• Оқушылар арасында өткізілген шағын футболдан жарыс
          • Оқушылар арасында өткізілген шағын футболдан жарыс

          • 2016 жылдың 8 қазан күні лицейіміздің спорт алаңында оқушылар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және лицейіміздің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ойынға С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернаты, №42 «Ақниет» гимназиясы, Назарбаев зияткерлік мектебі, № 8 облыстық мектебі және Теректі ауданының Шаған ЖОББМ, жалпы 6 команда қатысты. Құрамы 5 ойыншыдан құралған командалар қызу ойын көрсетіп, нәтижесінде ҚТЛ командасы бірінші орынды, Шаған ЖОББМ командасы екінші, № 42 «Ақниет» гимназиясы командасы үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар жекелеген есепте көзге түскен Ахметов Русланға үздік шабуылшы, Адильгалиев Амальға үздік ойыншы, Жасұлан Жылыбекке  үздік қақпашы , Демеуов Алишерге  үздік ойыншы номинациялары берілді.

            Оқушылар  арасында мұндай кездесулерді ұйымдастыру мектептер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтады және спортқа деген қызығушылықты арттырады.  

        • Ата-аналар арасында өткізілген футбол жарысы
          • Ата-аналар арасында өткізілген футбол жарысы

          • 2016 жылдың 1қазан күні лицейіміздің спорт алаңында ата-аналар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, лицей үштағанның бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және лицейіміздің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ойынға 10 команда қатысты. Кездесу қорытындысында 9 «б» сынып командасы бірінші орынды, 7 «а» командасы екінші, 10 «б» сынып командасы үшінші орынды иеленді. Жүлделі орын алған үш командаға арнайы кубок және дипломдарды лицей директоры  А.Д. Муканов табыс етті. Ерекше ойындарымен көзге түскен ойыншылар да алғыс хатпен марапатталды, атап өтсек, Сүндетов Жарас үздік шабуылшы, Шыңғысов Эрнс үздік қақпашы , Султанов Нурлыбек үздік ойыншы.Осындай дәстүрлі жарыстарды ұйымдастыру, біріншіден ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату болса, екінші жағынан оқушылар мен ата-аналардың спортқа икемдігін байқау әрі шыңдау. Ата-аналардың мұндай жарысқа ат салысуы мектеп өміріне, тынысына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Жоғары дәрежеде өткен бұл жарыстың оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор.      

        • Ұстаз- ұлы тұлға
          • Ұстаз- ұлы тұлға

          • Барлық мамандықтың анасы ұстаз екенін ескерсек, айтулы күні лицейімізде ұстаздардың төл мерекесі жоғарғы деңгейде өтті. Яғни, сенбі күні  таңғы 8.00 де барлық лицей оқушылары лицей ұстаздарын  әртүрлі безендірілген құттықтау сөздермен және  қызыл кілем төсеп, қол шапалақтап құрметпен қарсы алды.Сол күні «Өзін өзі басқару» ұйымы өз жұмысын бастап кетті. Мерекелік шарада барлық ұстаздардың көңіл күйі ерекше болды. Кеш  оқушылардың ұстаздарға арналған сәлемдемелерімен басталып, ән , би және әзілмен әрленген қойылымдарымен жалғасты, әрбір ұстазға «Номинация» беріп, ұстаздардың көңілін бір марқайтып тастады.Мерекеде лицей басшысы А.Д.Муканов  өз сөзін білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына ризашылық көңілін білдіруден бастап, ұрпақ тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап келе жатқан  барша мұғалімдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады.Лицейімізде оқушылардың ұйымдастыруымен өткен  кеш жоғары деңгейде өтіп, білім беру ұясынының жүрегі мен тірегі атанып жүрген ұстаздардың мерекелік көңіл-күйін асқақтатып жіберді.

