• "Қызыл ту" спорттық жарысы
          • "Қызыл ту" спорттық жарысы

          • 2015 жылдың 13 ақпан күні Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 7-8 сынып оқушылары арасында  «Қызыл ту» спорттық жарысы өтті. Ұйымдастырылған жарыстың мақсаты оқушылардың дене шынықтыру және спортпен айналысу қызығушылығын арттыру, баскетбол ойынының кең тарауын қамтамасыз ету, дене тәрбиесі мен спорттық бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, мектеп оқушылары арасында отансүйгіштік тәрбиесін күшейту мен салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту болды. Бұл жарысқа  облыстық төрт мектептен 40 оқушы қатысты . Атап айтсақ  «Назарбаев  зияткерлік мектебі,  №6 облыстық  жалпы білім беретін мектебі, дарынды балаларға арналған №11 мектеп, №8 облыстық мектеп  және Қазақ – түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты. Аталған жарыстан лицейіміздің оқушылары ІІ  орынды  иеленді. 

        • VII облыстық шаңғы жарысы
          • VII облыстық шаңғы жарысы

          •  Ағымдағы жылдың 12-14 ақпан күндері Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай мектеп және колледж оқушыларының  арасында VII облыстық шаңғы жарысының спартакиадасы өтті. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген спартакиадаға 1998,1999, 2000, 2001 жылғы 10 аудан, облыс оқушылары  арасынан 150 шаңғышы сайысқа түсті. Аталған жарысқа лицейімізден 11 оқушы қатысып, алдыңғы орындардан көріне білді. Атап айтсақ, 1998-1999 жылғы оқушылар арасында 5мың шақырымға 50 оқушы  жарысса,  лицейіміздің 9 В сынып оқушысы  үздік 10-шы  , 9 С сынып оқушысы Исмаилбаев Ринат 15-ші, 9 С сынып оқушысы Амиргалиев Рустам 17 орында келді. 2000-2001 жылғы оқушылар арасында 2,5 мың жақырымға 100 оқушы қатысып, лицейіміздің 8В сыныбының оқушысы  Қайреден Алдияр 15-ші, 7С сынып  оқушысы  Мурзагалиев Арман 16-шы, Петри Адам 20 орында мәреге жетті. Жарыс оқушыларға қатты ұнап, алдағы уақытта үздік көрсеткіштерге ие болатындарын айтты. 

             

        • "Оқы, үйрен, ағылшынмен қызық көр" тақырыбында ағылшын тілі апталығы өтті.
          • "Оқы, үйрен, ағылшынмен қызық көр" тақырыбында ағылшын тілі апталығы өтті.

          •          Ақпан айының 9-12 күндері аралығында лицейімізде «Оқы, үйрен, ағылшынмен қызық көр» атты апталық оздырылды. Апталықтың мақсаты оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру және оқушылардың сабақта алған, меңгерген білімін, пәнге қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыру болды. Дүйсенбі, яғни ақпанның 9-ы күні  апталықтың ресми ашылуын өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері оқушыларды апталық барысында өтетін іс-шаралармен таныстырды. Апталық барысында жоспарға сай ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар оздырылды. Атап айтсақ, ағылшын  тілі пәні мұғалімдері М.Капашев «General knowledge Quiz» тақырыбында  9 сыныпқа ашық сабақ, М.Ф.Улкер 7-10 сынып оқушыларына «Who wants to be a millionaire?» тақырыбында сыныптан  тыс шара өткізді. Сонымен қатар мұғалімдерге «Ағылшын тілін қалай оқимыз және «IELTS»  емтиханы» тақырыбында семинар және 7 сыныптар арасында «Why English?» дебат ұйымдастырылды. Ағылшын тілінде ән айтып, көрініс көрсету жарысы  өткізіліп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жәрмеңке  ұйымдастырылды. Апталықтың бесінші күні Н.Калижанов 7-11 сынып оқушыларына «Big hero 6» тақырыбында көркем фильм көрсетті. Жоспарланған шаралар уақытында орындалып, оқушылар көңілінен шықты. Апталықтың соңғы күні қорытындыланып, өткізілген іс-шараларға ерекше белсенділікпен қатысқан оқушылар марапатталды. 

