• Республикалық олимпиаданың "Ең жас олимпиада қатысушысы-2015" атағының иегері
          • Республикалық олимпиаданың "Ең жас олимпиада қатысушысы-2015" атағының иегері

          • Наурыз айының 13-18 аралығында математика-жаратылыстану бағытында өткен Республикалық олимпиадаға лицейімізден 26 оқушы бақ сынады. Соның ішінде 10 сыныптың бағдарламасымен қатысқан 8 сынып оқушысы Латифов Санжар география пәні бойынша жоғары нәтиже көрсете білді. Санжар оқуға алғыр, ұқыпты, өз бетінше дайындығы жоғары, жауапкершілігі мол оқушы. Облыстық олимпиададан ІІІ орын иеленген Санжар республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткені үшін , " Олимпиаданың ең жас қатысушысы-2015" атағына ие болды. Білімге құштар, талабы таудай оқушымыздың шығар биігі алда деп сенеміз. 

        • Республикалық пән олимпиадасы
          • Республикалық пән олимпиадасы

          • 2015 жылдың 13-18 күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында оқушылар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады. Аталған білім жарысына республика бойынша 700-дей  оқушы қатысса, лицейімізден 26 оқушы бақ сынады. ІІ кезең бойынша өткізілген олимпиада қорытындысы бойынша Орал қазақ-түрік лицейі «Ең үздік олимпиадалық команда» болып табылды және 1 алтын, 9 күміс, 6 қола медальға ие болды. Сонымен қатар білім додасына география пәні бойынша 10 сынып атынан қатысқан 8 сынып оқушысы Латифов Санжарға «Олимпиаданың ең жас қатысушысы-2015» атағы берілсе, 11 сынып оқушылары Өтепбергенов Темирлан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Сансызбаев Жандос  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқу  грантын ұтып алды.  Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап, олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына келешекте табыс тілейміз. 

        • «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт» атты тәрбие жүйесі бойынша сырттай облыстық байқауы
          • «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт» атты тәрбие жүйесі бойынша сырттай облыстық байқауы

          • 2015 жылдың 27 ақпанында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт» атты тәрбие жүйесі бойынша сырттай облыстық байқауы өткізілді. Тәрбие беру жүйесіндегі инновацияларды дамыту, мектептің тәрбие жүйесі және оны іске асыру тиімділігінің мониторингісін, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын анықтау, қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқауға педагогикалық өтілі 3 жылдан жоғары аудан, облыс мектептерінің тәрбие орынбасарлары қатысты. Байқау шарттары бойынша 2015-2016 оқу жылына перспективтік тәрбие жұмысының жоспары, қазіргі білім технологияларын қолдану жөніндегі жеке тәжірибелері, нормативтік құжаттармен қатар Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналған іс шаралар жоспарлары мен жаңа үлгіде өткізу бағдарламалары қамтылды. Аталған байқауға лицейіміздің тәрбие орынбасары Г.Б.Сагитова қатысып, өзінің тәжірибесі мен жұмыс сапасының нәтижесінде  жүлделі ІІІ орынға ие болды. Лицейіміздің тәрбие саласындағы  басты тұлға, жұмысын  жүйелі ұйымдастыра білетін жауапты маман-әріптесімізге шығармашылық табыстар тілеп, алдағы уақытта да тек биіктен көріне біледі деп сенім білдіреміз. 

        • «Интербелсенді тақта – мұғалім көмекшісі» тақырыбында коучинг оздырылды
          • «Интербелсенді тақта – мұғалім көмекшісі» тақырыбында коучинг оздырылды

