• Облыстық олимпиада жүлдегерлері
          • Облыстық олимпиада жүлдегерлері

          • 2016 жылдың 5-6 қаңтар күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша облыстық білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден облыстық олимпиада өтті. Олимпиаданың бұл кезеңі осымен алтыншы жыл қатарынан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өткізіліп келеді. Биылғы жылы облыстық кезеңге 13 пән бойынша аудандар мен қала мектептерінен 400-ден астам оқушы қатысуға мүмкіндік алған болатын. Солардың ішінде лицейімізден 47 оқушы қатысып, 37 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ  16 оқушы - І орын,10 оқушы- ІІ орын,11 оқушы- ІІІ орын алды.Жүзден жүйрік деп танылған білімді 24 оқушымыз  алдағы наурыз айында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Көкшетау қаласында, ал гуманитарлық пәндер бойынша Петропавл қаласында өтетін республикалық кезеңде бақтарын сынайтын болады.

             

             

        • Жаңа жылдық шырша шаттығы
          • Жаңа жылдық шырша шаттығы

          • Желтоқсан айының 24-і күні Орал қаласының Қазақ драма театрында Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың атынан дәстүрлі жаңа жылдық шырша болып өтті. Аталған  шараға лицейіміздің 8 сынып оқушысы Хамзин Темір қатыстырылды.Мерекелік шыршаның басталуында арнайы жазылған бейнетаспа арқылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шыршаға жиналған балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құт­тық­тап, оларға зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын, барынша жақсы оқып, сапалы білім алып, мақсаттарына жете берулерін тіледі. Президент құттықтауынан соң об­лыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйлеп, шыршаға жиналған балалардың әрқайсысына Елбасы атынан сыйлық таратты. Әр сыйлықта жылы сыртқы, спорттық киімдер, тәтті тағамдар бар. Балдырғандардың асыға күтетін мейрамында өнерпаздар мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, ертегі кейіпкерлерінің көмегімен түрлі ойындар ойналып, қызықты қойылымдар болды. Алдын-ала жоспарланғандай оқушылар «Айдана» мейрамханасына барып, тамақтанды. Одан кейін City Center cауда үйінің ойын-сауық кешенінде әр түрлі ойындар ойнап, мультфильм көрді. Ұйымдастырылған жаңа жылдық кештен  оқушымыз ерекше әсер алып, жақсы көңіл-күймен оралды. 

        • «Бала тәрбиесіндегі басты құрал - мектеп  пен ата-ана ынтымақтастығы»тақырыбында ата-аналар семинары өтті
          • «Бала тәрбиесіндегі басты құрал - мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы»тақырыбында ата-аналар семинары өтті

          • Желтоқсан айының 19-ы күні лицейімізде «Бала тәрбиесіндегі басты құрал - мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы» тақырыбында 7-11 сынып ата-аналарына арналған семинар өткізілді. Елбасы жолдауындағы 10 мақсатты жолдың бірі білім мен ғылым әлеуетін көтеру мәселесін жүзеге асыруда ата-аналар мен лицей арасындағы байланысты нығайту, І жарты жылдықтағы лицей тынысымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған семинар 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Р.О.Хамза білім сапасын сараптап, І және ІІ тоқсан нәтижелерін салыстырмалы түрде айтып өтсе, тәрбие ісі бойынша Г.Б.Сагитова бірінші жарты жылдықта өткізілген тәрбиелік шаралар мен оларға ата-аналардың қатысуын мониторинг түрінде көрсетті. Семинардың келесі бөлімінде ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, баласының оқу үлгерімі, тәртібі жөнінде мағлұмат алды. Жалпы ата-аналардың жиналысқа қатысуы белсенді болды. 