        • Лицей оқушылары арасындағы дебат
          • Лицей оқушылары арасындағы дебат

          • Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп-өркендеуі мен Елбасының атап айтқандай бәсекеге барынша қабілетті болуы ең алдымен осы мемлекеттің іргесін құрайтын жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналығы мен өмірге бейімділігіне байланысты болса керек. 

                   Бүгінгі оқушы өзінің алдағы бағытын дұрыс белгілеп, саралай білуі  үшін оларға берілген білім өзегінде өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным қалыптастыратын, жаңа ақпараттарды тез түсіну, ортаға тез бейімделіп, іскерлік қасиетін дамытатын тәсілдер қамтылуы тиіс .

                   Мектеп оқушысының пікір-пайымын дұрыс жеткізумен қатар, оның өз көзқарас тұжырымдарын дәлелдей алуы – өте маңызды дағды. Осы тұрғыдан алғанда, пікірталастың орны ерекше. Осы орайда 12 ақпан күні Назарбаев  интеллектуалдық мектеп базасында тарих пәнінің мұғалімі Б.Х.Мыңбаевтың ұйымдастыруымен Қазақ-түрік лицейі, № 6 жалпы білім беретін орта мектеп және НИШ оқушыларынан құралған командалар арасында пікірталас өткізілді. Мектебіміздің командасы құрамында Бекмагамбетов Мақсат, Базаралиев Аман, Нұржігітов Темирлан қатысты.

                  Ұтымды ой айту , құнды сөз арқылы ойындағысын жеткізу- ата-бабадан қалған игі дәстүр. «Шешендік- көп сөздікте емес, тапқырлықта» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай шешендік өнердің қыр-сырын жетік меңгеріп, саналы да ұтымды ойды тапқырлықпен ұштастыра білген жастарымыз осы пікірталас барысында айқындалды. Олардың ел үмітін ақтар ертеңгі болашағымыз екеніне үмітпен қараймыз

        • «Пікірталас: жұрт алдында сөз сөйлеу дағдылары мен көзқарастар презентациясы» тақырыбында семинар-тренинг  өтті
          • «Пікірталас: жұрт алдында сөз сөйлеу дағдылары мен көзқарастар презентациясы» тақырыбында семинар-тренинг өтті

          • 2015 жылдың 5-ақпан күні лицейімізге  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары келіп, 9-сынып оқушыларына  «Пікірталас: жұрт алдында сөз сөйлеу дағдылары мен көзқарастар презентациясы» тақырыбында семинар-тренинг  өткізді. Семинар 2 аудиторияда,  қазақ және орыс топтарында өтіп, 3 кезеңнен тұрды. І кезеңде дебат туралы түсінік, американдық парламенттік формат технологиясы, пікірталас дағдылары туралы теориялық мәліметтер айтылса, ІІ кезеңде «Ата-аналардың балаларының жеке өміріне араласуы дұрыс па?» деген тақырыпта дебат көрсетілім ұйымдастырылды. ІІІ  теориядан-практикаға кезеңінде ҚТЛ оқушылары мен НЗМ оқушылары бірігіп, «Ғаламтор адамзаттың жеңісі» деген тақырыпта пікірталасты. Семинар-тренинг өте қызықты өтіп, оқушылар белсене қатысты. НЗМ оқушылары ҚТЛ оқушыларын өз мектептеріне шақырып, алдағы уақытта осындай шаралар ұйымдастырып тұруға ұсыныс білдірді.

             

        • Спорт шеберлерімен кездесу өтті
          • Спорт шеберлерімен кездесу өтті

          • Ақпанның 12-сі күні лицейімізде 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен спорт шеберлерімен кездесу өтті. Кездесуге жаттықтырушы, байдарка, кано есуден еңбек сіңірген спорт шебері, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Акунишников Александр Павлович, қазақстандық байдарка есуден  әлемдік дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарының алтын медаль иегері Дергунов Алексей Викторович және жас спортшы, Минск қаласында студенттер арасында өткен байдарка мен каноэ есуден әлем чемпионатының алтын және күміс медаль иегері Ергучев Андрей қатысты. Шараның мақсаты оқушыларға еліміздің намысын қорғап, көптеген халықаралық жарыстарда еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спортшыларымызды таныстыру, оларды үлгі тұту, салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақтың спортқа жақын өсуіне ықпал ету болды. Кездесуге шақырылған қонақтар өздерінің жетістіктері, сол жетістікке жету жолындағы еңбектері туралы айтып өтті. Кездесу оқушыларға ұнап, ерекше әсер қалдырды.

