• "ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

          • «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жас ұрпақтың қазақ тіліне, тарихына, салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттырумен қатар, облысымыздың дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 23-24 ақпан күндері аралығында БҚО Білім басқармасы мен «Дарын» қосымша білім орталығының қолдауымен Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі оздырылды. Байқауға облыс бойынша 11 ауданнан 84 оқушы, облыстан 20 оқушы, қаладан 14 оқушы, Назарбаев зияткерлік мектебінен 8 оқушы қатысты. Барлық қатысқан оқушы саны – 126.

            «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы облысымызда оныншы рет өтіп, ана тіліміздің мерейін өсіріп, мәуелі бағын кеңейтетін талантты шәкірттерге жол ашуда. Дарынды шәкіртке қолдау көрсету жолындағы өткізілген шара 5 бағыттан тұрады: «Тілші-әдебиетшілер» бағыты, «Жазушылар» бағыты, «Жас ғалымдар» бағыты, «Әнші-бұлбұлдар» бағыты, «Сөз шеберлері» бағыты. Бағыттар бойынша әр ауданнан 1 қазақ және 1 өзге ұлт өкілі қатысып және белгілі бағалау критерийлері бойынша жеке-жеке бағаланған болатын. 24 ақпан күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында аталмыш сайыстың салтанатты жабылу рәсімінде байқаудан орын алған оқушылар марапатталды. Салтанатты концерт №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернат кешенінің домбырашылар ансамблінің орындауында Құрманғазының «Адай» күйімен ашылды. Сонымен қатар, «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша 1 орын алған қазақ және өзге ұлт оқушылары өз әндерін халық алдында шырқады. Оған қоса, «Сөз шеберлері» бағытынан 1 орынға ие болған қазақ және орыс тобының оқушылары өз өлеңдерін оқыды. Аталған олимпиадада лицейіміздің оқушылары да жақсы нәтиже көрсетті, атап айтсақ «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Петри Адам І орын, «Жас ғалым» бағыты Абутолыбов Абдолла І орын, Аманкелді Ермахан ІІІ орын, «Тілші әдебиетшілер» Маханбетов Қасым ІІІ орын, «Жазушылар» бағытынан Мамбеталиев Нариман Алғыс хат, «Әнші бұлбұлдар» Джумагалиев Мұстафа Алғыс хатқа ие болды.

            Сайыстың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, оларға Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! Тіліміздің мәртебесі күннен күнге өсіп, тіл жанашырларының саны арта берсін!