        • Moral gecesi
          • Moral gecesi

          • Қыркүйек айының 30 күні лицейіміздің 8В сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Moral gecesi» өткізілді. Оқушылардың бойындағы өнерге деген қызығушылығын арттыру, қабілеттерін ашу, өзара бірлігін, ынтымағын нығайту, ортада өздерін еркін, мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараны лицей ұстаздары, тәрбиешілері, оқушылары тамашалады. Әсем ән, заманауи би, әр түрлі тақырыпқа сай қойылымдар қойып, өз өнерлерін ортаға салған 8 В сынып оқушыларына көрермендер риза болды. Білім мен тәрбиені қатар алып, өнерлерін ұштай білген шәкірттерге алдағы уақытта биіктен көріне берулеріне тілектеспіз.

        • Лицей  президенті мен парламент мүшелерін сайлау
          • Лицей президенті мен парламент мүшелерін сайлау

          • Қыркүйек айының 28 күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының бағдарламасы негізінде, сапалы білім, саналы тәрбиені, жастар ұйымының белсенділігін, құқын, міндетін, жауапкершілігін  арттыру мақсатында  «Өзін өзі басқару» ұйымы президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға үш үміткер қатысып,  нәтижесінде  223  дауыстың 83 дауысы 11-сынып оқушысы Өтешқалиев Әкежанға беріліп, жоғары ұпай жинады.Осы айдың 30 күні  «Өзін-өзі басқару» ұйымы президентінің ант беру және «Өзін-өзі баасқару» ұйымының парламентін тағайындау рәсімі өткізілді. Шара барысында ұйымның президенті Өтешқалиев Әкежан мұғалімдер мен оқушылар алдында салтанатты түрде ант қабылдады. Лицей директоры А.Д.Муканов салауатты, адами құндылықтары бойында қалыптасқан еркін ұйымды құттықтап, төсбелгі тақты.Алдағы уақытта ұжым лицей  президенті мен парламент мүшелері жоспарлы жұмыстанады деп сенім білдірді.

        • «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы»
          • «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы»

          • Қыркүйек айының  19-23 күндері аралығында лицейімізде Қазақстан республикасының тілдер күніне орай  «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты апталық өткізілді.  Апталық барысында қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде әртүрлі  сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.Лицей кітапханашылары "Тіл-ұлттың жаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Мемлекеттік тіл –менің тілім»  тақырыбында оқушылармен қазақ тілі пәні мұғалімдері тіл туралы   шығармашылық жұмыс жүргізіп, үздік жұмыстар дәлізге  ілінді. Ағылшын тілінен пән мұғалімі Н.Қалижановтың ұйымдастыруымен 8-сыныптар арасында «Білгірлер сайысы» өткізіліп, оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.Апталық барысында  барлық сыныптарда ҚР-ның Тілдер күніне арналған сынып сағаттары оздырылды.22 қыркүйек күні 9-сыныптар қаламызда ашылған «Қадыр орталығына» саяхат жасап, Қадыр ағамыздың мұражайында, орталықтағы кітапханада болды. Қадыр Мырза Әлі жайында бейнебаян көріп, көрмені тамашалады.23 қыркүйекте қазақ тілі пәні мұғалімдері М.А.Зеинешева мен М.С.Абилованың ұйымдастыруымен «Ұмытылмас ұлы тұлғалар» тақырыбында 7-8-сыныптар арасында танымдық шара өткізілді. Шара барысында оқушылар өздері дайындаған қабырға газеттерін таныстырып, ақындардың шығармаларын жатқа оқып, шығармалар бойынша қойылымдар қойды.Осы күні апталықтың жабылуына «Ұлттық тағам-ұлт мәдениеті» тақырыбында қазақ, орыс, түрік ұлтының ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушыларға ұлттық тағамдардың жасалу жолдары мен ерекшеліктері түсіндірілді. Апталық соңында өткізілген шараларға белсене қатысқан сыныптар мен жеке оқушылар Алғыс хатпен, Грамоталармен   марапатталды.

        • «Салауатты өмірді насихаттайтын саламатты ұрпақпыз!»
          • «Салауатты өмірді насихаттайтын саламатты ұрпақпыз!»