          • 2015 жылдың наурыз айының 4-і күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында ПШО-да (педагогикалық шығармашылық орталығы) І деңгей бағдарламасы бойынша тыңдаушылар география пәнінің мұғалімі С.Сайлауов пен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Р.Хамзаның ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық пән сабақтарында  интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақтарды жаңаша өткізуге бағытталған «Интербелсенді тақта – мұғалім көмекшісі» тақырыбында коучинг оздырылды. Коучингтің бастамасында «Қысты қимаймын, көктемді жырлаймын» тренингісі ұйымдастырылды және түрлі түсті қағаз қиындысын құрастыру арқылы қатысушылар үш топқа бөлінді. Қатысушылар интербелсенді тақта туралы таныстырылым қарағаннан соң І топ «Интербелсенді тақта деген не?», ІІ топ «Интербелсенді тақтаны қолданудың бағыттары», ІІІ топ «Интербелсенді тақтаны пайдаланудың  нәтижесі» бағыттарында берілген үлестірме материалдарымен жұмыстана отырып постер дайындады. Әрбір топ дайындаған постерді пайдалана отырып, өз тақырыптарын өзге топтарға түсіндірді және топтар бір-бірінің жұмысын «бас бармақ» әдісімен бағалады. Қатысушыларға «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесін толтырту арқылы кері байланыс жүгізілді және тақырып бойынша ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындыланды. Соңында «Чемодан, еттартқыш, себет» арқылы рефлексия жасалды. Коучингке қатысушылар жоғары белсенділік танытты, үлкен әсер алды. 

        • ҮІІІ облыстық «Полиглот -2015» интеллектуалды лингвистикалық турнирі
          • ҮІІІ облыстық «Полиглот -2015» интеллектуалды лингвистикалық турнирі

          • Наурыз айының 4-5 күндері  мемлекеттік, ресми және шетел тілдерін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін енгізу, терең ұғыну және тілге қызығушылығын дамыту, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, олимпиада, ғылыми жарыстарға дайындау мақсатында  8-11 сынып оқушылары арасында ҮІІІ облыстық «Полиглот -2015» интеллектуалды лингвистикалық турнирі  өткізілді. Турнир қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінен жеке және топтық  дәрежеде  бес айналымнан тұрды.  Лингвистикалық турнирге лицейімізден  құрамы 4 оқушыдан тұратын бір топ қатысып өз білімдерін сынады.  8 –сыныптан Аманбаев  Ершат, 9-сыныптан  Сайлауов Алишер, 10-сыныптан  Қайырғалиев Мерей, 11-сыныптан Жамилов Аймырза  қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Шығармашылық-жетістік кепілі» айналымынан  Сайлауов Алишер  І орын,  «Лездік сөйлем»  айналымында Қайырғалиев Мерей  ІІ орын,  Жамилов Аймырза  ІІІ орыннан көріне білсе,  «Сөзді тауып жаз» айналымынан Қайырғалиев Мерей  ІІІ орынды иеленді. Шәкірттерімізге білімнің биік белестерін бағындыра беруіне тілектеспіз.

        • ІІІ облыстық "Қадыр оқулары-2015" байқауы
          • ІІІ облыстық "Қадыр оқулары-2015" байқауы

          • Ақпан айының 27-сі күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен ІІІ облыстық «Қадыр оқулары-2015» байқауы оздырылды. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әли шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқау ақынның туған жері Сырым ауданы, Жымпиты ауылында өткізілді. Аталған байқауға лицейімізден «Сөздің бәрі құдіретті...» Қадыр Мырза Әлі шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша Бекжан Альберт, «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» әндер бағытына Измуканбетов Нуртас, «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» жас дарындар бағытына 7 сынып оқушысы Орынбек Еркебұлан қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ақын сөзіне жазылған әндерді орындау бағытында Измуканбетов Нуртас жақсы өнер көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Білімі мен өнерін қатар көрсетіп, ұстаздарының сенімін ақтай білген шәкіртіміздің биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. 

