• Достық кездесу
          • Достық кездесу

          • Қазан айының 30-ы күні Назарбаев мектебінің базасында достық кездесу өткізілді. Аталған кездесуге №6 ЖОББМ, Орал қазақ-түрік лицейі, Назарбаев мектебі, № 36 ЖОББМ, С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға  арналған  №11 мектеп және Шаған ЖОББМ-бі оқушыларының парламент мүшелері қатысты. Мектептер арасындағы достықты нығайту, өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген жиында оқушылар 5 топқа бөлініп, жылдағы атаулы күндерді белгілеп, жоспар құрды. Кейін әр топ өзінің жұмысын қорғап, нәтижесінде сараптама жасалды. Әр шараның өтетін орны белгіленіп, ортақ жылдық жоспар құрылды.

            Алдағы уақытта бекітілген жоспар бойынша мазмұнды, тәрбиелік мағынасы бар жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі деп сенім білдіреміз. 

        • «Оқитын отбасы – ғасыр үлгісі» облыстық байқауы
          • «Оқитын отбасы – ғасыр үлгісі» облыстық байқауы

          • 2015 жылдың 30 қазанында Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық дарынды  балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында кітап оқу мәдениетін жетілдіру, оқу кеңістігінің аясын кеңейту, отбасымен бірге кітап оқып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-аналардың баланың кітап оқуына басшылық жасау дағдыларын тәрбиелеуге көмек көрсету мақсатында «Оқитын отбасы – ғасыр үлгісі» облыстық байқауы өткізілді.

                      Байқауға облыстық дарынды  балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10а сынып оқушысы Жасұлан Жылыбек ата-анасымен қатысты. Байқау барысында «Мен және менің отбасым» таныстыру сәті, «Түймедақ» берілген шығарманы анықтау, «Оқылған шығарманың мазмұнына сай мақал-мәтел табу», «Білім көзі кітапта» оқыған шығармаларынан көрініс көрсету кезеңдерінен өтіп, отбасылар өздерінің білімдерімен, ауызбіршілігімен, тәрбиелілігімен көзге түсе білді.

                      Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. 

        • Ата-аналар арасындағы волейбол, шахмат, үстел теннисінен жарыс
          • Ата-аналар арасындағы волейбол, шахмат, үстел теннисінен жарыс

          • 18 қазан күні БҚМУ спорт залында лицей ата-аналары арасында  волейбол, шахмат және үстел теннисінен жарыстар өтті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында халқымыздың денсаулығына үлкен мән берген, сондықтан біз де жиі спорттық жарыстар ұйымдастырып, салауатты өмірді қалыптастыруға өз үлесімізді қосуды әрі лицей мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуды мақсат етіп спорттық жарыстар ұйымдастырған болатынбыз. Аталған шараға 11 сынып командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан 8В сынып ата-анасы Ж.Багисов "Үздік шабуылшы», 11А сынып ата-анасы Т.Каюпов "Үздік ойыншы»  номинациясымен марапатталса, шахматтан О.Баймурзинов  І, М.Сейткалиев ІІ, Қ.Қосмағұл  мен Ш.Акшиев ІІІ орындарды иеленді. Үстел теннисі бойынша әкелер мен аналарға  жеке-жеке орындар берілді. Олар: Олжатаева Камшат І , Мурзабулатова Ляззат ІІ, Аманжолова Гулжан ІІІ орын және әкелер арасынан Баймурзинов Олжас І, Сейткалиев Мақсат ІІ, Қосмағұл Қайырболат пен Акшиев Шыңғыс ІІІ орын.

            Ұйымдастырылған шараларға лицей ата-аналары түгелге жуық қатысып, үнемі атсалысып отырады. Бүгінгі өткізілген ойындар да өте қызықты және тартымды өтті.

        • Сарбаз болу әр жігітке жарасады
          • Сарбаз болу әр жігітке жарасады

          • Жас жеткіншектің бойына патриоттық және елге, жерге деген мақтаныш сезімін ұялату, әскери өмірдің қыр-сырымен таныстыру мақсатында  21 қазан күні лицейіміздің 10 сынып оқушылары АӘД пәнінің мұғалімі Б.Д.Нығметовтің жетекшілігімен қаламыздағы  5517 Ұлттық ұлан әскери бөліміне  саяхатқа барды. Саяхат барысында әртүрлі әскери  қару-жарақтың, техниканың, киім-кешектің түрлерімен танысты. Әсіресе үйретілген әскери иттердің дыбыспен, қимылмен берілген бұйрықтарды орындауы оқушыларды қатты қызықтырды.  Тұрмыс жайлары, асханалары, белгілі бір ережемен орналасқан заттары әскерилердің тәртіпке бағынатындарының айқын көрінісі секілді.

