• «Қанатты сөз орамды ой мен қарымды қаламнан туады»
          • «Қанатты сөз орамды ой мен қарымды қаламнан туады»

          • Желтоқсанның 9-ы күні лицейімізде «Қанатты сөз орамды ой мен қарымды қаламнан туады»  атты талантты жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есләмғалиевті еске алу кеші өтті. Кешке филолог, ғалым Мұрат Сабыр Орынбайұлы және Батыс Қазақстан Инновациялық технологиялық университетінің 3 курс студенті Нарғыз Жұматаева мен Мұқадес Есламғалиұлының нағашы жиені, лицейіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Хамза Орынбайұлы қатысты. Кешті физика пәнінің мұғалімі Серікбаев Ерден жүргізіп отырды. Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, одан кейін ағамыздың зайыбы Мұхсина апайдан алынған сұхбат-бейнероликке кезек берілді. Кеш өте тартымды да қызықты өтті. Оқушылар келген қонақтарға өздерінің сұрақтарын қойып, әсерлі жауап алды. Филолог, ғалым, Мұрат Сабыр Орынбайұлы ағамыздың шығармаларын талдаса, нағашы жиені Рақымжан ағай Мұқадес ағамыз туралы  сыр шертті.

             Кеш соңында лицей оқушылары Мұқадес Есләмғалиевтің  шығармаларынан үзінді оқыды.  

        • Қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан турнир
          • Қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан турнир

          • Желтоқсан айының 12-13 күндері лицейімізде қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан   7-11 сыныптар арасында жарыстар өткізілді. Салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс қызықты да тартысты өтті. Нәтижесінде :

             

            42 кг салмақта

            І орын Сағадатов  7В

            ІІ орын Мухамбеталиев 7В

            ІІІ орын Иманғалиев 7В

             

            50 кг салмақта

            І орын Ғарифуллин 7А

            ІІ орын Мұхит 7А

            ІІІ орын асқаров 7А

             

            59 кг салмақта

            І орын Амангелді Ермахан 10В

            ІІ орын Мизам Өркен 10А

            ІІІ орын Берікұлы Айдын 9В

             

            65 кг салмақта

            І орын Махмет Байсал 11 С

            ІІ орын Жұмағұлов Серікжан  11В

            ІІІ орын Амиргалиев Рустам  11С

             

            Тоғызқұмалақ турнирінен:

            І орын Мұратов Есбол 10В

            ІІ орын Латифов Санжар 10А

            ІІІ орын Мұхит Ерлан 7А

        • «Тіл – ұлттың жаны»
          • «Тіл – ұлттың жаны»

          • Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында 2016 жылдың 9 желтоқсанында «Тіл – ұлттың жаны» атты қазақ тілі мен орыс тілі күні ұйымдастырылды. 7-10 сыныптар аралығында ұйымдастырылған іс-шара өз деңгейінде өтті. Іс-шара барысында дәлізде тіл туралы презентациялар көрсетіліп, кітап көрмесі жасақталып, шағын киіз үй тігілді. Қоңырау уақытында орыс тобының 9-10 сынып оқушылары өлеңдер оқыса, қазақ топтары орыс тілінде өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, «Жүрдек пойыз», «Әдеби карта», «Жалғасын тап», «Күн нұры» атты интеллектуалдық ойындар ойнатылды. 7-8 сыныптар арасында «Қазыналы сандықша» атты қызықты ойын ұйымдастырылып, 7 «А», 8 «В» сыныптары жеңіске жетті. Жалпы тілдер күні жоспардағыдай жоғары дәрежеде өтті.

        • «Заманауи мектеп көшбасшысы»
          • «Заманауи мектеп көшбасшысы»

          • Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті тәрбие жұмысын жандандыру, педагог қызметкерлердің белсенділігін, креативтігін, жаңашылдығын, шығармашылық ізденістерін  жетілдіру мақсатында 9 желтоқсанда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының «Заманауи мектеп көшбасшысы» облыстық байқауын өткізді. Байқауға облыстың 15 мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Байқау барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық идеяларын, балаларға, әріптестеріне, мамандығына деген қатынасын, көшбасшылық қасиеттерін ортаға салды. Аталған байқауға лицейімізден  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пәні мұғалімі Сагитова Гульфайруз Болатқызы қатысып, нәтижесінде І орынды  иеленді. Жаңашылдығы мен шеберлігі, ізденісі арқасында топ жарып, жеңіске жете білген әріптесімізді құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.

        • Ата-аналар арасында өткізілген Батыс аймақтық спартакиадасы
          • Ата-аналар арасында өткізілген Батыс аймақтық спартакиадасы

          • Желтоқсан айының 10-ы күні Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Білім» инновация лицейлерінің ата-аналары арасында Батыс аймақтық спартакиадасы оздырылды. Спартакиадаға  барлығы 8 мектеп жиналса, біздің лицейіміздің ата-аналары да қатысып, жүлделі орындармен оралды. Олар:

            Шахматтан Айтбаев Ғалымжан – І орын, аналар арасындағы үстел теннисі бойынша Мурзагалиева Айжан – ІІ орын, әкелер арасындағы үстел теннисінен Жексенгалиев Рауан – ІІ орын, волейболдан командалық есепте IV орын.

