Желтоқсанның 17 жұлдызында Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай Орал қаласында еліміздің батыс өңірлерінде орналасқан "Білім-Инновация" лицейлерінің ата-аналары арасында спартакиада өткізілді. Спартакиаданың негізгі мақсаты - Елбасының "Рухани жаңғыру" идеясын іске асыру, ата-аналар арасындағы қатынасты күшейту, оқушы тәліміндегі тәрбие үштағаның (ата-ана-оқытушы-оқушы) нығайту, ел болашағы - жас ұрпаққа салауатты өмір үлгісін іс жүзінде көрсету болып табылады. Аталмыш спорттық іс-шараға Ақтөбеден, Атыраудан, Жаңаөзеннен және Құлсарыдан келген жүз шақты ата-анадан құралған сегіз команда қатысты. Бұл жарысқа осы жылы ең алғаш қадам басып отырған №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей-интернатты ерекше атап өткіміз келеді. Жарыс үш бағытта өрбіді: волейбол, үстел теннисі және шахмат.
Жарыстың нәтижелері:
Волейбол:
Бас жүлде - Орал "Білім-Инновация" лицейінің ата-аналар құрамасы
I - орын - Құлсары лицейінің ата-аналар құрамасы
II орын - Атырау ерлер "Білім-Инновация" лицейінің ата-аналар құрамасы
III орын - Атырау қыздар лицейінің ата-аналар құрамасы
Шахмат:
I орын - Хасанов Қайрат (Орал "Білім-Инновация" лицейі)
II орын - Таяуов Өмірсерік (Ақтөбе "Білім-Инновация" лицейі)
III орын - Шукургалиев Ербол (Орал "Білім-Инновация" лицейі)
Үстел теннисі (аналар):
I орын - Олжатаева Кәмшат (Орал "Білім-Инновация" лицейі)
II орын - Темирова Эльмира (Құлсары лицейі)
III орын - Ербулекова Жанаргүл (Құлсары лицейі)
Үстел теннисі (әкелер):
I орын - Жексенгалиев Рауан (Орал "Білім-Инновация" лицейі)
II орын - Турашев Мұханбет (Орал "Білім-Инновация" лицейі)
III орын - Мунбаев Сәрсенбай (Атырау қыздар лицейі)
Білім ошақтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын, ата-ана мен мектеп арасын байланыстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.