        • "Бесінші элемент-2015" турнирі
          • "Бесінші элемент-2015" турнирі

          • Ақпан айының 24-27 күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «VIII облыстық «Бесінші элемент-2015» химиялық зерттеу-эксперименттік турнирі өтті. Турнирдің мақсаты оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ғылыми білімдерін насихаттау және химия, химиялық технология, зерттеу-эксперименттік жұмыстарына қызығушылығын дамыту, олимпиада, ғылыми жұмыстарға дайындау болды. Аталған турнир «Дарын» қосымша білім орталығы базасында, эксперименттік туры М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті экобиохимиялық зертханасында өткізіліп, оған лицейімізден 6 оқушыдан құралған 2 топ  қатысты. Өткізілген турнирдің нәтижесі көңіл қуантарлықтай болды. Атап айтсақ, топтық есепте екі топ та ІІ орыннан көрінді,ал  жекелеген есепте Самалұлы Бекет, Сайынов Бауыржан  І дәрежелі,  Муратов Мирас, Аманбаев Ершат ІІ дәрежелі, Жармаков Ақтілек ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оқушыларымызға білім жарыстарында тек сәттіліктер тілейміз. 

        • Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген онкүндіктің жабылу салтанаты
          • Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген онкүндіктің жабылу салтанаты

          • 16-25 ақпан аралығында лицейімізде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған туған жерінің тарихын, мәдениеті мен дәстүрін ұлықтауды, насихаттауды мақсат еткен онкүндік жоспарланып, өте жақсы дәрежеде өткізілді. Осы онкүндік іс-шаралар легінің қорытындысы ретінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз» ұлттар жәрмеңкесіне белсене қатысқан жеті ұлт өкілдерін Алғыс хатпен, «Қазақ хандығының ұлы хандары» тақырыбындағы конференцияға қатысқан 7-8 сынып оқушылары әрі буклеттер сайысы бойынша үздіктердің қатарына іліккен оқушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.Концерттік бағдарламамыз Қазақ хандығының негізін қалаушы алғашқы хан болып тарих сахнасына енген «Керей хан» бейнебаянымен ашылды. Сонымен қатар күміс көмей әншіміз Жұмабаев Дәулеттің орындауында «Отан-Ана» әні шырқалса, Сағындықов Ерназдың Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы көрерменнің көңілінен шықты. Жоғарғы сынып оқушылары «Қазақ биін» билеп тамсандырса, 7-8 сынып оқушылары да «Қара жорға» биін билеп, кемде-кем түспеді. Абылай ханның билеп-төстеген заманынан және одан кейінгі кезеңдегі халықтың жағдайынан мағлұмат берер, мағынасы терең мазмұнды «Абылай ханның түсі» атты көрінісі сахнаның төрінен табылды. «Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра» Қ.Мырзалиев айтқандай, Темирханов Айбек пен Сапарғалиев Берік «Адай» күйін орындады. Концерттік бағдарлама 7-сынып оқушыларынан құралған хордың орындауындағы Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

             

        • Достық кездесу
          • Достық кездесу

          • 2015  жылдың 24 –ші  ақпан күні  С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде екі мектеп оқушылары арасында «Шахмат, тоғызқұмалақ және теннистен» достық кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты оқушылар арасында  шахмат, тоғызқұмалақ, теннис  ойындарының кең тарауын қамтамасыз ету, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, ойынның осындай түрлерін насихаттау, жиі ойналуына ықпал ету болды.  Ақыл мен ой , ептілік пен шапшаңдық қатар жүретін ойындарда оқушылар өздерінің шеберліктерін көрсете білді. Кездесу қорытындысы  бойынша «теннис жарысынан»  8 сынып оқушысы Боранбай Бекзат ІІІ орын, 9 сынып оқушылары Аманжол Азат ІІ орын және Сырымов Ержан І орынды иеленді. Ал тоғызқұмалақ ойыны  бойынша  Бекжан Альберт  ІІ орынды, шахматтан Дауылов Әлішер ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ойын өте қызықты және тартысты өтті.  Оқушылар  аталмыш  бағыттағы кездесулер жиі ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.  