             

        • «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы
          • «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы

          • 2015 жылдың 2-12 ақпан аралығында  өткізілуі жоспарланған  «Өзін-өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің алғашқы іс-шарасы «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы оздырылды. Іс-шараның мақсаты белгілі ақындарымыздың өлеңдерімен таныстыра отырып, мектебіміздегі өнер, өлең десе алдына жан салмайтын дарынды оқушыларды қолдау. Мәнерлеп оқу жарысына жалпы 8 оқушы қатысып, ІІІ орынды 7 А сынып оқушысы Әділ Әлбер, ІІ орынды 7 В сынып оқушысы Бергенгалиев Әкежан, І орынды 8 В сынып оқушысы Бекжан Альберт иеленді. Мәнерлеп оқу сайысы өз мақсатына жетті, тіпті оқушылардың өз туындыларымен қатысуы қуантарлық жағдай болды. Осыған орай әділқазылар алқасы 8 В сынып оқушысы Қапсих Айдар мен Амангелді Ермаханды Алғыс  хатпен  марапаттау қажет деген шешімге келді. 

        • XI облыстық «Апельсин-2015» физика-техникалық  турнирі
          • XI облыстық «Апельсин-2015» физика-техникалық турнирі

          • Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Апельсин» физика-техникалық  турниріне оқушыларымыз қатысып, білімдерін сынап жүр. 2014-2015 оқу жылының 5 ақпан күні өткізілген XI облыстық «Апельсин-2015» физика-техникалық  турнирінде де оқушыларымыз үздіктер қатарынан танылды. Атап айтсақ, 9-сынып оқушылары Аманжол Азат, Лухманов Евгений, Махмет Байсал, Тулегенов Диастан құралған лицейіміздің командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ал жекелей есепте ерекше білімдері, ойлау көкжиегінің кеңдімен көзге түскен Лухманов Евгений «Үздік физик-эрудит» турының І дәрежелі жеңімпазы, «Үздік физик-теоретик» турының да І дәрежелі жеңімпазы атағын иеленсе,  Тулегенов Диас  «Үздік физик-эрудит» турының ІІ  дәрежелі, «Үздік физик-теоретик» турының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Ұстаздарының сенімін ақтай білген шәкірттерімізге алдағы уақытта да жетістіктер тілейміз. 

        • «Ынтымақ түбі - береке» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
          • «Ынтымақ түбі - береке» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

          • Елдің басты құндылығы Отаны, өз елі екенін оқушы бойына сіңіре отырып, ынтымаққа, достыққа өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Ынтымақ түбі - береке» атты тәуелсіз Мемелекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеяның құрылғанына – 20 жыл толуына орай лицейімізде  8-сынып оқушыларына  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.С.Абилованың ұйымдастыруымен тәрбиелік шара өткізілді.Тәрбиелік шара барысында Қазақстан мемлекетінің кешегісі мен бүгінгісі туралы ой қозғалып, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, қызықты, ұтымды пікірлер ортаға салынды. Патриоттық әндер айтылып, достық, бірлік туралы өлеңдер оқылды. Суреттер арқылы оқушының келешекке деген балалық шынайы көзқарасы айқындалып, 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті, бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруі -  бірліктің, Елбасының сарабдал саясатының арқасында екенін ұқты. Оқушылар, сабаққа қатысқан мұғалімдер керемет әсер алып, тәрбиелік шараның өз деңгейінде өткенінің куәсі болды.Елдің басты құндылығы Отаны, өз елі екенін оқушы бойына сіңіре отырып, ынтымаққа, достыққа өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Ынтымақ түбі - береке» атты тәуелсіз Мемелекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеяның құрылғанына – 20 жыл толуына орай лицейімізде  8-сынып оқушыларына  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.С.Абилованың ұйымдастыруымен тәрбиелік шара өткізілді.Тәрбиелік шара барысында Қазақстан мемлекетінің кешегісі мен бүгінгісі туралы ой қозғалып, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, қызықты, ұтымды пікірлер ортаға салынды. Патриоттық әндер айтылып, достық, бірлік туралы өлеңдер оқылды. Суреттер арқылы оқушының келешекке деген балалық шынайы көзқарасы айқындалып, 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті, бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруі -  бірліктің, Елбасының сарабдал саясатының арқасында екенін ұқты. Оқушылар, сабаққа қатысқан мұғалімдер керемет әсер алып, тәрбиелік шараның өз деңгейінде өткенінің куәсі болды.