            Оқушылар әскери өмір тіршілігіне қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен бөлісті және саяхаттан жақсы көңіл-күймен қайтты.

        • Science week
          • Science week

          • Қазан айының  5-10 күндері аралығында лицейімізде физика, химия, биология пәндерінің апталығы өткізілді. Оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын ояту, әр түрлі тәжірибелер арқылы білімдерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған апталықта ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 10 сыныптар арасында аталған 3 пән бойынша «The leader of ХХІ Century» интеллектуалды ойыны оздырылып, 10А сыныбы І орынды иеленді. Биология пәнінен қаламыздағы хайуанаттар саябағына, экологиялық мұражайға саяхат жасалса, мектеп алаңында химия пәнінен асфальтқа периодтық таблица сызылды. Биология пәнінен «Organic components of cell», химия пәнінен «Mole», «The torque» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Оқушыларға қызықты, әрі тартысты өткен «smoke bomb» жарысы болды. Аммиак селитрасына  батырылған газеттерді орап , шырпымен жаққан кезде газет жанбай, тек түтіндеу керек екен. Тапсырманы қатесіз орындаған 9А сынып оқушысы Кияшов Дамир жеңіске жетті. Сонымен қатар биология пәнінен мамандыққа бағыттау мақсатында медицина қызметкері Айгүл Мақсотқызымен кездесу өткізіліп, «Дәрігерлік қызметтің қыр-сыры» тақырыбында баяндама оқылып, оқушылар сұрақтарына жауап алды.  

            Апталық қорытындысында белсене қатысып, өз білімдерін ортаға салған оқушылар марапатталды.

        • Ұстаз жеңісі
          • Ұстаз жеңісі

          • 2015 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің арасында Ұлы Абайдың 170 жылдығына арналған «Абайды оқы таңырқа...» атты облыстық байқауы өтті. Ұлы Абайдың шығармалары бойынша жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеудегі бағыт-бағдарын, әдіс-тәсілдерін, білім қорын, сөз саптау машықтарын анықтау, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан, қала мектептерінен 15 мұғалім қатысты. Байқау 3 кезең бойынша өтті: бірінші кезең - тест тапсырмалары, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша мұғалімдерге тест тапсырмалары берілді,ал екінші кезең - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» Абай Құнанбайұлының шығармаларын нақышына келтіріп орындау, шығарманың табиғатын, автордың ойын әртістік шеберлікпен жеткізе білу, үшінші кезең - «Абайтану» курсынан панорамалық сабақ. Аталмыш сайысқа лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абилова Мария Суйеубайқызы қатысып, жүлделі ІІ орынмен оралды. Шәкірттерін сапалы білім нәрімен сусындатып жүрген әріптесімізге алдағы уақытта шығармашылық табыс, жетістіктер тілейміз.

        • «Лицей жүйесіндегі үштағанның бірлігі және білім мен тәрбиенің бірізділігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
          • «Лицей жүйесіндегі үштағанның бірлігі және білім мен тәрбиенің бірізділігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

          • Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында қазан айының 24 -і күні «Лицей жүйесіндегі үштағанның бірлігі және білім мен тәрбиенің бірізділігі» тақырыбында  7-10 сынып ата-аналарына  семинар өтті. Семинардың мақсаты  оқушылардың І тоқсан бойынша үлгерімдері мен тәртіптеріне сараптама жасау және лицей-ата-ана-оқушы үшбірлігі біртұтастығының дамуы болды. Семинар ІІ бөлімнен тұрды: «Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы үшбірлік» және «Оқушылардың оқу үлгерімі» педконсилиум. Бірінші бөлімде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Сагитова «Лицей тынысындағы тәрбие жұмысының жүргізілуі» тақырыбында  баяндама оқыса, бағдарлы оқыту ісінің орынбасары Б.К.Рысбеков «EduPage» сайты туралы  айтып өтті. Сонымен қатар облыстық тұтынушылардың құқығын  қорғау басқармасының бас маманы С.М.Насырова «Болашағымыздың кепілі- дені сау ұрпақ» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларға салынатын екпелер туралы толығырақ мағлұмат берді. Семинардың екінші бөлімінде ата-аналар пән мұғалімдерімен баласының тәртібі, оқу үлгерімі жөнінде сөйлесіп, пікірлесті  және ата-аналарға кофе-брейк ұйымдастырылды.