          • Ел Президентінің "Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін лайықты өмір сүруі және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі  көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта білім беру мекемелеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойып отыр.Осыған  орай қыркүйек айының 10-ы күні лицейімізде салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін,  денсаулықтың құндылығын ұғындыру, лицей үштағанның бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және отбасы күні мерекесіне орай  «Салауатты өмірді насихаттайтын саламатты ұрпақпыз!» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Спорттық сайыс лицей директоры А.Д.Мукановтың құттықтау сөзімен ашылып, 11 сынып оқушыларының флешмоб биімен жалғасты.  Жарысқа ата-аналар, оқушылар және сынып жетекшілер қатысты. 4 тур бойынша «Қаппен секіру», «Арқан тарту», «Кедергілерден өту», «Шығыршықпен допты алып жүру» ойындары ойнатылып, жоғары нәтиже көрсеткен сынып және жекелеген ойыншылар марапатталды. Атап айтсақ, І орын- 8 сынып, ІІ орын- 9 сынып, ІІІ орынға 11 сынып командасы ие болып, «Ең үздік ойыншы» номинациясы 9,11 сынып ата-аналары Тастанова Жанна мен Акшиев Шыңғысқа табыс етілді.Жалпы аталған шара өз мақсатына жетіп, жоғары дәрежеде өткізілді және алдағы уақытта жалғасын табады.  

        • "Сыңғырла күміс қоңырау" салтанатты жиыны
          • "Сыңғырла күміс қоңырау" салтанатты жиыны

          • 2016 жылдың 1 қыркүйек күні лицейімізде «Сыңғырла, күміс қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға лицей оқушылары, ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Атап айтсақ, Қазақстан Халық Ассамблеясының Батыс Қазақстан облысы филиалының өкілі Ихсанова Жамал Сағынғалиқызы мен Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі орта білім беруді дамыту бөлімінің бас маманы Жұмағұлова Мейрамгүл Асқарбекқызы қатысып, құттықтау сөздерін арнады. Жиын барысында алғаш лицей табалдырығын аттағалы тұрған 7-сынып оқушылары мектеп ішінен кілем үстімен жүргізіліп, қошеметпен ортаға шақырылды. Өткен оқу жылының мектеп тарихы үшін мәні ерекше болды. Көптеген білім бәйгесінен жеңістер мен жетістіктерге жеткені жөнінде өткен оқу жылына шолу жасалды. Сонымен қатар, Облыстық байқаудың жеңімпазы атанып, «Үздік педагог-2016» номинациясына ие болған география пәнінің мұғалімі А.Б. Сидарованы лицей директоры А.Д.Муканов құттықтап, гүл шоқтарын тапсырды. Лицей ұстаздары мен тәрбиешілер таныстырылып, мерекелік шара ән және күймен жалғасты. Алғашқы қоңырау  соғу рәсімі қабылдау емтиханнан ең жоғарғы нәтиже  көрсеткен 7-сынып оқушысы  Орынғалиев Бейбарысқа берілді. «Сыңғырла, алғашқы   қоңырау» мерекесі «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы тәрбие сағатымен жалғасын тапты. Салтанатты жиынға келген барлық ата-аналар өз сыныптарының тәрбие сағаттарына қатысты. Жаңа оқу жылына арналған  салтанатты жиын жоғары дәрежеде  мәнді де, мазмұнды өтті.

        • «Еркін елдің ұланы» тақырыбындағы әскери шеру
          • «Еркін елдің ұланы» тақырыбындағы әскери шеру

          • 2016 жылдың  5 мамыр күні Орал қазақ - түрік лицейінде  7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған  әскери шеру өтті. Шерудің  мақсаты оқушылар бойына  патриоттық  сезім қалыптастырып, еліне, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру болды . Ұйымдастырылған шеруге ҚР қарулы күштерінің ардагері Н.А.Дегтереов, ҚР қарулы күштерінің ардагері, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің АӘД пәнінің мұғалімі С.Ғ.Косдаулетов және Облыстық білім басқармасының АӘД пәнінің әдіскері А.Ж.Куанов қатысты.  Шеру барысында әрбір  сынып  әскери  әндер  айтып, саппен жүріп өтті.  Әскери  киімімен, әнімен, жүрісімен көзге түскен  10В сыныбы – І орын, 9А сыныбы – ІІ орын, 8 В сыныбы – ІІІ орынды  иеленді . Оқушылар бойына патриоттық сезім қалыптастыратын бұл шара лицейімізде дәстүрге айналған және жалғасын табады.