        • "Жас Ұлан" ұйымы қатарына қабылдау
          • "Жас Ұлан" ұйымы қатарына қабылдау

          • Желтоқсан айының 15 жұлдызында лицейімізде 7 сынып оқушыларын «Жасұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен ұйымға биылғы оқу жылында 30 оқушы қабылданды. Лицей директоры Муканов Алмас Джубайұлының бастауымен ұйымға қабылданғалы отырған оқушыларға төсбелгілер тағылып, ант қабылданды.  Кеш барысы өткен оқу жылдарында «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушылардың ән, би, күй өнерлерімен жалғасын тауып отырды. Патриоттық сезімге толы көріністер қойылып, өлеңдер оқылды. Кеш соңында жасұландықтар хормен ән шырқады. 

        • Спорттық ойындардан жарыс
          • Спорттық ойындардан жарыс

          • 2015  жылдың 21 желтоқсан күні  лицейімізде 8-10 сынып оқушылары арасында теннис, шашка, волейбол ойындарынан жарыс өтті. Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат оқушылар арасында шашка, теннис, волейбол ойындарының кең тарауын қамтамасыз ету, дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді спортпен тұрақты шұғылдануға тарту болды. Шашка - ақыл-ой ойыны болса, теннис пен волейбол  шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін спорттық ойын. Жарыс нәтижесі бойынша теннистен 8С сынып оқушылары Әділ Әлбер мен Науан Төреби  І орын, Капаров Дамир мен Тулебергенов Али ІІ орын, ІІІ орынды 9А сынып оқушылары Боранбай Бекзат пен Мизам Өркен иеленді. Волейболдан командалық есепте 10 С сыныбына - І орын, 9А сыныбына – ІІ орын, 8 С сыныбына – ІІІ орын берілді. Шашка ойыны бойынша 9А сынып оқушылары Аманбаев Ершат І орын, Қосмағұл Диас ІІ орын, 8В сынып оқушысы Гумаров Нуридден ІІІ орыннан көріне білді. Ойындар өте қызықты да тартымды өтті және алдағы  уақытта жиі ұйымдастырылатын болады. 

             

        • Достық олимпиадасы
          • Достық олимпиадасы

          • 2015 жылдың  5 желтоқсан күні облыстағы аудан және қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында  дәстүрлі «Достық» олимпиадасы өткізілді. Оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру, емтиханның тесттік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету, облыстағы аудан, қала мектептері мен лицей  арасындағы қарым-қатынасты нығайту, дамыту мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға 144 оқушы қатысты. Жоспар бойынша 100 сұрақтық тест үшін 120 минут уақыт  берілді.

            Нәтижесінде:

            5 сынып бойынша

            -        І орын алған оқушы саны -1

            -        ІІ орын алған оқушы саны -2

            -        ІІІ орын алған оқушы саны –6

            -        Алғыс хат- 4

            6 сынып бойынша

            -        І орын алған оқушы саны - 2

            -        ІІ орын алған оқушы саны - 3

            -        ІІІ орын алған оқушы саны – 5

            -        Алғыс хат- 4

                      Олимпиаданың қорытындысында жоғары балл жинаған оқушылар облыстық білім басқармасының «Дипломымен» марапатталды. Облыс бойынша ең жоғары ұпайға ие болған оқушылар  6-сынып бойынша А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының оқушысы Сагынгерей Алихан, 5-сынып бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп оқушысы Гайсин Аркен болды. Білім додасында биіктен көріне білген оқушыларды құттықтаймыз!

        • Облыстық ғылыми жоба
          • Облыстық ғылыми жоба

          • Желтоқсан айының 7-8-і  күндері «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың  негізгі мақсаты мен міндеті оқушылардың ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық жұмыстарын ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік  әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. Байқауға лицейімізден 35 жұмыс  ұсынылып, оның ішінде 11-і  жүлделі орындарға, 4 жоба грамотаға ие болды.  Атап айтсақ, 3-І орын, 4-ІІ орын және 4-ІІІ орынды қанжығамызға байлап, ІІ кезеңге жолдама алдық.    Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызға сәттіліктер тілейміз.

             

        • Лицейіміздің жас зерттеушілері
          • Лицейіміздің жас зерттеушілері

          • ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің қарыштап дамыған заманы. Тек білімді азаматтарымен ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ. Білімді ұрпағы бар мемлекет өзінің даму жолында қандай да болмасын кедергілерге, тосқауылдарға қарсы тұра алады.

