2015 жылдың 13 ақпан күні Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 7-8 сынып оқушылары арасында «Қызыл ту» спорттық жарысы өтті. Ұйымдастырылған жарыстың мақсаты оқушылардың дене шынықтыру және спортпен айналысу қызығушылығын арттыру, баскетбол ойынының кең тарауын қамтамасыз ету, дене тәрбиесі мен спорттық бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, мектеп оқушылары арасында отансүйгіштік тәрбиесін күшейту мен салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту болды. Бұл жарысқа облыстық төрт мектептен 40 оқушы қатысты . Атап айтсақ «Назарбаев зияткерлік мектебі, №6 облыстық жалпы білім беретін мектебі, дарынды балаларға арналған №11 мектеп, №8 облыстық мектеп және Қазақ – түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты. Аталған жарыстан лицейіміздің оқушылары ІІ орынды иеленді.
![]()
![]()











.jpg)












.jpg)





