Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы десек, білім - өмірдегі басты құндылық. Ал, әрбір жастардың сол бақытқа жетуіне жағдай жасау, оған бағыт-бағдар беру барша қоғамның міндеті. Осы міндетті орындауда қазақ-түрік лицейлері көптеген маңызды шараларды өткізіп келеді. Оның айқын дәлелі, БҚО білім басқармасы және Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 21-22 сәуір күндері өткізілген «Білім және денсаулық» көрмесі болды. Көрменің мақсаты заманауи және инновациялық технологиялардың оқыту саласындағы жетістіктерін көрсету, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануларына ықпал ету, қазақстандықтар арасында зиянды әдеттен бас тартуды өз денсаулығына деген жауапкершілікті және, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру болып табылды. Көрмеге облыс әкімінің орынбасары И Валериевич пен Орал қаласының әкімі А.Көлгінов қатысып, оқушылардың жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар аталған шараға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПКБАИ директоры С.Измуханбетова келіп, лицей оқушыларының жетістіктеріне тоқталып, бұл көрменің маңызы жоғары екенін баса айтты.Білім көрмесінде оқушылар математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, тарих пәндері бойынша жасаған тәжірибелерін паш етті, сонымен қатар шылым шегу, алкогольді ішімдіктер, нашақорлық, интернет, уақытты тиімсіз пайдалану, семіздік, улы заттарға әуестіктің денсаулыққа зиянды екендігін насихаттауға арналған 60-тан астам стендтер құрылды.Қала мектептерінен көрмені тамашалауға 3000-дай оқушы қатысып, тамашалады.Осындай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ...





.jpg)
.jpg)
.jpg)

