             

        • «Жеңіс туын көтерген Мамыр мәңгі,  Ел жадында ерлік боп тамырланды» сыныптан тыс шара
          • «Жеңіс туын көтерген Мамыр мәңгі, Ел жадында ерлік боп тамырланды» сыныптан тыс шара

          • 2016 жылдың  5-мамыр күні 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған Батыс Қазақстан облысының  дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының кітапханасында «Жеңіс туын көтерген Мамыр мәңгі, Ел жадында ерлік боп тамырланды» тақырыбында кітап көрмесінің электронды презентациясы өткізілді.

             «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу мақсатында өткізілген кітап көрмесі Ұлы Отан соғысының қалай басталғанын, сұрапыл соғыстың қиын сәттері туралы баяндайтын әдебиеттерді насихаттады. Үш бөлімнен тұратын кітап көрмесіне  7 а сыныбы оқушылары белсене қатысты. 

              

        • «INFOMATRIX-2016» халықаралық компьютерлік жобалар сайысы
          • «INFOMATRIX-2016» халықаралық компьютерлік жобалар сайысы

          • 2016 жылдың сәуір айының 13-16 күндері «Дарын» РҒПО мен Сүлеймен Демирель атындағы университеттің ұйымдастыруымен  Алматы қаласында «INFOMATRIX-2016» халықаралық компьютерлік жобалар сайысы  өтті. 10-18 жас аралығындағы оқушылар мен колледж студенттері арасында ақпараттық технологиялар бағытындағы шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған  жоба сайысына 28 елден        5 секция бойынша 460 қатысушы қатысса, лицейімізден 5 оқушы өздерінің жобаларын қорғаған болатын. Нәтижесінде Каражанов Ислам мен Рахимжанов Альтаир күміс медаль, Садыров Дамир мен Рахымгалиев Бекарыс қола медаль иеленіп қайтты.Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз, алар асулары көп  болсын!

          • «Адам-жер-космос» ғылыми- зерттеу жобалар сайысы

          • Сәуір айының 18-23 күндері аралығында Ресейдің  Королев қаласында  Жалпыресейлік «Адам-жер-космос»  ғылыми- зерттеу жобалар сайысы өткізілді. XXI ғасырдың жан-жақты дамыған, экологиялық бағытта ойлау қабілеті мен сауатты эстетикалық талғамы үйлесімді қалыптасқан, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы іс-шараға белсенді әрі тиімді қатыса білетін тұлға қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жоба жарысына лицейімізден 11 сынып оқушылары Муратов Мирас пен Ерсаев Азат қатысты. «Космические информационные технологии и моделирование» секциясы бойынша өз жобаларын қорғаған оқушыларымыз жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды. Лицей қабырғасында игерген білімдерін жоғары дәрежеде дәлелдеп, жүлдемен оралған шәкірттерімізді мақтан етеміз!

        • «Ақберен» республикалық байқауы
          • «Ақберен» республикалық байқауы

          • Сәуір айының 10-12 күндері аралығында Жамбыл облысы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауы өткізілді. Жас дарындар арасынан гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан-жақты өнерлі балаларды іздеп табу, кәсіби бағдар беру, суырып салмалық қасиеттеріне баса ден қою мақсатында ұйымдастырылған байқауға лицейімізден 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесінде Джумагалиев Мустафа ақындық пен шешендік шеберлігінен ұлттық аспапта өнер көрсету бағытында «Саз құдыреті» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленіп, Маханбетов Қасым қатысушы сертификатына ие болды.

            Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтап, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз.

        • Армысың, ынтымағы мен достығы жарасқан - Әз Наурыз!
          • Армысың, ынтымағы мен достығы жарасқан - Әз Наурыз!