            Жылдағы дәстүрмен  оқу жылы бойына ұйымдастырылып тұратын, ата-аналармен байланысты нығайтатын семинарлар әлі де жалғасын таппақ....

        • «Діни экстремизм – қатерлі дерт»
          • «Діни экстремизм – қатерлі дерт»

          • 2015 жылдың қазан айының 26-сы күні БҚО дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында оқушылардың діни терминдер мен ұғымдарды дұрыс түсінуі және түрлі діни ағымдардан дәстүрлі діннің ерекшеліктерін ұғындыру мақсатында «Діни экстремизм – қатерлі дерт» шарасы өткізілді. Шараға БҚО дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» дінтанушы маманы Әйгерім Ермекбаева және Орал қаласындағы орталық мешіттің имамы Бейімбет Дүйсенәлі қатысты. Дінтанушы маман Әйгерім Ермекбаева  күн тәртібіндегі мәселеге байланысты видео роликтер көрсетіп, діндердің әртүрлі болып келетіндігіне және экстремистік бағыттағы ағымдардың сан түрлі адамдар тағдырына кері әсер етіп, қоғамдағы тұрақсыздықты қалыптастыратындығы жөнінде әңгімелеп, өмірден алынған мысалдар келтірді.  Имам Бейімбет Дүйсенәлі мұсылман дінінің ерекшеліктеріне, адамдар өмірінде ізгілікті қалыптастырудағы орнына тоқталды. Діни теріс ағымдардың қандай болатындығы туралы, оның дәстүрлі дін бағытынан өзгешелігі жөнінде нақты мысалдар келтіре отырып баяндады және оқушылардың сұрақтарына толық жауап қайтарды.

        • Лицей парламентін тағайындау
          • Лицей парламентін тағайындау

          • Қыркүйек айының 29-күні Орал қазақ-түрік лицейінде оқушылар президентінің ант беру және лицей парламентін мүшелерін тағайындау рәсімі өткізілді. Оқушылардың лицейде өтетін шараларға атсалысуын арттыру, ой-пікірлерімен санасу,  жауапкершілікті сезінулеріне ықпал ету, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында құрылатын лицей парламенті мүшелеріне қойылатын міндет орасан зор.  Жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілген шара барысында лицей президенті Е.Масонов мұғалімдер мен оқушылар алдында салтанатты түрде ант қабылдады. Сонымен қатар лицей ішінде әр түрлі бағытта жұмыстанатын лицей парламенті мүшелері тағайындалды. Атап айтсақ, Білім министрі М.Каиргалиев, Әділет қорғау министрі М.Мақсотов, Спорт және Денсаулық сақтау министрі А.Жардемов, Р.Гаджиев, Мәдениет министрлері Ғ.Қарес, Т.Серикбаев, Ақпарат министрі болып Ж.Наурызгалиев  сайланды. Алдағы уақытта ұжым лицей  президенті мен парламент мүшелері жоспарлы жұмыстанады деп сенім білдірді.

        • Қариялар-асыл қазынам
          • Қариялар-асыл қазынам

          • Ақиқатты айқындап жариялар,
            Бара жатыр азайып қариялар.
            Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
            Бара жатыр сарқылып дариялар...

            1 қазан - Мұқағали жырына арқау болған, ақылы дария қарияларымыздың халықаралық мерекесі. Жылдағы дәстүр бойынша лицей оқушылары  қаламыздағы қарттар үйіне барып, аталарымыз бен әжелерімізді мерекелерімен құттықтады. Құрылғанына 70 жыл толған бұл үйде тағдыры сан қилы жандар тұрып жатыр. Бірінің жанашыр жақыны жоқ болса, екіншісі мүгедек болып арбаға таңылған, енді бірі мейірімсіз бала-шағасына керексіз болып қалған ақ сақалды ата мен ақ жаулықты ана. Мемлекет тарапынан оларға барлық жағдай жасалған, тек немересінің маңдайынан бір иіскеуді аңсайтын жандар үшін рухани қолдау қашанда қажет. Мереке қарсаңында оқушылардың өздерін елеп келгендеріне көңілдеріне қуаныш ұялаған қариялар ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалап, өздерінің жастық шағы, жасаған еңбектері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар оқушылар қариялар үйі ғимаратының ауласын тазалап, қолғабыс етті.Қарттар күнін даналықтың мерекесі деп айтсақ артық болмас. Көргені мен түйгені мол, ақылшы қарияларымыз қашан да аман болсын!

