• «Ғылымға қанат қаққандар»
          • «Ғылымға қанат қаққандар»

          • Жыл сайын ақпан айында оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетекшілігімен Алматы қаласында өткізіледі. Жалпы жоба жарыстарының негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру және Қазақстанның интеллектуалды әлеуетін ынталандыруға үлес қосу болып табылады. Дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық ғылыми жоба жарысына лицейіміздің оқушылары қатысып, үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Осы оқу жылында да, яғни 14-17 ақпан күндері аралығында Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында лицейіміздің 10-11 сынып оқушылары Мұратов Есбол мен Исмаилбаев Ринат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Мұхамбетов Арқат пен Сағынғали Мұқағали жүлделі ІІІ орынды иеленді.

                        Ұстаздары мен ата-аналарының сенімдерін ақтап, жүлделі орындардан көріне білген шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. 

        • Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік
          • Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік

          • Ақпан айының 15 күні лицейімізде «Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік» тақырыбында тәрбиешілер күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты оқушылардың білім мен тәрбие алуына тікелей қатысы бар, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін екінші әке- қамқоршы тәрбиешілердің еңбегін бағалап, мерекелік күндерінде оқушылардың алғыстарын жеткізу болды. Мерекелік кешті құттықтау сөзімен бастаған лицей директоры Талдахметов Сәкен Шардарбекұлы тәрбиешілердің еңбегін ерекше атап өтіп, шығармашылық табыстар тіледі. Келесі кезекте оқушылар өздерінің ыстық лебіздерін әсем әуендерімен, тамаша билерімен, езу тартқызар әзілдерімен жеткізді. Мерекелік шара өте көңілді өтті және  көңілде тек жақсы әсерін қалдырды. 

          • "ЫНТЫМАҚ" волейбол жарысы

          • Ақпан айының 12-сі күні лицейіміздің ұйымдастыруымен "ЫНТЫМАҚ" атты волейбол жарысы өткізілді. Аталған жарысқа 6 команда қатысып, нәтижесінде І орын- Жәнібек құрама командасы, ІІ орын - ҚТЛ құрама командасы, ІІІ орын - КазКом құрама командасының еншісіне тиді. Ойын қызықты да тартысты өтті. 

          • Облыстық «Бір кітап - бір сынып» акциясының презентациясы

          • 2017 жылдың 8-ақпан күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты кітапханасының оқу залында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен оқу мәдениетін дамыту және қолдау, кітап оқу мәдениетін жетілдіру, оқу кеңістігінің аясын кеңейту мақсатында жасалған «Бір кітап –бір сынып» акциясынның презентациясы өткізілді. Презентацияда облыстық «Бір кітап –бір сынып» акциясынның мақсаты, міндеттері, қатысу тәртібі, таңдалатын шығармалары және мерзімі туралы түсіндірілді. Облыстық «Бір кітап –бір сынып» акциясына лицей оқушыларының барлығы қатысады.

        • Қайырымды жүрек- жомарт қол
          • Қайырымды жүрек- жомарт қол

          • Қаңтар айының 31 күні лицейіміздің "Өзін- өзі басқару" ұйымының оқушылары қайырымдылық акциясы аясында облыстық балалар үйіне барып келді. Оқушыларды мейірімділікке, қайырымды болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара барысында әсем ән айтылып, күмбірлеген күй тартылып, түрлі ойындар ойнатылып балалар үйі тәрбиеленушілерінің көңілдері көтеріліп қалды. шара соңында мекеме тәрбиешілері оқушыларымызға алғыстарын білдірді.