          • 2016 жылдың 17 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ - түрік мамандандырылған мектеп - лицей – интернатында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Кең ауқымда өткізілген шараның мақсаты ұлттық дәстүріміз бойынша өткізілетін Наурыз мейрамының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, елімізді мекендеген ұлттар татулығын дәріптеу болатын. Сыныптар ұлт  өкілдеріне бөлініп, оларға сол ұлттың тарихын, салт- дәстүрі мен өнерін, ұлттық киімін, тағамын таныстыру тапсырылды. Лицей директоры А.Д.Муканов мерекелік жиынды құттықтау сөзімен бастап, мереке шаттыққа толы концерттік бағдарламамен  жалғасты. Шара барысында сынып-сыныптан киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылып, наурыз көже пісірілді. Алтыбақан құрылып, ұлттық ойындар ойнатылды.

            Соңында әділқазылар алқасының шешімімен  10б сыныбы, яғни грузин  ұлты бас жүлдеге ие болды. І орынды 8в сыныбы әзірбайжан ұлты, ІІ орынды 7в сыныбы украин, ІІІ  орынды 8а сыныбы түрік ұлты жеңіп алды.  Жеңген ұлттар дипломмен  және бағалы сыйлықтармен  марапатталды. Өзге қатысқан ұлттар да ескерусіз қалмады, қатысқаны үшін «Ең ұйымшыл», «Үздік қазақ үй», «Өнерлі ауыл» атты номинациялар берілді.

            Көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін Наурыз мейрамы баршамызға мол табыс пен несібе ала келсін, ұлттар арасындағы татулық сақталып, еліміздің тыныштығы  мәңгілік болсын!!!   

        • «Ғылым эксперименттен басталады-2016»  ғылыми – танымдық зерттеушілік турнирі
          • «Ғылым эксперименттен басталады-2016» ғылыми – танымдық зерттеушілік турнирі

          • Сәуір айының 12-15 күндері аралығында «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында облыстық «Ғылым эксперименттен басталады-2016» ғылыми – танымдық зерттеушілік турнирі өткізілді. Жаратылыстану-математикалық білімдерін насихаттау және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға , халықаралық  PISA, TIMSS зерттеулеріне дайындау мақсатында өткізілген турнирге лицейіміздің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Үш айналым, яғни үй тапсырмасы, машықтық, білімдар турнирлері бойынша өткізілген сайыста оқушыларымыз 7 сыныптан Абай Рахман, Ибатуллиев Асыланбек және 8 сыныптан Шкода Виктор, Аделов Алдияр білімдерін сынаған болатын. Турнирдің нәтижесі бойынша 8 сынып оқушысы Аделов Алдияр ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз. 

        • Футбол турнирі
          • Футбол турнирі

          • Сәуір айының 9-ы күні қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің спорт алаңында «Бәріміз бірге қол ұшын созайық» атты қайырымдылық декада аясында футбол турнирі өткізілді. Турнирге 5 мектеп, атап айтсақ Назарбаев зияткерлік мектебі, Шаған ЖОББМ, № 6 ЖОББМ, С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернаты мен Орал қазақ-түрік лицейі оқушылары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша лицейіміздің оқушылары командалық І орынды жеңіп алды және 10 А сынып оқушысы Өтешқали Әкежан- үздік шабуылшы, 10В сынып оқушысы Сағынғали Мұқағали- үздік қорғаушы номинациясымен марапатталды.Бәйге десе оза шауып, жарыстың қай түрінен де жеңіс тұғырынан көріне білген оқушыларымызды мақтан тұтамыз.

        • Сенбілік
          • Сенбілік

          • 2016 жылдың cәуірдің 9-ы күні лицейімізде сенбілік болып өтті. Аталған шараны ұйымдастырудың мақсаты лицей тазалығын сақтай отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Сенбілік барысында әр сыныпқа жұмыс орындары белгіленіп, жауапты мұғалімдермен бірлесе іс атқару тапсырылды. Жұмыс барысында  ағаш сынықтары мен қағаздар жиналып, олар арнайы орынға төгілді. Әрбір сынып оқушылары мен мұғалімдері айтулы шарада жауапкершілік, белсенділік танытып, лицей тазалығына бей-жай қарамайтындықтарын дәлелдеді. 