        • Ата-аналар арасында өткен футбол жарысы
          • Ата-аналар арасында өткен футбол жарысы

          • Ата-ана мен  лицей  арасындағы қарым – қатынастың бала тәрбиесінде маңызы зор. 2015 жылдың 4-ші қазан күні лицейімізде «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты ата-аналар арасында футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 12 команда қатысты. Ойын барысында ата-аналар  нағыз шеберліктерін танытып, кездесу қорытындысында 10 «в» сынып командасы бас жүлде, 9 «в» командасы  І орынды, 8 «б» командасы  ІІ , 8 «а» сынып командасы ІІІ орынды иеленді . Жүлделі орын алған  командаларды  лицей директоры А.Д. Муканов құттықтап, алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар ата-аналар  әр түрлі номинация бойынша жеке марапатталды. Атап өтсек, М. Сарсеев  және Т.Каюпов   үздік шабуылшы, Н.Сұлтанов, А.Асылбекұлы үздік қорғаушы, А. Қосмағұл , А. Лукпанов  үздік қақпашы , Ж. Қажымұратов , Р.Қуанаев үздік ойыншы, Р. Жексенгалиев  үздік ұйымдастырушы.Аталған  жарысты  ұйымдастыру, біріншіден ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату болса, екінші жағынан оқушылар мен ата-аналардың спортқа икемдігін байқау әрі шыңдау.«Осындай игі шараның біздің лицейімізде өтіп жатқанына мен өте қуаныштымын. Мұндай шаралар ата – ана мен бала арасындағы байланыстың  жақсаруына, ұрпақ салауаттылығын насихаттауда зор ықпалын тигізуде. Алдағы уақытта  спорттық сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрса  нұр үстіне нұр болар еді» - дейді 7В сыныбының ата-анасы Лукпанов Алмаз.Ата-аналардың мұндай жарысқа ат салысуы мектеп өміріне, тынысына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Жоғары дәрежеде өткен бұл жарыстың оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор.  

               
             

        • «Тіл-достық пен келісімнің тірегі»
          • «Тіл-достық пен келісімнің тірегі»

          • Қыркүйек айының  16-22 күндері аралығында лицейімізде Қазақстан республикасының тілдер күніне орай  «Тіл-достық пен келісімнің тірегі» атты онкүндік ұйымдастырылды. Тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушыларға маңыздылығын ұғындыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында жоспарланған онкүндікте қазақ, орыс, ағылшын, түрік  тілдерінде әртүрлі  сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, "Ана тілім-арым, иманым"  әдеби сазды қойылымы, "Русское народное творчество", "Ұлттық тағамдар-құндылығымыз" танымдық шаралары, "Туған тілім - тірлігімнің айғағы" тақырыбында ашық сабақ, «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты лингвистикалық турнир,  сонымен қатар барлық сыныптарда ҚР-ның Тілдер күніне арналған сынып сағаттары оздырылды. Оқушылар өткізілген іс-шараларға белсенділікпен, жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатыса білді.22 қыркүйек күні «Тіл-достық пен келісімнің тірегі» атты апталықтың жабылу салтанатына байланысты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, апталыққа белсене қатысқан сыныптар мен жеке оқушылар алғыс хат  және сыйлықтармен марапатталды.

        • "Мемлекеттік тіл-менің тілім" лингвистикалық турнирінің жеңімпаздары
          • "Мемлекеттік тіл-менің тілім" лингвистикалық турнирінің жеңімпаздары

          • Тіл - ұлттыңжаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.        

