• Футболдан «Былғары доп» балалар- жасөспірімдер турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары
          • Футболдан «Былғары доп» балалар- жасөспірімдер турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары

          • 2017 жылдың 26 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен футболдан «Былғары доп» балалар- жасөспірімдер турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Аталған турнирде оқушыларымыз шебер ойын көрсетіп, лицейіміздің құрамасы жүлделі І орынды иеленді. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш.Даумов «Үздік жаттықтырушы», Өтешқали Алишер «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

            Әріптесіміз бен оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. 

        • "Білім-инновация" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы
          • "Білім-инновация" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы

          • 2017 жылдың 27-28 қаңтар  аралығында  БҚО білім басқармасы мен  «Дарын» қосымша білім орталығы және Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұйымдастыруымен  «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткен болатын. Аталған олимпиададан облыс бойынша  9 оқушы, соның ішінде лицейімізден 10 сынып оқушысы Петри Адам республикалық олимпиадаға  жолдама алып, сәуірдің 20-22 күндері Алматы қаласында республикалық кезеңде бақ сынады.  

                        Олимпиада нәтижесі бойынша 4 оқушы жүлделі орыннан көріне білді. Олар:

            1. Ерғалиқызы Дана - І орын, жетекшісі Г.Ү.Тасқарина, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі;
            2. Петри Адам  - ІІ орын, жетекшісі Абилова М.С, Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп- лицей-интернаты;
            3. Серазетдинова Альбина - ІІІ орын, жетекшісі Қ.З.Ильясова, Ақжайық ауданы, Краснояр ЖОББМ;
            4. Гайсина Райгуль - ІІІ орын,  жетекшісі   А.М.Қарасаева , Казталов ауданы. Ғ.Молдашев ат.ЖОББМ;

            Аталған оқушыларды және мектеп ұстаздарын жеңіcтерімен құттықтаймыз.

        • «Білім және денсаулық» көрмесі
          • «Білім және денсаулық» көрмесі

          • Сәуірдің  19-ы күні Облыстық білім басқармасының қолдауымен қазақ драма театрында «Білім және денсаулық» көрмесі өткізілді. Көрменің негізгі мақсаты – заманауи және  инновациялық технологиялардың оқыту саласындағы жетістіктерін көрсету, оқушыларға алған білімдерін іс жүзінде қолдануға ықпалды көмек көрсету, қазақстандықтар арасында өз денсаулығына салиқалы жауаптылықты және зиянды әдеттен бас тартуды, «ЭКСПО 2017» көрмесіне жас дарындардың өз үлесін қосуға ықпал ету, салауатты өмір салтының мәдениетін насихаттау мен қалыптастыру болып табылады. «Білім және денсаулық» заманауи тәжірибеге негізделген көрме бүгінге дейін үшінші рет өткізілді. «Білім және денсаулық» көрмесінің шымылдығы Халықаралық «Феерия», Республикалық «Звездопад», «Дала дарыны», «Ақ көгершін» байқауларының  Гран при иегері, дарынды балаларға арналған  мамандандырылған  №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық  мектеп-интернат кешенінің «Атамұра» үлгілі халық аспаптар оркестрінің орындауындағы  Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашылып, келген  қонақтар  өз лебіздерін білдірді. Аталған шараға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПКБАИ директоры С.Измуханбетова келіп, оқушыларымыздың осындай іс-тәжірбиелерімен бөлісуі басқа білім ошақтарына үлгі екенін, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары З.Б.Гумарова бұл көрменің қаншалықты маңызы жоғары екенін баса айтып өтті.

            Сонымен бірге, салтанатты жиында ата-аналар комитетінің төрағасы Н. Қуаншалиева ұлдарымыздың осындай тәрбие мен білімі ұштасқан тұлға болып қалыптасуына лицей білім ошағының еңбегі зор екенін айта келіп, оқушыларымызға сәттілік тіледі.  Құттықтау лебіздерден кейін, келген қонақтар көрмені аралады.

            Білім көрмесінде оқушылар  математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, тарих пәндері бойынша жасаған тәжірибелерін паш етті, сонымен қоса шылым шегу, алкогольді ішімдіктер, нашақорлық, интернет, уақытты тиімсіз пайдалану, семіздік, улы заттарға әуестіктің денсаулыққа зиянды екендігін насихаттауға арналған  60-тан астам стендтер құрылды.