        • Халықаралық World Scholar's Cup олимпиадасының  жеңімпаздары
          • Халықаралық World Scholar's Cup олимпиадасының жеңімпаздары

          • Сәуір айының 1-2 күндері Астана қаласындағы «Нұрорда» Халықаралық мектебі мекемесінде Халықаралық World Scholar's Cup олимпиадасы өтті.   Білім беруді жаңғырту жағдайында оқушылардың жалпы білім деңгейін, ой-өрісін, ойлау қабілетін көтеру, өз дағдыларын тәжірибеде пайдалануға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға лицейімізден 5 команда қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Жалпы 358 оқушы қатысқан олимпиададан лицей қоржынына  7 алтын, 20 күміс медаль алып қайтты және 1 топ «Scholars Bowl»  номинациясы бойынша кубок иеленіп, Global Round (Bangkok, Prague) сайысына шақыру алды. Лицейден игерген білімдерін дәлелдеп, ұстаздарының мерейін үстем еткен шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтап, білім додаларында биіктен көріне білулеріне тілектестік білдіреміз.

        • Lesson Study зерттеу сабағы
          • Lesson Study зерттеу сабағы

          • Лицейімізде  Лессон Стади үдерісінің бірнеше сабақтары өтілу үстінде. Бұл сабақтардың мақсаты пәнді зерттеуде мұғалімдерге өздерінің ұғымдары мен түсініктерін тексертуге ынталандыру, мұғалімдер арасында диалогты туындату, әріптестік және кәсіби даму мәдениетін дамытып, мұғалімдердің назарын оқушылар қажеттілігіне аударту. Зерттеу сабағын 10- сынып оқушыларымен қазақ тілі  пәнінен күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сәйкес наурыздың 16-шы жұлдызында «Ресми іс-қағаздар стилі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Г.Б.Сагитова  өткізді. Зерттеу сабағы болған соң, зерттеуші тобының мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау деп белгіленіп, бірлесіп отырып жоспар құрылды. Сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, оқытуды бағалау және оқуды бағалау модульдері кіріктірілді. Бейнетаспа ресурсы арқылы сын тұрғысынан ойландыратын сұрақтар қою бағытында  берілген детальдар бойынша жалғастырылды. Жалпы сынып оқушылары өз ойларын еркін жеткізіп, жұптық жұмыс барысында  диалогтік оқыту тәсілін тиімді көрсете білді.Қорыта айтқанда, Lesson Study -мектебіміздің мектеп мәдениеті мен мұғалімдер арасында «Кәсіби ортаның» қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне өз тәжірибемізден көз жеткізе бастадық.Біздің бұл жобамыз әлі де жалғасын табады.

             

        • «Табысты мектеп-мейірімді ата-ана-саналы оқушы» ата-аналар семинары
          • «Табысты мектеп-мейірімді ата-ана-саналы оқушы» ата-аналар семинары

          • Лицейімізде наурыз айының 12-сі күні «Табысты мектеп-мейірімді ата-саналы оқушы» тақырыбында  7-10 сынып ата-аналарына  семинар өтті. Семинардың мақсаты  оқушылардың ІІІ тоқсан бойынша үлгерімдері мен тәртіптеріне сараптама жасау және лицей-ата-ана-оқушы үшбірлігі біртұтастығының дамуы болды. Семинар ІІ бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Хамза «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қ.Р-ның заңына түсінік берді және бағдарлы оқыту ісінің орынбасары Б.К.Рысбеков 2015-2016 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері туралы  айтып өтті. Семинардың екінші бөлімінде ата-аналар пән мұғалімдерімен баласының тәртібі, оқу үлгерімі жөнінде сөйлесіп, пікірлесті  және ата-аналарға кофе-брейк ұйымдастырылды.Жылдағы дәстүрмен  оқу жылы бойына ұйымдастырылып тұратын, ата-аналармен байланысты нығайтатын семинарлар әлі де жалғасын таппақ....