            «22 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай Батыс Қазақстан облысының  әкімдігі білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен  21-24 қыркүйек  аралығында VIII облыстық  «Мемлекеттік тіл- менің тілім - 2015» зияткерлік лингвистикалық турнирі өткізілді. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, жас ұрпаққа маңыздылығын ұғындыру мақсатында өткізілген турнирге лицейімізден 4 оқушы қатысты. Білімі мен ойының ұшқырлығын көрсете білген шәкірттеріміз жүлделі орындардан көріне білді. Атап айтсақ, 11 сынып оқушысы Наурызгалиев Жахангир  «кенет ділмарлық» турнирі  кезеңінің ІІІ дәрежелі жүлдегері атанса, 9 сынып оқушысы Ғазымжан Бектас «лингвистикалық есептер мен жұмбақтар» кезеңінің ІІ дәрежелі жүлдегері болып танылды.

            Ұстаздарының сенімін ақтап, жақсы нәтиже көрсеткен шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.

             

        • Оқушылар президентін сайлау
          • Оқушылар президентін сайлау

          • Қыркүйектің 18-і күні Орал қазақ-түрік лицейі оқушылары өздерінің президенттерін сайлады. Мұндағы мақсат оқушыларды жұмыстануға, қоғамдық іс шараларға жауапкершілікпен атсалысуға, жалпы өзін-өзі басқаруға үйрету. Сайлауға мектеп оқушылары алдында беделді, оқуда озат, қоғамдық  іс-шараларға белсене қатысатын  3 оқушы өздерінің кандидатураларын ұсынып,  сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды. Кандидаттыққа түскен 11 сынып оқушылары  Каиргалиев Мерей, Масонов Ернұр және Капаров Арман. Сайлауға лицей мұғалімдері мен барлық сынып оқушыларынан 288 адам қатысып, өздерінің таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесінде 197 дауыс жинаған  Масонов Ернұр Орал ҚТЛ оқушыларының өзін өзі басқару ұйымының президенті болып сайланды.Ернұрға алдағы уақытта табыстар тілейміз және барлығымыздың сенімімізді ақтап, жауапкершілікпен жұмыстанады деп ойлаймыз.

        • Ата-аналар жиналысы
          • Ата-аналар жиналысы

          • Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында қыркүйектің 12-сі күні  7-11-сыныптарда  ата-аналар жиналысы  өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты жаңадан келген пән мұғалімдерін таныстыру, алдағы уақытта ата-аналармен оздырылатын лицейдің  іс-шараларын ортақ жоспарлау , ата-аналар комитетін сайлау, жатақхана тынысы және сыныптың ахуалы қарастырылды. Жиналыс барысында ата-аналарға лицей психологі «Лицей көзімен» тақырыбында  сауалнама өткізді. Жалпы ата-аналардың жиналысқа қатысуы белсенді болды және ауқымды мәселелер шешімін тапты. 

        • 1 қыркүйек "Білім күні"
          • 1 қыркүйек "Білім күні"

          •  2015 жылдың 1 қыркүйек күні Орал қазақ-түрік лицейінде «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға мектеп оқушылары, ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар қатысты. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бас маманы Абдрахманов Азамат Талғатұлы қатысып, құттықтау сөздерін арнады. Мерекелік шараны лицей табалдырығын алғаш аттап отырған 7-сынып оқушылары өлеңдерімен жалғастырып, жаңа оқу жылында еңбек ететін ұстаздар мен тәрбиешілер таныстырылып өтті. Өткен оқу жылының мектеп тарихы үшін мәні ерекше болды. Лицейіміз Көптеген білім бәйгесінен жеңістер мен жетістіктерге жеткені жөнінде өткен оқу жылына шолу жасалып, лицей ұстаздары А.Б.Сидарова ҚР білім және ғылым министрінің, Н.К.Суйеуов  ҚР білім және ғылым вице-министрінің «Құрмет грамотасымен», А.Б.Нұртазина,И.Чаркаджы, Б.К.Рысбеков KATEV ҚҚ грамоталарымен, М.Аяз, А.Б.Нұртазина «Дарын»  Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының «Құрмет грамотасымен» және бірқатар ұстаздарымыз облыстық білім басқармасы тарапынан марапатталды. Салтанатты жиын «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаттарымен жалғасып, ата-аналар мен жиын қонақтары қатысты.Жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиын жоғары дәрежеде мәнді де, мазмұнды өтті.

