ерекшеліктері түсіндірілді. Апталық соңында өткізілген шараларға белсене қатысқан сыныптар мен жеке оқушылар Алғыс хатпен, Грамоталармен марапатталды.