             Бұл көрмеге Облыс әкімінің орынбасары М.Тоғжанов, Облыстық білім басқармасының басшысы А.Ә.Мыңбаева, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Ш.М.Кадырова және ұжымы, Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының директоры Ш.Р.Шоңыраев, мектеп директорлары, педагогикалық колледждің студенттері және тағы да басқа қонақтар қатысып, ризашылықтарын білдірді.

            Қала мектептерінен көрмені тамашалауға 3000-дай оқушы қатысып, тамашалады. Көрмеге «Қазақстан-Орал»телеканалының журналистері, газет-журнал тілшілері қатысты.

        • «Ұлы Тарихты тоғыстырған - Әз-Наурыз»
          • «Ұлы Тарихты тоғыстырған - Әз-Наурыз»

          • Сәуірдің 16 күні лицейімізде ата-аналар мен оқушылардың,тәрбиешілер мен ұстаздардың қатысуымен үшбірліктің ынтымақтастығын нығайту және салт- дәстүрімізді, тілімізді құрметтеу, ата бабамыз салып кеткен сара жол - ұлы тарих сахнасын қадірлеу, дәріптеу  мақсатында «Ұлы Тарихты тоғыстырған - Әз-Наурыз» атты мерекелік шара оздырылды.

            Шара сыныптар арасында жарыс түрінде оздырылды. Атап айтар болсақ, 8 «в» сыныбы  М.Шахановтың «Отырардың күйреуі» поэмасы бойынша,  9 «с» сыныбы  Ш.Мұртазаның  «Бесеудің хаты» пьесасы бойынша,  8 «а» сыныбы М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы, 7 «а» сыныбы «Кенесары Наурызбай» Нысанбай жырауы бойынша, 10 «в» сыныбы Ғ.Мүсірепов «Амангелді» пьесасы  бойынша,  10 «в» сыныбы М.Шахановтың  Махамбет «Нарынқұм зауалы» поэмасы, 9 «а» сыныбы Елбасы туралы насихаттаса, 9 «в» сыныбы «Шығыстың қос жұлдызы»  туралы , 7 «в» сыныбы «Ызғарлы желтоқсан» 1986 жылғы оқиғаға байланысты  әр сынып көріністер  қойды. Қойылған көріністер жоғары деңгейде өтті. Жарыстарды бағалауда арнайы әділқазылар сайланды. Олар: Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы С.И.Темірғалиева, Форт - Шевченконың директоры М.Б.Ташымбетов, Дарынды балаларға арналған  мамандандырылған  №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық  мектеп-интернат кешені директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ш. Бошенов, «Достық» білім беру орталығының директоры Б.Т.Сәрсен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Хамза.

            Әділқазылардың бағалауы бойынша бас жүлдені «Шығыстың қос жұлдызы»      9 «в» сыныбы иеленіп, бас жүлдеге қой аталды. I орынды  «Кенесары Наурызбай» Нысанбай жырауды  қойған 7 «а» сыныбы иеленді. II орынды  «Ызғарлы желтоқсан» 1986 жылғы оқиға байланысты 7 «в» сыныбы, III орынды М.Шахановтың  Махамбет «Нарынқұм зауалы» поэмасын қойған 10 «в» сыныбы  иеленді. Қалған сыныптар алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар қойылымдардан кейін салауатты өмірді қалыптастыру бағытында ұлттық ойындар жүргізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

            «Гир көтеру», «Арқан тарту», «Күш сынасу» сияқты ұлттық ойындар ата аналар мен оқушылар арасында қызу өткізілді.

             Барлық сыныптар киіз үй құрып, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, ұлттық киім киіп, алтыбақан құрылып, лицей ауласын қазақы ауылға айналдырып, сәнін келтірді.

            Тарихпен тоғыстыра отырып, ата аналардың қойылым қоюы – оқушылардың бойына өз тарихы мен дінін, салты мен тілін құрметтеуді дәріптейтіні анық.

        • Мектепішілік сенбілік
          • Мектепішілік сенбілік

          • 2017 жылдың cәуірдің 8-і күні лицейімізде сенбілік болып өтті. Аталған шараны ұйымдастырудың мақсаты лицей тазалығын сақтай отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Жоспар бойынша әр сыныпқа жұмыс орындары белгіленіп, жауапты мұғалімдермен бірлесе іс атқару тапсырылды. Сенбілік барысында  ағаш сынықтары мен қағаздар жиналып, олар арнайы орынға төгілді. Әрбір сынып оқушылары мен мұғалімдері айтулы шарада жауапкершілік, белсенділік танытып, лицей тазалығына бей-жай қарамайтындықтарын дәлелдеді.