• Мектептер арасында өткізілген "ЫНТЫМАҚ" волейбол ойыны
          • Мектептер арасында өткізілген "ЫНТЫМАҚ" волейбол ойыны

          • Қаңтар айының 29 күні Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешені базасында  аталған мектеп пен лицейіміздің ата-аналары арасында волейболдан «ЫНТЫМАҚ» атты  жарыс өткізілді. Салауатты өмір - салтын сақтауды насихаттау, лицейлер арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға 4 команда қатысты. Олар: 2 ҚТЛ құрама командалары, 11 мектеп ата-аналарының құрама командасы және ҚТЛ ардагерлер командасы.  Ойын тартысты да қызықты өтті. Нәтижесінде ҚТЛ құрама команда 1 – «Бас жүлде», ҚТЛ ардагерлер командасы – І орын, 11 мектеп құрама командасы – ІІ орын, ҚТЛ құрама команда 2 – ІІІ орынды иеленді. Командалар арнайы дипломдармен марапатталды. Мектептер арасындағы байланысты нығайтатын «Достық» кездесулер тағы да ұйымдастырылатын болады.

          • 7-10 сынып ата-аналары арасында волейбол ойыны өткізілді

          • Қаңтар айының 28 күні 7-10 сынып ата-аналары арасында волейбол жарысы өткізілді. Салауатты өмір - салтын сақтауды насихаттау, лицей мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға 4 команда қатысты. Ойын тартысты да қызықты өтті. Нәтижесінде 9 сынып ата-аналары – «Бас жүлде», 7 сынып командасы – І орын, 8 сынып командасы – ІІ орын, 10 сынып ата-аналары – ІІІ орынды иеленді. Командалар арнайы дипломдармен марапатталды.  Лицей ұжымы мен ата-аналарды жақындастырып, үнемі байланыстырып отыратын осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. 

        • IX Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі
          • IX Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

          • 2017 жылдың  27 қаңтар күні лицейіміздің базасында IX республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Білім мен өнер додасына 12 аудан және 4 облыстық мектептер және қалалық кезеңнен өткен қала мектебінің оқушылары, барлығы 130 оқушы қатысты. Жыл сайын  «Дарын» қосымша білім беру орталығы мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастыратын қазақ тілі олимпиадасының мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту, оқушылардың ана тіліне, қазақ әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Олимпиада бес  номинация бойынша өткізілді:  «Тілші - әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар» және «Жазушылар» бағыты. Болашақ тілшілер мен әдебиетшілер тест сұрақтары арқылы білімдерін сынап, кішкентай бұлбұлдар ән салды, сөз шеберлері мәнерлеп көркемсөз, монолог оқыды, жас ғалымдар өздерінің жоба жұмыстарын қорғады. Аталған олимпиадаға лицейіміздің 9-11 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерімен биіктерден көрініп, жүлделі орындарды иеленді. Олар:

            1. Петри Адам – «Жас ғалымдар» бағыты, І орын
            2. Нұралы Айберген - «Тілші- әдебиетшілер» бағыты, ІІ орын
            3. Оздемир Осман - «Жазушылар» бағыты, ІІ орын
            4. Махамбетов Қасым - «Жазушылар» бағыты, ІІІ орын
            5. Джумагалиев Мұстафа - «Әнші бұлбұлдар» бағыты, ІІ орын
            6. Мамбеталиев Нариман - «Жазушылар» бағыты, Алғыс хат
            7. Ғазымжан Бектас - «Тілші - әдебиетшілер» бағыты, Алғыс хат                

                      Білім мен өнер додасына жоғары оқу орындарының оқытушылары мен облысымыздағы тәжірибелі мұғалімдер қазылық етті. Облыстық кезеңнен оза шауып бәйге алғандар  республикалық додаға аттанатын болады.

        • Ұстаз еңбегі еленді
          • Ұстаз еңбегі еленді

          • Қаңтар айының 23-і күні лицейіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагитова Гульфайруз Болатқызы Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Е.Сағадиевтің Құрмет грамотасымен марапатталды.

        • «Оқыту жүйесіндегі жаңа көзқарастардың жарқын көрінісі»
          • «Оқыту жүйесіндегі жаңа көзқарастардың жарқын көрінісі»

          • Қаңтар айының 20-сы күні лицейімізде «Оқыту жүйесіндегі жаңа көзқарастардың жарқын көрінісі» тақырыбында аудан, қала мектептерінің  директорларына арналған семинар өткізілді. Аталған семинарға 30 қатысушы келіп, бағдарлама бойынша өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларға қатысты. «Заманауи мектептің мақсаты мен міндеттері» тақырыбында  лицейіміздің директоры С.Ш.Талдахметов мектеп тынысы, оның ішінде оқушылардың жетістіктері туралы айтып өтсе, оқушылар білім көрмесін ұйымдастырды. Семинар барысында үш тілде ашық сабақтар, «Жан- жақты үйлесімді дамыған тұлға моделін айқындау» тақырыбында коучинг өткізілді және лицей психологі З.Қ.Идрисова «Оқушылардың зияткерлік коэффициентін анықтау жолдары» тақырыбында мониторинг жасады.Жалпы семинар жоғары деңгейде өтті және қатысушыларға жақсы әсерлер қалдырды.

             

        • Облыстық пән олимпиадасы жүлдегерлері
          • Облыстық пән олимпиадасы жүлдегерлері

          •         2017 жылдың 5-6 қаңтар күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша облыстық білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден облыстық олимпиада өтті. Аталған олимпиада Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті базасында өткізілді. Олимпиада нәтижесі бойынша лицей қанжығасына 41 жүлде ілінсе, оның  ішінде 18 оқушы - І орын,15 оқушы- ІІ орын,8 оқушы- ІІІ орын алды.

                    Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, алда өтетін республикалық кезеңге сәттілік тілейміз.