            Желтоқсан айының 1-4 күндері аралығында «Дарын» қосымша білім орталығының базасында облыстық «Импульс-2015» жас зерттеушілер мен өнертапқыштар интеллектуалды турнирі өткізілген болатын. Оқушылардың математика, физика, техника саласындағы ізденіске, зерттеушілікке, өнертапқыштыққа оқу-танымдық қызметін ынталандыру, нақты ғылым-білімдерін насихаттау, ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған турнирге оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, 8 сынып оқушысы Шкода Виктор «Өнертапқыштық теориясы мен тарихы» турынан ІІІ дәрежелі, 7 сынып оқушысы Ибаттуллиев Асыланбек ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

            Шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз. 

        • Елбасы жолдауы – жарқын болашаққа бағдар
          • Елбасы жолдауы – жарқын болашаққа бағдар

          • «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз» - деп Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына жолдауын жария етті. Қараша айының  30-ы күні Мемлекет басшысының жаңа жолдауын Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ұжымы мен оқушылары да тыңдаған болатын.

            Лицей ұжымы Елбасының жолдауын қолдайды, жоспарланған мәселердің оң шешім табатынына үлкен сеніммен қарайды. Сонымен қатар Елбасының саясатына қолдау көрсету мақсатында лицейімізде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік оздырылуда, жоспарға сәйкес түрлі шаралар өткізілуде. Бұл шаралардың мақсаты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолымен оқушыларды таныстыру, мағлұмат беру, еліне деген патриоттық сезімін ояту, Елбасының еңбек жолынан үлгі алуға , халқын сүюге, елінің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуға, кірпіш болып қаланулары үшін білімділікке тәрбиелеу. 

        • «Intel-logic-2015» интеллектуалды  турнирінің жеңімпаздары
          • «Intel-logic-2015» интеллектуалды турнирінің жеңімпаздары

          • Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасы мен «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «Intel-logic» логикондар, логикалық  есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турниріне оқушыларымыз қатысып, білімдерін сынап жүр. Мектептердегі нақты ғылымдар пәндеріне бейім оқушылардың білімдерін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын ояту мақсатында қараша айының 18-26 күндері өткізілген VI облыстық «Intel-logic-2015» интеллектуалды турнирінде де оқушыларымыз үздіктер қатарынан танылды. Атап айтсақ, 8 сынып оқушыcы  Аделов Алдияр және 11 сынып оқушысы Теңдіков Дидарға І дәрежелі диплом берілді. Сонымен қатар 7 сынып оқушысы Асқаров Еламан мен 10 сынып оқушысы Азаматов Алихан дипломмен марапатталды.Ұстаздарының сенімін ақтай білген шәкірттерімізге алдағы уақытта да жетістіктер тілейміз. 

        • «Офицер-ерлік мамандығы»
          • «Офицер-ерлік мамандығы»

          • Ел мен жерді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы,қастерлі борышы мен міндеті. «Офицер – бұл ең алдымен борыш, содан кейін – мамандық. Офицерлік борышты мінсіз атқару ерлікті, биік моральдық қасиеттерді, тәртіп пен табандылықты қажет етеді. Оқушылар бойына патриоттық тәрбие қалыптастыру, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және мектеп бітіргелі отырған түлектерге кәсіби бағыт беру мақсатында 27 қараша күні лицейімізде 5517 әскери бөлім сардарларымен «Офицер-ерлік мамандығы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 11 сынып оқушылары қатысып, еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарына түсу ережелерімен танысты және әскери өмірдің қиыншылықтары мен қызықтары туралы білді. Арнайы әзірленген слайттан қарулы күштеріміздің бүгінгі бет-бейнесін, әуе, құрлық, теңіз сарбаздарының  қимыл-әрекеттерін тамашалады.Аталған кездесу барысында оқушыларға әскерилер өмірінен мол мағлұмат берілді және жақсы әсер қалдырды. 