        • Ауғанның от жалыны
          • Ауғанның от жалыны

          • 25 ақпан күні  Орал қазақ-түрік лицейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 26 жыл толуына орай «Ауғанның от - жалыны» атты ауған соғысы ардагерімен кездесу кеші өтті. Шараның мақсаты жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отан сүюге тәрбиелеу болды.  Шараны тарих пәні мұғалімі А.А.Кабиева ауған соғысының басталуы, себептері туралы сөз қозғап бастаса, АӘД пәні мұғалімі Б.Д. Нығметов ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген жерлес - ардагерлер туралы мәлімет айтты. Ал кештің қонағы болған ауған соғысының ардагері, Батыс Қазақстан облысы ауған соғысы ардагерлері қоғамы төрағасының жастарға саяси-патриоттық тәрбие беру жөніндегі орынбасары, запастағы майор  Боровский Анатолий Владимирович оқушыларға ауған жерінде соғысып ерлік көрсеткен жерлес Қазақстандық вертолетші – ұшқыштар жайында, соның ішінде Кеңес Одағының Батыры Н.С.Майдановтың ерліктері және өзінің басынан кешкен оқиғаларынан  естеліктерін, алған орден-медальдарының тарихы туралы  айтып берді.Содан соң ауған соғысы туралы видеоролик көрсетіліп, оқушылар ардагерге арнаған  шағын концерттік бағдарламасын қойды.Аталған іс-шараның соңында мұғалімдер мен оқушылар  ардагер  ағаға алғыстарын білдіріп, сыйлығын тапсырды.

        • Ғылымға қанат қаққандар
          • Ғылымға қанат қаққандар

          • Жыл сайын ақпан айында оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетекшілігімен Алматы қаласында өткізіледі. Ғылыми жобалар сайысы "Қазақстан-2050» стратегиясы аясында республиканың экономикалық және мәдени-әлеуметтік даму жобасы тақырыбында өтеді. Жалпы жоба жарыстарының негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру және Қазақстанның интеллектуалды әлеуетін ынталандыруға үлес қосу болып табылады. Дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық ғылыми жоба жарысына лицейіміздің оқушылары қатысып, үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Осы оқу жылында да, яғни 17-20 ақпан күндері аралығында Алматы қаласында өткен оқушылардың республикалық ғылыми жобалар жарысында лицейіміздің 10-сынып оқушылары Ерсаев Азат пен Рахимжанов Альтаир экономика секциясы бойынша «Батыс Қазақстан облысының оқу миграциясының географиялық аспектілері» тақырыбында ғылыми жобаларын қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.Ұстаздары мен ата-аналарының сенімдерін ақтап, жүлделі орындардан көріне білген шәкірттерімізді мақтан тұтамыз.


        • Театр-өнер ордасы
          • Театр-өнер ордасы

          •        Ақпан айының 24-күні  лицей оқушылары мен ұстаздары Батыс Қазақстан облыстық қазақ драмма театрына барып, «Мәңгілік ел» қойылымын тамашалады.Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дайындалған қойылымға қатысуымыздың мақсаты оқушыларды қазақ елінің тарихымен тереңірек таныстыру, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, құрметтеуге , бағалауға тәрбиелеу болды. Аталған шараға 130 оқушы және 20 мұғалім қатысты. Қойылым барысында қазақ елінің ауызбіршілігі, билер кеңесі, бітімгершілік туралы қозғалып, ана құдіретінің рөлі айқын көрсетілді. Театр актерлерінің кәсіби шеберліктері, шынайы образға ене білулері оқушыларға ерекше әсер етті. Тарихи тағылымы терең, оқушылар бойына бірлік, татулық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, эстетикалық тәрбиеге бағыттайтын осындай игі шаралар алдағы уақытта әлі де жалғасын таппақ.

             

        • «Қазақ хандары» тақырыбында конференция өтті
          • «Қазақ хандары» тақырыбында конференция өтті

          • Ақпан айының 20-сы күні лицейімізде өтіп жатқан «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған онкүндік шеңберінде  7-8 сыныптарға тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандары» тақырыбында конференция өткізілді. Шараның мақсаты қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы талқылау жүргізу арқылы, оқушы бойында патриоттық сезімді нығайту. Конференцияға қатысқан оқушылар қазақтың ұлы  хандары Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан туралы өздерінің дайындаған презентацияларын қорғай отырып, аталған хандардың жүргізген саясаты туралы бір-біріне сұрақ қойып, талқылау жүргізді. Сонымен қатар конференция «Тарихи домино» ойынымен жалғасып, оқушылар қазақ тарихындағы маңызды оқиғаларды сәйкестендіру арқылы, өз білімдерін көрсетті. 

