Желтоқсан айының 24-і күні Орал қаласының Қазақ драма театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан дәстүрлі жаңа жылдық шырша болып өтті. Аталған шараға лицейіміздің 8 сынып оқушысы Хамзин Темір қатыстырылды.Мерекелік шыршаның басталуында арнайы жазылған бейнетаспа арқылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шыршаға жиналған балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын, барынша жақсы оқып, сапалы білім алып, мақсаттарына жете берулерін тіледі. Президент құттықтауынан соң облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйлеп, шыршаға жиналған балалардың әрқайсысына Елбасы атынан сыйлық таратты. Әр сыйлықта жылы сыртқы, спорттық киімдер, тәтті тағамдар бар. Балдырғандардың асыға күтетін мейрамында өнерпаздар мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, ертегі кейіпкерлерінің көмегімен түрлі ойындар ойналып, қызықты қойылымдар болды. Алдын-ала жоспарланғандай оқушылар «Айдана» мейрамханасына барып, тамақтанды. Одан кейін City Center cауда үйінің ойын-сауық кешенінде әр түрлі ойындар ойнап, мультфильм көрді. Ұйымдастырылған жаңа жылдық кештен оқушымыз ерекше әсер алып, жақсы көңіл-күймен оралды.
.jpg)
.jpg)