        • «TERRA 2015» интеллектуалды турнирінің жеңімпазы
          • «TERRA 2015» интеллектуалды турнирінің жеңімпазы

          • Жыл сайын дәстүрлі түрде  Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен облыстық «TERRA» география, биология, экология интеллектуалды турнирі өткізіледі.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, білімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын облыстық турнирде оқушымыз үздіктер қатарынан танылды. Ерекше білімі, ойлау көкжиегінің кеңдімен көзге түскен 8 сынып оқушысы Мурзагалиев Арман І орынды иеленді.Шәкіртіміздің алдағы уақытта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

             

        • «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
          • «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

          • Қараша айының 20 жұлдызында Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей –интернаты КММ кітапханасында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен, Елбасы туралы жариялымдармен таныстыру, Елбасыға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату, түрлі ақпараттық көздерді пайдалануды үйрету, оқушының қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге мектебіміздің 8б сынып оқушылары қатысты.   Кітап көрмесімен таныстыру барысында Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз екендігі оқушыларға баяндалып берілді. Кітап көрмесінің жобасы 3 бөлімнен тұрды:  I бөлім – «Халқының сайлап алған қалаулысы» - Кітап көрмесінің  I бөліміне Н.Назарбаевтың кітаптары, Жолдаулары, сөйлеген сөздері мен баяндамалары, сұхбаттары қойылды. II бөлім – «Ғибратқа толы ғұмыр» - Кітап көрмесінің II бөліміне Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, Елбасы туралы жалпы мәліметтер, Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы туралы әдебиеттер қойылды. III бөлім – «Әлемдік ауқымдағы саясаткер » - Кітап көрмесінің бұл бөліміне Әлем елдері басшылары мен саясаткерлерінің Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірлері, Елбасының халықаралық наградалары мен құрметті атақтары және ол туралы шет тілдеріндегі әдебиеттер қойылды. Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшымен, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 25 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық. Ендеше Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!

        • Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
          • Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

          • Қараша айының 20-сы күні лицейімізде  «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»» тақырыбында 7 сынып оқушыларына іс-шара өткізілді. Дұрыс тамақтанудың маңызы, тамақтану тәртібі және санитарлық –гигиеналық  талаптар  жөнінде мағлұмат беру  мақсатында ұйымдастырылған шара барысында  «Өз тазалығымызды қалай сақтаймыз?» психологиялық тренингі, «Ас-адамның арқауы» тақырыбында сауалнама  өткізілді және лицей диетбикесі Р.Р. Валитова «Дұрыс тамақтану мәдениеті және тамақтану гигиенасы» тақырыбында дәріс оқыды. Оқушылар аталған шарадан мол мағлұмат алды және шара қызықты да тартымды өтті. 

        • «Мамандықты таңдау-болашаққа жол ашу»
          • «Мамандықты таңдау-болашаққа жол ашу»

          • 17 қараша күні лицейімізде «Мамандықты таңдау-болашаққа жол ашу»  тақырыбында іс-шара  өткізілді. Мектеп бітіргелі отырған әр түлектің көкейінде «қазіргі нарықтық заманда қандай мамандық сұранысқа ие?», «қандай мамандықты таңдаған жөн?», «ҰБТ кезінде қандай талаптарды білу керек?» деген сауалдар жүргені анық. Оқушылардың болашақта дұрыс мамандық таңдауларына бағыт беру мақсатында ұйымдастырылған шараға әр саладағы арнайы мамандар қатысты. Атап айтсақ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың  жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының жетекшісі А.С.Аманбаев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың қабылдау бөлімінің жетекші маманы Қ.Қ.Ташай, БҚО денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Б.Е.Хасайнов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі М.Е.Габдуллин және БҚО Әскери авиадиспетчері Х.Х.Гайтпаев.Кездесу барысында оқушыларға жоғары оқу орнына тапсыру талаптары, мамандық түрлері, олардың маңыздылықтары туралы нақты әрі терең түсініктер берілді. Әсіресе оқушыларға Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде кездесетін мәселелер төңірегіндегі сұрақ-жауаптар қызықты да маңызды болды.  Мамандықтар жөнінде нақты ақпараттар берілетін және оқушыларға бағыт-бағдар көрсететін осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.....