        • Офицер – айбын мен ерлік мамандығы
          • Офицер – айбын мен ерлік мамандығы

          • Бүгін  лицейіміздің түлегі,  Ақтөбе әуе күштері институтының І курс курсанты  Мусин Айболат пен 10-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Мақсаты оқушыларды патриоттыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу. Шараны  тарих пәні мұғалімі А.А.Кабиева батырлық, ерлік,  азаматтық борыш пен міндет  туралы сөз қозғап бастаса, АӘД пәні мұғалімі Б.Д.Нығметов Қазақстан Республикасындағы, жақын және алыс шетелдердегі әскери ЖОО, оларға 17-21 жас аралығындағы ер балаларды қабылдау тәртібі туралы мәлімет берді. Одан кейін лицейіміздің түлегіне сөз берілді. Мусин Айболат әскери оқу орнындағы күн тәртібімен, оқу кестесімен, әскери өмір тұрмыс-салтымен таныстырып өтті. Бұл игі шара оқушылар үшін үлкен тәрбиелік маңызға ие болды. Сондай-ақ, түлегіміз  11-сынып бітіргелі отырған оқушыларға оқуда сәттілік, алдағы ұлттық бірыңғай тестіден жақсы нәтижемен оралуларына тілектестік білдіріп, ақ жол тіледі. Шара қызықты да, тартымды өтті.

        • «Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңірудегі тәрбие шараларының тиімділігін арттыру жолдары»тақырыбында семинар өтті
          • «Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңірудегі тәрбие шараларының тиімділігін арттыру жолдары»тақырыбында семинар өтті

          • 2015 жылдың 26 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы, мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты базасында  «Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңірудегі тәрбие шараларының тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған семинарда лицейіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Г.Б.Сагитова  «Лицейде ұлдарды тәрбиелеудегі патриоттық тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбында  баяндама оқыды. Бұл баяндамада лицей оқушыларын тәрбиелеудегі іс-шараның  маңыздылығы мен  патриоттық тәрбие берудегі жұмыс үрдісінің жүйелі жүргізілуі атап өтілді. Патриоттық тәрбиеге байланысты дайындалған баяндама көпшіліктің назарын аударып, іс-тәжірибе алмасуға негіз болды.

        • "Сапалы білім- оқытудың басты нысаны" тақырыбында семинар өтті
          • "Сапалы білім- оқытудың басты нысаны" тақырыбында семинар өтті

          •       Қаңтар айының 19-күні Батыс Қазақстан облыстық  дарынды  балаларға  арналған қазақ - түрік  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында облыстық білім басқармасы әдіскерлерінің ұйымдастыруымен аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша әдіскерлері мен облыстық мектептердің  қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестіктері жетекшілеріне арналған «Сапалы білім- оқытудың басты нысаны» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты аудандық, қалалық білім бөлімдерінің  қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша әдіскерлерінің біліктілік деңгейін көтеру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Аталған семинар жоспарына сай лицейіміздің бағдарлы оқыту ісі жөніндегі директордың орынбасары Б.К.Рысбеков «Желілік қауымдастық» тақырыбында презентация жасап, Edu Page сайты туралы тереңірек түсінік берді. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Г.Б.Сагитова «Қарым-қатынас бірлігі» тақырыбында коучинг өткізді. Ұйымдастырылған семинар қатысушылар көңілінен шығып, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

             

             

        • "Елбасы жолдауы-кемел келешек бастауы" тақырыбында кездесу өтті
          • "Елбасы жолдауы-кемел келешек бастауы" тақырыбында кездесу өтті

          •         2015 жылдың қаңтар айының 20-сы күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының басты басымдықтарын ұғындыру және туған ел мен жерге деген қазақстандық патриотизмдерін қалыптастыру мақсатында жоспарланған «Елбасы Жолдауы – кемел келешек бастауы» тақырыбындағы шара өткізілді. Шараға облыстық «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Қадыралиев Дархан Қанабекұлы қатысып, Елбасы Жолдауы туралы толық талдау жасап, оқушылармен еркін әңгіме жүргізді, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жолдауды оқушылармен ашық әңгіме жағдайында талдаудың тағылымдық, тәрбиелік мәні зор болды.