        • Спорттық алаңның ашылу салтанаты
          • Спорттық алаңның ашылу салтанаты

          • Қыркүйек айының 12-сі күні лицейімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын қолдап, жас ұрпақтың спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында жасақталған спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға ата-аналар, ұстаздар, оқушылар қатысып, спорттық алаңның салынуына демеушілік еткен ТОО «Азия Нефтегаз сервис» компаниясының  директоры В.Г.Сутягин мен лицейіміздің директоры А.Д.Муканов салтанатты түрде лента қиды. Сонымен қатар «Елімнің болашағы-салауатты ұрпақ» тақырыбында ұйымдастырылған спорттық жарыстар ашылу салтанатымен  жалғасын тапты. Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын және лицей мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуды көздейтін спорттық жарысқа ата-аналар, оқушылар және лицей ұжымы қатысып, 7 команда өз бақтарын сынады. Жарыс соңында жеңімпаз командалар анықталып, дипломмен марапатталды. Атап айтсақ, 9 сынып – бас жүлде, 10 сынып – І орын, 11 сынып – ІІ орын ,  8, 7 сыныптар ІІІ орынды иеленді. Жарыс өте қызықты да тартымды өтті және алдағы уақытта жалғасын таппақ....

            ..

        • Облыстық «Күрделіні оңай-2015» зияткерлік олимпиадасы
          • Облыстық «Күрделіні оңай-2015» зияткерлік олимпиадасы

          • Сәуір айының 22-25 күндері жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 5-8 сынып оқушыларының гуманитарлық, жаратылыстану-математика ғылымдарының негіздеріне қызығушылығын дамыту, жалпы білім сапасын, білім алуындағы жетістіктерін бағалау, балаларды олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға дайындау мақсатында облыстық «Күрделіні оңай-2015» зияткерлік олимпиадасы өткізілді. Аталған білім жарысына Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ - түрік мамандандырылған мектеп - лицей – интернатынан 2 команда қатысты. Төрт айналым, яғни оқу, математика, жаратылыстану сауаттылығы, қиынды оңай шешу турлары бойынша өткізілген олимпиада нәтижесі бойынша 6 оқушы жоғары көрсеткіштер көрсетті. Атап айтсақ, Жармаков Ақтілек – жаратылыстану және математика сауаттылығынан екі рет - І, Шкода Виктор - ІІ, Аманбаев Ершат, Бергенгалиев Акежан , Жубанышов Алишер – ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

            Қиынды оңайлатып, сауаттылықтарын  дәлелдеп, алдыңғы орындардан көріне білген шәкірттеріне ұстаздары дән риза.....

        • Ақсай қаласында өткен Білім және Денсаулық көрмесі
          • Ақсай қаласында өткен Білім және Денсаулық көрмесі

          • БҚО білім басқармасы және Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 28 сәуір күні Ақсай қаласының № 6ЖОББМ-бі базасында  «Білім және денсаулық» көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты заманауи және  инновациялық технологиялардың оқыту саласындағы жетістіктерін көрсету, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануларына ықпал ету,  қазақстандықтар арасында зиянды әдеттен бас тартуды өз денсаулығына деген жауапкершілікті және, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру болып табылды. 

            Көрмеге Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері  қатысып,  оқушылардың жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

            Білім көрмесінде оқушылар  математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, тарих пәндері бойынша жасаған тәжірибелерін паш етті, сонымен қатар шылым шегу, алкогольді ішімдіктер, нашақорлық, интернет, уақытты тиімсіз пайдалану, семіздік, улы заттарға әуестіктің денсаулыққа зиянды екендігін насихаттауға арналған  60-тан астам стендтер құрылды.

            Көрмені тамашалаған  оқушылар керемет әсер алды.

            Осындай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да  жалғасын таппақ...

        • Қаламыздағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімше үрмелі аспаптар оркестрімен және жеке құрамның офицерлерімен кездесу
          • Қаламыздағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімше үрмелі аспаптар оркестрімен және жеке құрамның офицерлерімен кездесу

          • 27 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ - түрік мамандандырылған мектеп - лицей – интернатында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 23 жылдығына орай қаламыздағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімше үрмелі аспаптар оркестрімен және жеке құрамның офицерлерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты оқушылардың бойына туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларға еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру болды. Шара барысында  оқушылар әскери өмірмен, әскери оқу орындарына түсу ережелерімен таныстырылды. Сонымен қатар үрмелі аспаптар оркестрінің орындауында концерттік бағдарламаны тамашалады. Аталған кездесуге лицейдің барлық сынып оқушылары қатысып, өздерінің жақсы әсер алғандарын айтып, көтеріңкі көңіл күймен тарқады.