• «Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді

          • 2018 жылдың 6-ақпанында лицей кітапханасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік аясында «Бөбек» қайырымдылық  қорының негізін қалаушы, «SOS - Қазақстанның балалар ауылдары» бірлескен қорының төрайымы,  адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша білім жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайырымдылық істері туралы мағлұматтар; оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру; қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып, рухани адамгершілік қағидаларын дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.

            Көрмені тамашалауға келген 8 сынып оқушыларына Сара Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолына, оның ішінде қайырымдылық қызметіне қысқаша шолу жасап, оның авторлығымен жарық көрген еңбектерге сипаттама берілді.  

            Көрмеге Сара Алпысқызының портреті, сөздері, сондай-ақ ол туралы әр жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар мен «Бөбек» қайырымдылық қорының акцияларында балалармен кездесу сәті бейнеленген суреттер қойылды.