• Ел мақтанышы, жерлесіміз Екатерина Ларионовамен кездесу

          • Қараша айының 29-күні лицейімізде Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы олимпиаданың әйелдер күресінен қола жүлдегері, Батысқазақстандық Екатерина Ларионовамен кездесу өтті. Оқушыларға еліміздің мақтаныштарын таныстыру, патриоттық тәрбие беру, жерлесіміз Екатерина туралы кең мағлұмат айту мақсатында ұйымдастырылған шараға лицей мұғалімдері мен оқушылар қатысты.  Кездесу  барысында оқушыларға  Екатерина Алексеевна балалық шағы, спортқа келу жолы, олимпиада жетістіктері туралы айта кетіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жарыс барысында қолданған 1-2 әдісін оқушыларға көрсетті.

            Спорт шебері, олимпиада жүлдегерімен көзбе-көз кездесіп, сұқбаттасқан оқушылар аталған шарадан зор әсер алды деп ойлаймыз.

          • "Жырына жанарымен нәр жинаған" атты марқұм ақын Қайрат Жұмағалиевті еске алу кеші

          • "...АНАСЫ БАР АДАМДАР, ЕШҚАШАН ҚАРТАЙМАЙДЫ...  Иә, бұл өлең жолдарын білмейтін қазақтың баласы жоқ шығар. 18 қазан күні лицейімізде "Жырына жанарымен нәр жинаған" атты марқұм ақын Қайрат Жұмағалиевті еске алу кеші өтті.Аталмыш іс-шара ақынның туғанына  80 жыл толуына орай жасалды.Ұйымдастырушылары мектепәкімшілігіжәне лицейіміздің кітапхана меңгерушісі Алмагүл Мусина ханым болған кешке ақынның аяулы жары Софья Нығметоллақызы, қызы Бекзат Қайратқызы және ҚР Білім беру ісінің озаты әрі құрметті қызметкері, кітапхана ісінің шебері, Мәдениет саласының үздігі Исатаева Роза Жақияқызы қонақ болды.

            Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларды Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайрат Жұмағалиевтің өмірімен, шығармаларымен кеңінен таныстыру болды. Кеш барысында К.Жұмағалиев туралы видеоролик көрсетіліп, ақын өлеңдері мен қаламдастарының пікірлері оқылды. Сұрақтар қойылды. Әндер шырқалды. «Тұлғалы ақын,көрнекті қайраткер» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Қ.Жұмағалиевтің портреті, дәйексөздер, шығармалары қойылды. Кеш соңында София апамыз лицей кітапханасына ақынның кітабын сыйға беріп, оқушыларға дәм таратты.

            Кітап пен әдеби туындыларды оқу сиреген бұл заманда өскелең ұрпақ жүрегіне ақынның өлеңдерін жеткізіп, мағыналарын кеңінен ашу мойнымыздағы парыз саналады. Осы мазмұндағы іс-шаралар жиі өткізіледі деген мақсаттамыз.