            Осындай бағытта жарыстар ұйымдастыру ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты, ынтымақтастықты күшейтеді және лицейлердің өзара байланысын нығайтады. Ата-аналарымыз әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, бірлігіміз арта берсін!

        • Республикалық ғылыми жобалар байқауының  облыстық кезеңі өтті
          • Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті

          • Желтоқсан айының 5-6-сы күндері «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың  негізгі мақсаты мен міндеті оқушылардың ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық жұмыстарын ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. Байқауға лицейімізден 26 жоба ұсынылып, нәтижесінде 8-ІІ орын және 7-ІІІ орынды қанжығамызға байлап, ІІ кезеңге жолдама алдық.  Жүлделі орындардан көріне білген оқушыларымыз:

            ІІ орын:

            • Рыскалиев Азамат – 11 сынып
            • Жеңіс Әділет – 11 сынып
            • Өтешқали Әкежан – 11 сынып
            • Байболат Азат – 11 сынып
            • Сағынғали Мұқағали – 11 сынып
            • Мұхамбетов Арқат – 11 сынып
            • Кусыбаев Рустам – 9 сынып
            • Сағындықов Ернар - 9 сынып

            ІІІ орын:

            • Губашев Мақсат – 11 сынып
            • Бекмагамбетов Мақсат – 11 сынып
            • Садыров Дамир – 11 сынып
            • Рахымгалиев Бекарыс – 11 сынып
            • Амангелді Ермахан – 10 сынып
            • Исмаилбаев Ринат – 11 сынып
            • Мұратов Есбол – 10 сынып

            Алғыс хат:

            • Құрманәлі Арман – 11 сынып
            • Жаңай Нұрдәулет – 11 сынып
            • Петри Адам – 10 сынып

                      Оқушыларымызға алдағы уақыттарда сәттіліктер тілейміз! 

        • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дарынды жастар – ел болашағы» атты оқу озаттары мен халықаралық, республикалық олимпиадалар, байқаулар мен конкурстар жеңімпаздарының слеті
          • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дарынды жастар – ел болашағы» атты оқу озаттары мен халықаралық, республикалық олимпиадалар, байқаулар мен конкурстар жеңімпаздарының слеті

          • 2016 жылдың 8 желтоқсанында Орал қаласының физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» базасында «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері аясында, «Жыл үздігі-2016» облыстық слеті өткізілді. Слетке халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми жобалардың, олимпиадалардың, байқаулар мен конкурстардың жүлдегерлері, барлығы 94 оқушы қатысты. Марапаттау рәсімін облыс аумағындағы білім, ғылым және спорт саласында еңбек етіп жүрген белгілі тұлғалар жүргізді. Аталған шараға лицейіміздің оқушылары да қатысып, түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды. Атап айтсақ, «Жыл үздігі» - Ысқақ Бақдәулет, Бекмағамбетов Мақсат, Латифов Санжар, «Жыл білгірі» - Елешов Нұрберген, «Жыл өнерпазы» - Джумагалиев Мұстафа, «Жыл ізденімпазы» - Сағынғали Мұқағали. Шара барысында оқушыларға мектеп ғимаратына экскурсия, аудан, қала командаларының таныстырылымдары ұйымдастырылып, мерекелік бағдарламаға ұласты. Оқушыларымыздың үздіктер қатарынан көрініп, арнайы марапаттауға ие болып отырғандарына біз қуаныштымыз! 

        • Жерлесіміз, самбодан бірнеше дүркін Әлем чемпионы Ерболат Байбатыровпен кездесу
          • Жерлесіміз, самбодан бірнеше дүркін Әлем чемпионы Ерболат Байбатыровпен кездесу

          • 7 желтоқсан күні лицейімізде жерлесіміз, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері, самбодан бірнеше дүркін Әлем чемпионы Ерболат Байбатыровпен кездесу өткізілді. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, спортқа деген қызығушылықтарын аттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесуге 7-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Кездесу барысында Ерболат балалық шағы мен осы спорт түрін таңдау себебін әңгімелеп берді.

            – 2009 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясынан денешынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім. Мамандығым бойынша аз ғана жұмыс атқардым. Содан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2097 әскери бөлімінде қызмет еттім. Өзім Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылында дүниеге келгенмін. Ауылда өзіңіз білесіздер басқа спорт түрлеріне қарағанда самбо жақсы жолға қойылған. Сондықтан спорттың осы түрімен айналысуыма тура келді. 2000 жылы Орал қаласында облыстық чемпионат болды, сонда екінші орынды иеленген болатынмын. Содан бастап жақсы нәтиже көрсете бастадым. Облыста бірінші орын алып, одан кейін Қазақстан чемпионатына бардық, сосын әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстарға шыға бастадық. Осылай үлкен жеңімпаз ағаларымызға еліктеп, жетістіктерге жете бастадық. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облыстық Жедел қимылдайтын арнайы жасағының жауынгері қызметін атқаратын жерлесімізге қызметінде табыс және алдағы уақытта да еліміздің намысын қорғап, көк байрағымызды желбіретіп, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз. Аталған кездесуден оқушыларымыз бойын ерекше сезім билеп, жерлес ағаларына  қызықтырған сұрақтарын қойып, жақсы әсер алды деп ойлаймыз.