        • «Тоғыз құмалақ және теннистен» достық кездесу
          • «Тоғыз құмалақ және теннистен» достық кездесу

          • 2015  жылдың 18 –ші  ақпан күні  Орал қаласындағы Ақпараттық технология колледжі студенттері мен лицейіміздің оқушылары арасында  «Тоғыз құмалақ және теннистен» достық кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты оқушылар арасында тоғызқұмалақ, теннис  ойындарының кең тарауын қамтамасыз ету, дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, мектеп оқушылары мен лицей оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді спортпен тұрақты шұғылдануға тарту болды. Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны болса, теннис шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін спорттық ойын. Соған байланысты бұл жарысқа лицейіміздің жан-жақты 7 - 9  сынып оқушылары  қатысты. Ойын өте қызықты және тартымды өтті. Алдағы уақытта да осындай бағыттағы кездесулер жиі ұйымдастырылатын болады.

              

        • Ассамблея – татулық темірқазығы
          • Ассамблея – татулық темірқазығы

          • Ортақ тарих пен тағдыр мәңгілік біріктірген халқымыздың бірлігінің көрінісі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Биылғы 2015 жыл дәл осы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жыл ең басты құндылықтарымыз-Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады» ,- деп өзінің құттықтау сөзінде басым атап өтті.Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев жарлығымен құрылды.20 жыл аралығында Ассамблея еліміздегі барлық ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырған маңызды құрылымға айналды. Біздің білім ордамыз да, мерейлі 20 жылдықтың деңгейінде өтіп жатқан іс-шаралар легінен тыс қалмады. Мектебімізде 8-ден астам ұлт өкілдері білім алып жүр. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясынын 20 жылдығын атап өту, соның ішінде еліміздің бірлігі мен татулығын болашаққа сеніммен алып жүрер оқушылардың бойына ұлтаралық келісім, татулық, толеранттылық ұғымдарын сіңіру мақсатында «Ассамблея – татулық темірқазығы» атты ұлттар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оқушылармен қатар, ата-аналарымыздың да ат салысып қатысуы шарамыздың маңыздылығын арттыра түсті. Қазақ, орыс, түрік, түркімен, әзірбайжан, неміс, украин ұлттарының мәдениетін, дәстүрін, ұлттық киімі мен тағамын таныстырған оқушылар үлкен дайындықпен келді.«Ассамблея-татулық темірқазығы» ұлттар жәрмеңкесі жоғары дәрежеде өтіп, өз мақсатына жетті. 

        • Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған онкүндіктен...
          • Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған онкүндіктен...

          • Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы ең бір атаулы да мерейлі күндеріміз саналатын Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған онкүндік жоспарына сәйкес мектебіміздің тарих пәні мұғалімдерінің үш ашық сабағы жоспарланды. Атап айтсақ, Кабиева Айнаш Амантайқызы 8 Б сыныбында «ХІХ ғ. 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар», ал 10 Б сыныбында Нұртазина Айгерім Базарқызы «Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Кембридж университетінің бағдарламасы негізінде деңгейлік курста өз біліктіліктерін жетілдірген мұғалімдер сабақты жаңа оқыту тәсілдерін қолдана отырып, түрлендірді. Айнаш Амантайқызы топтық жұмыс түрін өте ұтымды пайдалана білді. Оқушылар өздерінің зеректігімен, тапсырмаларды тез әрі креативті тұрғыдан орындауымен ерекшеленді.Айгерім Базарқызы өз сабағында бүгінде заман талабына сай ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдануды жөн көрді. Socrative.com сайтының толыққанды мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушылар өздерінің ұялы телефондары арқылы онлайн режімінде сабақтағы алған білімдерін тексерді. Екі сабақтағы кері байланыс нәтижесі бойынша оқушылар өтілген сабақтарға оңды пікірлерін білдірді. 

        • Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көрме
          • Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көрме

          • Лицейімізде ақпан айының 18-і күні онкүндік жоспарына сай Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Қазақ  хандығының тарихымен таныстыру, Ассамблеяның құрылу тарихы, оның құрылымы туралы ақпарат беруді мақсат еткен көрмеге лицей оқушылары атсалысты. 7-10 сынып оқушылары шиырма жасақтаған болса, 9-сынып оқушысы Ғаділбек Әлихан Қазақ хандығының алғашқы территориясы көрсетілген Қазақстан картасын шеберлікпен жасап, көрменің сәнін келтірді. Сонымен қатар көрме Қазақ хандары туралы ақпараттық стенді және қазақ хандарының шежіресімен толықтырылды. 

        • Жарқын болашақ олимпиадасының облыстық кезеңі
          • Жарқын болашақ олимпиадасының облыстық кезеңі

          • 2015 жылдың 31 қаңтар күні Орал қазақ-түрік лицейінің базасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының  облыстық кезеңі өтті. Білім мен өнер додасына 11 аудан және 3 облыстық мектептер және қалалық кезеңнен өткен 7 қала мектебі, барлығы 95 оқушы қатысты. Жыл сайын  «Дарын» қосымша білім беру орталығы мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастыратын қазақ тілі олимпиадасының мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту, оқушылардың ана тіліне, қазақ әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Олимпиада бес  номинация бойынша өткізілді:  «Тілші- әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар» және «Жазушылар» бағыты. Болашақ тілшілер мен әдебиетшілер тест сұрақтары арқылы білімдерін сынап, кішкентай бұлбұлдар ән салды, сөз шеберлері мәнерлеп көркемсөз, монолог оқыды, жас ғалымдар өздерінің жоба жұмыстарын қорғады.                               Білім мен өнер додасына жоғары оқу орындарының оқытушылары мен облысымыздағы тәжірибелі мұғалімдер қазылық етті. Облыстық кезеңнен оза шауып бәйге алғандар  республикалық додаға аттанатын болады.

        • Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік
          • Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік

          • Ақпан айының 18 күні лицейімізде «Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік» тақырыбында тәрбиешілер күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты оқушылардың білім мен тәрбие алуына тікелей қатысы бар, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін екінші әке- қамқоршы тәрбиешілердің еңбегін бағалап, мерекелік күндерінде оқушылардың алғыстарын жеткізу болды. Мерекелік кешті құттықтау сөзімен бастаған лицей директоры Муканов Алмас Джубайұлы тәрбиешілердің еңбегін ерекше атап өтіп, шығармашылық табыстар тіледі. Келесі кезекте оқушылар өздерінің ыстық лебіздерін әсем әуендерімен, тамаша билерімен, езу тартқызар әзілдерімен жеткізді. Тәрбиешілердің қатысуымен «Оқушы жайлы не білемін?» атты ойын ойналып, тәрбиешілердің жан-жақты, әсіресе оқушыға қатысты сұрақтарға мүдірмей жауап бергендері барлығын таң қалдырды. Сонымен қатар «Тәрбиешінің бір күндік өмірі» видеосы тамашаланды. Мерекелік шара өте көңілді өтті және  көңілде тек жақсы әсерін қалдырды.

             

        • Баскетболдан достық кездесу
          • Баскетболдан достық кездесу

          • 2015 жылдың 10 ақпан күні  С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернаты базасында баскетболдан достық кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты оқушылардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға қызығушылығын арттыру, баскетбол ойынының  кең тарауын қамтамасыз ету, дене тәрбиесі мен спортты  бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, мектеп оқушылары арасында отансүйгіштік тәрбиесін күшейту мен салауатты өмір салтын насихаттау болды. Ұйымдастырылған ойынға лицейіміздің 7-8 сыныптары арасынан 15 оқушы қатысты. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар алдағы уақытта да осындай бағыттағы кездесулерді ұйымдастыруға ниеттерін білдірді.