          • Қаңтар айының 15-сі күні  Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Сагитова Гульфайруз Болатқызы инновациялық технологиялар институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Ұстазы» кеуде медалін иеленді. Сонымен бірге «Қазақстан Ұстазы» қоғамдастығы энциклопедиясының мүшесі ретінде сертификатқа ие болды. Жас ұрпақтың бойына тәрбие құндылықтары мен тілге деген құрметті, сүйіспеншілікті дамыта түсу мақсатында еңбек жолындағы жасаған еңбектері көрініп, алғысқа ие болып жатқаны біз үшін де үлкен қуаныш. 

        • Жәутіков олимпиадасының қола медаль иегері
          • Жәутіков олимпиадасының қола медаль иегері

          •            2015 жылдың  11-17 қаңтар аралығында Алматы қаласында ҚР Ғылым және Білім министрлігінің және Алматы қаласы әкімінің қолдауымен   математика, физика және информатика пәндерінен халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілген болатын. Жыл сайын өткізілетін аталмыш білім додасында Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Румыния, Болгария, Индонезия, Үндістан, Моңғолия, Ауғанстан және Нигерия сияқты әлемнің 13 елінен келген  қатысушылар бақ сынасты. Жәутіков олимпиадасының негізгі мақсаты - оқушылар арасында физика-математика ғылымын насихаттау, басқа елдердің мамандандырылған мектептерімен достық қарым-қатынасты орнату, олимпиаданы ұйымдастыру әрі өткізу тәжірибелерімен алмасу, Қазақстанның білімі мен мәдениеті деңгейін басқа елдерге көрсету болып табылады.

                     Аталған білім сайысына Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ - түрік мамандандырылған мектеп - лицей – интернатының 11- сынып оқушысы Каиржанов Дамир қатысып, қола медальді қанжығасына байлады. Мерейімізді үстем еткен оқушымызды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, түсіністік танытып, қолдау көрсеткен ата-анасына алғысымызды айтамыз. Еліміздің, лицейіміздің намысын қорғап, жеңіспен оралған шәкіртімізге алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз. 

        • Лицей мұғалімдеріне «Сабақты жоспарлаудағы кері байланыстың маңыздылығы» тақырыбында коучинг өткізілді
          • Лицей мұғалімдеріне «Сабақты жоспарлаудағы кері байланыстың маңыздылығы» тақырыбында коучинг өткізілді

          • 2014 жылдың 9-желтоқсан күні тарих пәнінің мұғалімдері А.Б.Нуртазина, Б.С. Кенжеалиева, А.А.Кабиеваның ұйымдастыруымен «Сабақты жоспарлаудағы кері байланыстың маңыздылығы» тақырыбында коучинг өткізілді. Методикалық тұрғыдан тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін коучинг сабағына 9 мұғалім қатысты. Мұғалімдерді психологиялық жағынан дайындау мақсатында коучинг мұғалімдердің бір-біріне тілек жазуды мақсат еткен «Тілектер бұрқасыны» тренингісімен басталды. Коучинг барысында Кері байланыс ұғымы, рөлі туралы тақырыптың мазмұнын ашу бағытында «Кубизм», «ПОПС-формуласы» әдістері қолданылды. Сабақ соңында мұғалімдер «Бес саусақ» атты кері байланыс арқылы коучинг барысында үйренгендерін атап өтті. «СМС хабарлама жіберіңіз» тәсілі арқылы сабаққа  қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

        • Облыстық олимпиада жеңімпаздары
          • Облыстық олимпиада жеңімпаздары

          •          2015 жылдың 9-10 қаңтар күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша облыстық білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада өтті. Олимпиаданың бұл кезеңі осымен бесінші жыл қатарынан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өткізіліп келеді. Биылғы жылы облыстық кезеңге 13 пән бойынша аудандар мен қала мектептерінен 600- ге жуық оқушы қатысуға мүмкіндік алған болатын. Солардың ішінде  лицейімізден  48 оқушы қатысып, 36 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ  14 оқушы - І орын,12 оқушы- ІІ орын,10 оқушы- ІІІ орын алды.

                    Жүзден жүйрік деп танылған білімді 26 оқушымыз  алдағы наурыз айында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Орал қаласында, ал гуманитарлық пәндер бойынша Атырау қаласында өтетін республикалық кезеңде бақтарын сынайтын болады. 