        • Тәртіп-тәрбие бастауы
          • Тәртіп-тәрбие бастауы

          • Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында БҚО дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында да жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Маңызды шаралардың бірі  2015 жылдың қараша айының 13-і күні 10-11 сыныптардың  оқушыларына арналған  бала құқығына байланысты заң талаптарын ұғындыру және туған ел мен жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Тәртіп - тәрбие бастауы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел болды.

                      Шараны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Хамза өткізіліп отырған дөңгелек үстелдің мән-мағынасы туралы кіріспе сөзімен ашты. 

                      Шараға БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.Т.Оразгалиева мен осы мекеменің маманы Н.Н.Нұрболатова   қатысып, әр оқушы Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзіне қатысты заңдарды білуі керектігін айта отырып, ол заңдарда көрсетілген өздерінің құқықтары мен міндеттерін өмірде пайдалана білуі туралы кеңес берді, бала құқығына байланысты заңдарды түсіндірді. Сонымен бірге өмірден алынған нақты мысалдар келтіріле отырып, балалар арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында нұсқаулар берілді. Одан әрі сұрақ-жауап түрінде өрбіген сұхбат барысында оқушылар бірнеше сұрақтар қоя отырып, нақты жауаптар алды. Лауазымды тұлғалар мен оқушылардың арасындағы ашық әңгіме жағдайында өткен шараның тағылымдық, тәрбиелік мәні зор болды.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Сагитова бала құқығын қорғау бағытында елімізде көптеген жұмыстар жүргізілетіндігін және мектептегі атқарылып жатырған жұмыстар туралы айта келе дөңгелек үстелді қорытындылады.

             

        • MOSTRATEC Халықаралық ғылыми жобалар сайысының алтын медаль иегері
          • MOSTRATEC Халықаралық ғылыми жобалар сайысының алтын медаль иегері

          • 26-30 қазан аралығында Бразилияның Ново-Гамбург қаласында өткен «MOSTRATEC» халықаралық ғылыми жобасынан лицейіміздің 11 сынып оқушысы Еркін Нұрлан «Study of microflora of Kazakhstan «Shubat»»  тақырыбында өз жобасын қорғап, алтын медаль иеленді. Бұл жобаға әлемнің 28 елінен 875 оқушы қатысып, 450 жоба қорғалған болатын. Оқушымыз жүзден жүйрік шығып, қатарластарының алдынан көрінді.Оқушысын бәйгеге дайып, жан-жақты бағыт бере білген ғылыми жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сүйеуов Нұрлан Қасымұлының еңбегі зор екендігін ерекше атап өту керек.Өз бағытындағы жобаны нәтижелі қорғап, суырылып шыққан шәкіртіміздің болашағынан зор үміт күтеміз.

        • Мектепішілік "Алтын доп" баскетболдан жарыс
          • Мектепішілік "Алтын доп" баскетболдан жарыс

          • 2015 жылдың 12-14 қазан күндері  7-9  сынып оқушылары  арасында  «Алтын доп» мектепішілік баскетбол жарысы өткізілді. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру , ойын шеберліктерін шыңдау, үздік команданы анықтау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа  8 командадан 110 оқушы қатысты. Жас ерекшеліктері бойынша қатарлас оқушылар арасындағы ойын тартысты өтті және үздік ойын техникаларымен ерекшеленген ойыншылар көзге түсті. Атап айтсақ, 7 «В» сыныбының оқушысы Хамидуллин Диас, 8 «В» сыныбының оқушысы Салиев Данияр, 8 «С» сыныбының оқушысы Капаров Дамир.  Жарыстын қорытындысы бойынша  9 «А» сыныбы - III  орын  , 8 «В» сыныбы  - II  орын  және 8 «С» сынып командасы - I орынды  жеңіп алды. Сонымен қатар  мектепшілік жарыстың жеңімпаздары «Алтын доп» иегерлері   атанды.