Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану - деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, ата-ана мен лицей арасындағы байланысты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және лицейіміздің 10 жылдық мерейтойына орай 16 қазан күні «Арман» спорттық кешені базасында лицейіміздің ата-аналары арасында волейбол, теннис және шахматтан жарыстар өткізілді. Волейбол ойынында 12 сынып бойынша команда құрылса, теннис, шахмат ойындарына әкелер мен аналар жекелеген ойыншы ретінде қатысты.
Ата-аналар аталған шараға ұйымшылдықпен белсенді атсалысты және ойындар тартысты да қызықты өтті.
Нәтижесінде волейбол ойыны бойынша:
- 9 «б» сынып командасы - І орын
- 11 «б» сынып командасы – ІІ орын
- 8 «а» сынып командасы - ІІІ орын
Теннис ойынында әкелер арасынан:
- Жақсығалиев Рауан - І орын
- Мурзагалиев Жасұлан – ІІ орын
- Дегитаев Жақсыбек – ІІІ орын
Теннис ойынында аналар арасынан:
- Олжатаева Камшат – І орын
- Боранбаева Гүлжан - ІІ орын
- Казыева Гульмира – ІІІ орын
Шахмат ойыны бойынша :
- Айтбаев Ғалымжан – І орын
- Хасанов Қайрат – ІІ орын
- Кунаев Руслан – ІІІ орын
Жүлделі орын алған командалар мен ойыншыларға лицей директоры А.Д. Муканов дипломдар табыс етті. Ерекше ойындарымен көзге түскен ойыншылар да алғыс хатпен марапатталды. Олар:
- Сүндетов Жарас – «Үздік тактика ойыншысы»
- Қуаншалиева Назымгүл – «Үздік қорғаушы»
- Мурзагалиев Жасұлан – «Үздік ойыншы»
Ата-аналар арасында спорттық ойындарды ұйымдастыру бір жағынан салауатты өмір салтын сақтауға үндеу болса, екінші жағынан лицей мен ата-ана арасындағы байланысты нығайта түседі, оның ішінде бала тәрбиесіне тигізер септігі мол. Ендеше осындай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.




