Ортақ тарих пен тағдыр мәңгілік біріктірген халқымыздың бірлігінің көрінісі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Биылғы 2015 жыл дәл осы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жыл ең басты құндылықтарымыз-Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады» ,- деп өзінің құттықтау сөзінде басым атап өтті.Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев жарлығымен құрылды.20 жыл аралығында Ассамблея еліміздегі барлық ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырған маңызды құрылымға айналды. Біздің білім ордамыз да, мерейлі 20 жылдықтың деңгейінде өтіп жатқан іс-шаралар легінен тыс қалмады. Мектебімізде 8-ден астам ұлт өкілдері білім алып жүр. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясынын 20 жылдығын атап өту, соның ішінде еліміздің бірлігі мен татулығын болашаққа сеніммен алып жүрер оқушылардың бойына ұлтаралық келісім, татулық, толеранттылық ұғымдарын сіңіру мақсатында «Ассамблея – татулық темірқазығы» атты ұлттар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оқушылармен қатар, ата-аналарымыздың да ат салысып қатысуы шарамыздың маңыздылығын арттыра түсті. Қазақ, орыс, түрік, түркімен, әзірбайжан, неміс, украин ұлттарының мәдениетін, дәстүрін, ұлттық киімі мен тағамын таныстырған оқушылар үлкен дайындықпен келді.«Ассамблея-татулық темірқазығы» ұлттар жәрмеңкесі жоғары дәрежеде өтіп, өз мақсатына жетті.

