• Lesson Study зерттеу сабағы
          • Lesson Study зерттеу сабағы

          • Лицейімізде  Лессон Стади үдерісінің бірнеше сабақтары өтілу үстінде. Бұл сабақтардың мақсаты пәнді зерттеуде мұғалімдерге өздерінің ұғымдары мен түсініктерін тексертуге ынталандыру, мұғалімдер арасында диалогты туындату, әріптестік және кәсіби даму мәдениетін дамытып, мұғалімдердің назарын оқушылар қажеттілігіне аударту. Зерттеу сабағын 10- сынып оқушыларымен қазақ тілі  пәнінен күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сәйкес наурыздың 16-шы жұлдызында «Ресми іс-қағаздар стилі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Г.Б.Сагитова  өткізді. Зерттеу сабағы болған соң, зерттеуші тобының мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау деп белгіленіп, бірлесіп отырып жоспар құрылды. Сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, оқытуды бағалау және оқуды бағалау модульдері кіріктірілді. Бейнетаспа ресурсы арқылы сын тұрғысынан ойландыратын сұрақтар қою бағытында  берілген детальдар бойынша жалғастырылды. Жалпы сынып оқушылары өз ойларын еркін жеткізіп, жұптық жұмыс барысында  диалогтік оқыту тәсілін тиімді көрсете білді.Қорыта айтқанда, Lesson Study -мектебіміздің мектеп мәдениеті мен мұғалімдер арасында «Кәсіби ортаның» қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне өз тәжірибемізден көз жеткізе бастадық.Біздің бұл жобамыз әлі де жалғасын табады.

             

        • «Табысты мектеп-мейірімді ата-ана-саналы оқушы» ата-аналар семинары
          • «Табысты мектеп-мейірімді ата-ана-саналы оқушы» ата-аналар семинары

          • Лицейімізде наурыз айының 12-сі күні «Табысты мектеп-мейірімді ата-саналы оқушы» тақырыбында  7-10 сынып ата-аналарына  семинар өтті. Семинардың мақсаты  оқушылардың ІІІ тоқсан бойынша үлгерімдері мен тәртіптеріне сараптама жасау және лицей-ата-ана-оқушы үшбірлігі біртұтастығының дамуы болды. Семинар ІІ бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Хамза «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қ.Р-ның заңына түсінік берді және бағдарлы оқыту ісінің орынбасары Б.К.Рысбеков 2015-2016 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері туралы  айтып өтті. Семинардың екінші бөлімінде ата-аналар пән мұғалімдерімен баласының тәртібі, оқу үлгерімі жөнінде сөйлесіп, пікірлесті  және ата-аналарға кофе-брейк ұйымдастырылды.Жылдағы дәстүрмен  оқу жылы бойына ұйымдастырылып тұратын, ата-аналармен байланысты нығайтатын семинарлар әлі де жалғасын таппақ....

        • «Сыйынар ем ана деген тәңірге»
          • «Сыйынар ем ана деген тәңірге»

          • Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен қатар келетін аяулы аналарымыз бен қызғалдақтай қыздарымыздың төл мерекесі «8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне» орай  лицейімізде жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Оқушыларға 8 наурыз мерекесі туралы түсінік беру, жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, анаға деген бала махаббатын ояту мақсатында әрбір сыныпта «Аяулы анашым» тақырыбында тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс шаралар өткізіліп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Дәліздерге тақырыпқа сай қабырға газеттері ілінді және ұжымдағы барлық мереке иелеріне оқушылар дайындаған ашық хаттар таратылды.  Дәстүрге сай лицейімізде аналар мерекесі жоғары деңгейде өтті. 

        • Оқушылардың VIII жазғы спартакиадасы
          • Оқушылардың VIII жазғы спартакиадасы

          • Наурыз айының 1-4 күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп және колледж оқушыларының VIII жазғы спартакиадасы өткізілген болатын. Аталған спартакиадаға Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты мен Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ - түрік мамандандырылған мектеп - лицей – интернаты оқушылары 1 команда құрамында қатысып, командалық есепте 2 орынды иеленді. Сонымен қатар жекелеген есепте тоғызқұмалақтан 2-ші тақта бойынша лицейіміздің 9В сынып оқушысы Бекжан Альберт ІІІ орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

        • Дабыл-оқу жаттығулары
          • Дабыл-оқу жаттығулары

          • 1- Наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай лицейімізде дабыл-оқу жаттығулары өткізілді. Аталған жиынның мақсаты оқушыларға төтенше жағдай орын алған кезде өз-өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде мәліметтер беру, психологиялық хал-ахуалды дұрыс қалыптастыру болды. Лицейде «Қауіпсіздік дабылы» қағылғаннан кейін оқу ғимаратындағы барлық сынып оқушылары мен мұғалімдері сыртқа шығарылып, шұғыл әрекет ету дайындығы тексерілді. Алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Б.Нығметов оқушыларға газ тұмылдырығы мен әскери жалпы қорғаныс киім үлгілерін таныстырып, қолданылу тәсілдерін айтып өтті. Оқушылар, әсіресе төменгі сынып оқушылары жиыннан мол мағлұмат ала білді. 

        • Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары
          • Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары

          • Еліміздің білім беру саласында назар аударарлық өнегелі істер, тәжірибелер баршылық. Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен 2016 жылдың ақпан айының 16-19 аралығында Алматы қаласы «Алатау» шипажайының базасында оқушылардың республикалық ғылыми жобалар сайысы оздырылды. Өткізілген ғылыми жобалар конкурсына республиканың барлық аймақтарынан 700 аса оқушы қатысып, 596 жуық жоба ұсынылып, қорғалды. Бұл сайысқа біздің облысымыздың да оқушылары  қатысып, бақ сынаған болатын. Жалпы облыс бойынша 24 оқушы 18 жоба қорғаса, оның ішінде лицейімізден 8 оқушы 4 жоба ұсынды.Ғылыми сайыс төрт бағыт бойынша оздырылды. Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу, ғылыми техникалық прогресс экономикалық өсудің негізі, Таза табиғи орта Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі, Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары бойынша жүргізілді.Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша «экономика» секциясы бойынша  облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Ерсаев Азат пен Гаджиев Рустам ІІІ орын, Касымов Даурен мен Серикбаев Темирлан ІІ орын, информатика секциясы бойынша Бердалиев Сырым мен Қабдығалиев Бағжан ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар оқушылармен бірге жетекші мұғалімдер де марапатталып, лицейіміздің география пәні мұғалімі А.Б.Сидароваға сертификат берілді.Ғылымға қанат қаққан оқушыларымыз ата-аналары мен ұстаздарының еңбектерін ақтап, мектебінің мәртебесін көтерді.

        • «Табысты мектеп- мейірімді ата-ана -саналы ұл» тақырыбындағы коучинг-семинар
          • «Табысты мектеп- мейірімді ата-ана -саналы ұл» тақырыбындағы коучинг-семинар

          • Ақпанның 26 күні лицейімізде алғыс айту мерекесіне орай 7-сынып ата-аналарымен «Табысты мектеп- мейірімді ата-ана -саналы ұл» тақырыбында коучинг-семинар ұйымдастырылды. Коучинг-семинардың негізгі мақсаты мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, балаға деген ата-ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші- мұғалім ретінде қараудағы қызығушылықтарын дамыту, түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба білуге көмектесу және үшбірлік жүйесіндегі кіріктірілген тәрбие үрдісін дамыту. Коучинг-семинар  еркін, ашық түрде және  кофе - брейк бағытында ұйымдастырылды. Семинардың бірінші бөлімінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                              Г.Б Сагитова  « Шаттық шеңбері» деп аталатын ата-аналарға тренинг жүргізді. Содан кейін ата-аналарды үш топқа бөлу арқылы  жалпы жұмыстар жөнінде түсінік берілді,  сұрақтар арқылы үрдіс жүргізілді. Ситуациялық сұрақтармен ата ананың алға ұмтылған өзгермелі қоғамда заманауи талаптарға лайықты ұл тәрбиесіндегі жағдаяттарды шешу туралы пікірлері тыңдалды. «Оқушы үні» деп аталатын екінші  бөлімде директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары  Б.С Кенжеалиеваның ұйымдастыруымен  ата- аналар өзінің ұлының қолдан шыққан туындысын, пән дәптері арқылы  жазуын және күйтабақ арқылы өз ұлының дауысын тапты. Коучинг соңында ата-аналарға кофе – брейк ұйымдастырылды.Жалпы коучинг-семинар  жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар осындай бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын қалдырды. 

        • «Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы сабақтарында заманауи оқыту технологияларын қолдану арқылы ҰБТ-ге дайындық барысын жетілдіру» тақырыбындағы семинар – диссеминация
          • «Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы сабақтарында заманауи оқыту технологияларын қолдану арқылы ҰБТ-ге дайындық барысын жетілдіру» тақырыбындағы семинар – диссеминация

          • Наурыз айының 4-і күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен лицейіміздің базасында «Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы сабақтарында заманауи оқыту технологияларын қолдану арқылы ҰБТ-ге дайындық барысын жетілдіру» тақырыбында семинар – диссеминация өткізілді. ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын сапалы ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, жаңа технологиялар арқылы білім беруді насихаттау, оқытудың тиімділігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарға 30 аудан, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты. Облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің тарих және қоғамдық пәндер әдіскері Д.Ж.Шакаева қатысушыларға ұйымдастырылған семинардың мақсаты мен жоспарын таныстырып өтті. Семинар барысында ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сыныптары өткізіліп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты. Лицейіміздің тарих пәні мұғалімдері А.А.Кабиева мен А.Б.Нұртазина  «Қазақстандағы экологиялық мәселелер», «Азамат соғысы жылдарындағы АҚШ» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, семинардың өткізілуіне  өз үлестерін қосты.  Семинар барысында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылды. Аталған семинардан мұғалімдер жаңашылдық, тиімді әдіс- тәсілдерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

        • Оқушылардың VIII жазғы спартакиадасы
          • Оқушылардың VIII жазғы спартакиадасы

          • Наурыз айының 1-4 күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп және колледж оқушыларының VIII жазғы спартакиадасы өткізілген болатын. Аталған спартакиадаға Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты мен Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ - түрік мамандандырылған мектеп - лицей – интернаты оқушылары 1 команда құрамында қатысып, командалық есепте 2 орынды иеленді. Сонымен қатар жекелеген есепте тоғызқұмалақтан 2-ші тақта бойынша лицейіміздің 9В сынып оқушысы Бекжан Альберт ІІІ орынды иеленді.Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!