• Театр – өнер ордасы
          • Театр – өнер ордасы

          •  

             

             

             

             

             

            Мамыр айының 4-күні лицей оқушылары мен ұстаздары Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына барып, «Қасық қаным қалғанша» қойылымын тамашалады. Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған қойылымда Ұлы Отан соғысы басталған сәттен бастап, он ай бойы Брест қамалындағы дұшпанның қатарын сиретумен болған қаһарман жайлы баяндалды. Қамалдағы гарнизонның тізіміне де кіріп үлгермей жатып, күші әлдеқайда басым жау күшімен шайқасқа түскен, жалғыз өзі қалғанда да күресін тоқтатпаған жауынгердің ерлігі – батырлықтың хас үлгісі. Аталған қойылымды тамашалау арқылы оқушыларымызға патриоттық тәрбие бере отырып, аталарымыздың ерен еңбегін ұмытпауға, бағалауға, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, құрметтеуге тәрбиелеу болды. Аталған шараға 200 оқушы және 18 мұғалім қатысты.

            Тарихи тағылымы терең, оқушылар бойына бірлік, татулық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, эстетикалық тәрбиеге бағыттайтын осындай игі шаралар алдағы уақытта әлі де жалғасын таппақ. 

        • Жарқын білім мен ұлттық тәрбиеге - 10 жыл
          • Жарқын білім мен ұлттық тәрбиеге - 10 жыл

          • Мамыр айының 6-ы  күні  қазақ драма театрында лицейіміздің тарихына шолу жасау, сүйіспеншілік пен ізгілікті арттыру  мақсатында «Жарқын білім мен ұлттық тәрбиеге - 10 жыл» тақырыбында   білім ошағымыздың 10 жылдық мерейтойы ұйымдастырылып  өткізілді. Бұл мерейтойға мектеп ұжымымен қатар, білім басқармасының өкілдері, түлектер мен түлектердің ата аналары және  қонақтар қатысты.

            Алдымен сахнаға 7-сынып оқушысы ұлттық киім киген Сейтешов Бекзат ағаш атпен шауып шығып, лицейіміздің 10 жылда жеткен жетістіктері туралы  жар салып, ұлттық әуен ойнатылып, ақ кимешек киген әжелеріміз шашу шашып, ел-жұртты бір  серпілтіп тастады. Бұл көріністің жалғасы  халықтық  «Ақжайық» ансамблінің биімен өрнектелді.

            Шара барысында лицей директоры С.Ш.Талдахметов ұжымды ме­рейтойларымен құттықтаса, бі­лім бас­қармасы басшысының орынбасары З.Б.Гумарова : «Жаңа заманға аяқ басқан  еліміздің  білімді , өз елін сүйетін жас буын облыстық,  республикалық,  халықаралық олимпиадаларда креативті, белсенді түрде күш-жігер жұмсап, өз білімін дәлелдеуде. Білім бәйгесіндегі талпыныс пен жетістіктеріңіздің сенімді серігі – біліміңіз, әрқашан да биік шыңнан көрінсін!»  деген жүрекжарды тілегін жолдай отырып, облыстық білім басқармасының атынан лицей басшысына алғыс хат табыстады.

            Мерекелік шашу әрі қарай оқушылардың өнерлерімен жалғасын тапты. Арнайы келген лицей қонақтары мен ата аналар, түлектер  өздерінің жүрекжарды  тілектерін жолдады.

             Сонымен қатар 10 жылдан бері лицейімізде табанды еңбек етіп келе жатқан лицей ұстаздары мен лицей қызметкерлері «Катев» қоғамдық қоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Екі сағатқа созылған мерекелік шараның жалғасы фуршетпен аяқталды.

            Мерекенің екінші күні әр түрлі спорттық ойындар мен  табиғатқа саяхатқа шығумен жалғасын тапты.

            Екі күнге ұйымдастырылған мерекелік шара қонақтар мен  түлектердің көңілінен шығып, өз алғыстарын білдірді.

        • Республикалық олимпиада жеңімпаздары
          • Республикалық олимпиада жеңімпаздары

          •          2017 жылдың 10-20 наурыз күндері аралығында Павлодар қаласында жаратылыстану бағыты бойынша, 20-31 наурыз күндері Ақтау қаласында гуманитарлық пәндер бағыты бойынша оқушылар арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады. Аталған білім жарысында лицейімізден 26 оқушы бақ сынады. Oлимпиада қорытындысы бойынша Орал қазақ-түрік лицейі 1 алтын, 4 күміс, 8 қола медальға ие болды. Олар:

            Оқушының аты-жөні

            Сыныбы

            Орны

            Жетекшісі

            1

            Сағындықов Ернар

            9

            І

            Сидарова А.Б.

            2

            Ибатуллиев Асыланбек

            9

            ІІ

            Серікұлы Н.

            3

            Елешов Нұрберген

            11

            ІІ

            Сидарова А.Б.

            4

            Жасұлан Жылыбек

            11

            ІІ

            Нұртазина А.Б.

            5

            Мұратов Есбол

            10

            ІІ

            Кабиева А.А.

            6

            Шкода Виктор

            9

            ІІІ

            Серикбаев Е.С.

            7

            Мурзагалиев Арман

            9

            ІІІ

            Байжаханов А.

            8

            Исатаев Нұрғиса

            10

            ІІІ

            Байжаханов А.

            9

            Мақсотов Абзал

            10

            ІІІ

            Байжаханов А.

            10

            Сансызбаев Нұрхан

            9

            ІІІ

            Серікұлы Н.

            11

            Ергалиев Абылайхан

            11

            ІІІ

            Серікұлы Н.

            12

            Надырхан Мирасбек

            11

            ІІІ

            Серікұлы Н.

            13

            Петри Адам

            10

            ІІІ

            Абилова М.С.

            Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап, олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына келешекте табыс тілейміз.