        • Тұңғыш президент күніне арналған онкүндік
          • Тұңғыш президент күніне арналған онкүндік

          •           Биыл біз жылдағы үрдіспен шынайы жалпыхалықтық мереке — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз.

                      Бұл баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау күні, халық бірлігі мен келісім күні. Бұл мереке Қазақстан халқының өзінің Тұңғыш Президенті,  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа  жоғары сенімінің,  терең  қадір-құрметінің  жарқын көрінісі болып табылады.

                      Қараша айының 25-і мен желтоқсанның 5-і күндері аралығында Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Біздің Елбасымыз!» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік ұйымдастырылды. Аталған шараның  мақсаты елдің басты құндылығы Отаны, өз елі екенін оқушы бойына сіңіру, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру, елбасының идеялық басшылығының маңызы зор екенін және тарихи кезеңдердің мәнін түсіндіру, тәуелсіз Қазақстан үшін білімді жас ұрпақ болып тәрбиелену әр қайсысының міндеті екенін сезіндіру болды. 

                     Онкүндік барысында жоспарға сәйкес оқушыларға «Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы» тақырыбында фильм көрсетілді, «Елінің ержүрек азаматы!» тақырыбында ресми кездесу өткізілді. Кездесуге «Орал өңірі» газетінің тілшісі Серік Ықсанғали Ізбасарұлы және БҚО Қазақстан халқының ассамблеясының мүшесі, «Войнах» шешен ингуш мәдени ағарту ұйымының мүшесі Бокаев Мухтар Бокаевич қатысты. Әрбір сыныптарда «Біздің Елбасымыз!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, лицей кітапханасында «Елбасы күні- елдікке құрмет мерекесі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.    Өткізілген шаралардан оқушыларға зор мағлұматтар беріліп, тәрбиелік мәні зор болды деп ойлаймыз. 

        • «TERRA» география, биология, экология интеллектуалды турниріне оқушыларымыз қатысып жүлделі орынға ие болды
          • «TERRA» география, биология, экология интеллектуалды турниріне оқушыларымыз қатысып жүлделі орынға ие болды

          • «Ел ертеңі – интеллектуалды жастар»

            Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге артып келеді.

             

            Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың білім сапасын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей қамқорлығына алуы, оны -  мемлекеттің даму саясатының өзегі деп қарауы да осының айғағы. Ел дамуының XXI ғасырдағы стратегиялық өсу нүктесіне айналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Интеллектуалды капитал , инновациялық ойлау  - жаңа Қазақстанның басты құндылығына айналды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін облыстық «TERRA» география, биология, экология интеллектуалды турниріне оқушыларымыз қатысып, білімдерін сынап жүр. 2014-2015 оқу жылында да өткізілген бұл турнирде оқушыларымыз үздіктер қатарынан танылды. Шаимбетов Батырхан, Кулбарак Нұржан,Мурзагалиев Арман және Латифов Санжардан құралған лицейіміздің командасы облыстағы белсенді командалардың қатарынан табылып, дипломмен марапатталды. Ал жекелей есепте ерекше білімдері, ойлау көкжиегінің кеңдімен көзге түскен 7- сынып оқушысы Мурзагалиев Арман ІІ орынды,8-сынып оқушысы Латифов Санжар ІІІ орынды қанжығаларына байлады. 

        • Лицейімізде облыстық ғылыми жоба байқауы өтті
          • Лицейімізде облыстық ғылыми жоба байқауы өтті

          • Желтоқсан айының 18-і  күні «Дарын» облыстық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың  негізгі мақсаты мен міндеті оқушылардың ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық жұмыстарын ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік  әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.Байқаудың І кезеңінде 16 секция бойынша 223 жоба  қорғалса, лицейімізден 13 жұмыс  ұсынылып, оның ішінде 8-і  жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 3-І орын, 1-ІІ орын және 4-ІІІ орынды қанжығамызға байлап, ІІ кезеңге жолдама алдық.Аталмыш байқаудың  ІІ кезеңі 19-ы күні тест тапсырмасы арқылы өткізіліп,  қорытындысы бойынша лицейімізден 3 ғылыми жоба Республикалық кезеңге өтті.

                 Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызға сәттіліктер тілейміз.