• Білім және денсаулық көрмесі
          • Білім және денсаулық көрмесі

          • Денсаулық -  адам бақытының бірінші байлығы десек, білім -  өмірдегі басты құндылық. Ал, әрбір жастардың сол бақытқа жетуіне жағдай жасау, оған бағыт-бағдар беру барша қоғамның міндеті. Осы міндетті орындауда қазақ-түрік лицейлері көптеген маңызды шараларды өткізіп келеді. Оның айқын дәлелі, БҚО білім басқармасы және Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 21-22 сәуір күндері  өткізілген  «Білім және денсаулық» көрмесі болды. Көрменің мақсаты заманауи және  инновациялық технологиялардың оқыту саласындағы жетістіктерін көрсету, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануларына ықпал ету,  қазақстандықтар арасында зиянды әдеттен бас тартуды өз денсаулығына деген жауапкершілікті және, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру болып табылды. Көрмеге облыс әкімінің орынбасары И Валериевич пен Орал қаласының әкімі А.Көлгінов қатысып, оқушылардың жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар аталған шараға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПКБАИ директоры С.Измуханбетова келіп, лицей оқушыларының жетістіктеріне тоқталып, бұл көрменің маңызы жоғары екенін баса айтты.Білім көрмесінде оқушылар  математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, тарих пәндері бойынша жасаған тәжірибелерін паш етті, сонымен қатар шылым шегу, алкогольді ішімдіктер, нашақорлық, интернет, уақытты тиімсіз пайдалану, семіздік, улы заттарға әуестіктің денсаулыққа зиянды екендігін насихаттауға арналған  60-тан астам стендтер құрылды.Қала мектептерінен көрмені тамашалауға 3000-дай оқушы қатысып, тамашалады.Осындай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да  жалғасын таппақ...

        • Ә.Бектуров  атындағы І Халықаралық химиялық олимпиада
          • Ә.Бектуров атындағы І Халықаралық химиялық олимпиада

          • 2015 жылдың 13-15 сәур аралығында  Павлодар қаласында  оқушылар арасында Ә.Бектұров  атындағы   І Халықаралық  химиялық  олимпиадасы өткізілді. Химиялық  олимпиада  Павлодар облысының тумасы, қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақстан химиясының негізін қалаушы академик Әбікен Бектуровтың құрметіне ұйымдастырылған болатын. Аталған білім сайысында Қазақстанның 12 аймағынан  және  Ресейдің  Омбы,  Новосібір қалаларынан келген 46 оқушы өз күштерін сынаса, лицейімізден 11 сынып оқушысы Сайнов Бауыржан мен 10 сынып оқушысы Муратов Мирас қатысты.Олимпиаданың  теоретикалық  туры Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде өткізілді.  Бірінші  турдың тапсырмалары  7 есептен құралды, орындауына  5 сағат бөлінді. Екі  есептен құралған  тәжірибелік тур Инновациялық  Еуразиялық Университетінің инновациялық технологиялар орталығының  химиялық  зертханасында өткізілді.Екі турдың қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.  Атап айтсақ, Бауыржан І орынды иеленсе, Мирас ІІІ орыннан көріне білдіТалай сындардан сүрінбей өтіп, жеңіспен оралатын шәкірттеріміз бұл жолы да үмітімізді ақтады. Жеңістерімен құттықтаймыз! 

             

        • «INFOMATRIX-2015» халықаралық компьютерлік жобалар сайысы
          • «INFOMATRIX-2015» халықаралық компьютерлік жобалар сайысы

          • 2015 жылдың сәуір айының 8-11 күндері «Дарын» РҒПО мен Сүлеймен Демирель атындағы университеттің ұйымдастыруымен  Алматы қаласында «INFOMATRIX-2015» халықаралық компьютерлік жобалар сайысы  өтті. 10-18 жас аралығындағы оқушылар мен колледж студенттері арасында ұйымдастырылған  жоба сайысына лицейіміздің 10 сынып оқушылары Қабдығалиев Бағжан мен Бердалиев Сырым қатысып, өздерінің жобаларын қорғаған болатын. Оқушыларымыз «Компьютерное моделирование физических прцессов и феномен при помощи программирования» тақырыбында жұмыстанып, нәтижесінде күміс медаль иеленіп қайтты.

            Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз, алар асулары көп  болсын!

        • «PISA-2015» Халықаралық зерттеуі өткізілді
          • «PISA-2015» Халықаралық зерттеуі өткізілді

          • PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу құралдары, оқушылардың өмірде кездесуі мүмкін проблемаларды шешуде жалпы оқыту дағдыларының қалыптасқандығын және жаңа қоғамда тиімді қызмет етуін бағалау мақсатын көздейді. Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.

             Сәуір айының  13 күні лицейімізде «PISA-2015» Халықаралық зерттеуі өткізілді. Аталған білім сынағы  республикада 232 білім беру ұйымында өткізілсе, Батыс Қазақстан облысы бойынша іріктелген 10 мектепте жүргізіліп, соның  ішінде лицейіміздің 35 оқушысы қатысты. Зерттеу негізінде оқушылар оқу сауаттылығы, математика сауаттылығы және жаратылыстану сауаттылығы бойынша сұрақтарға жауап берді. 

        • Ардагер атамен кездесу
          • Ардагер атамен кездесу

          •  Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты кітапханасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 14 сәуір күні  қаламыздағы  Ұлы Отан соғысының ардагері Байменов Қайыржан атамен «Мың тағзым саған ардагер?» атты кездесу кеші оздырылды. Аталмыш кездесуіміздің мақсаты оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Шараға мектеп директоры А.Д.Муканов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Сагитова, АӘД пәнінің оқытушысы Б.Д.Нығметов, тарих пәнінің мұғалімі А.А.Кабиева және 8-10 сынып оқушылары қатысты.Кештің барысында АӘД пәнінің оқытушысы Б.Д.Нығметов оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы баяндап, ардагер атамызды таныстырып өтті.Кешіміздің қонағы Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград шайқасына қатысқан Байменов Қайыржан ата соғыс уақытындағы ауыртпалықты айта отырып, бейбіт күннің қадірін біліп, қастерлеуге шақырды. Оқушыларға  1941-1945 жж соғыстағы жанқиярлық ерліктері туралы мәліметтер айтты. Ардагерге оқушылар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, соғыстың зардаптарын сезіне білді. Кеште естелік өлеңдер, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды. Кеш соңында лицей директоры А.Д.Муканов қатысушыларды 70 жылдық мерейтойымызбен құттықтап, жыл санап көркейіп келе жатқан қазақ елінің білімді ұрпақтарына тағылымы мол тілегін жеткізіп, ардагерімізге сыйлығын табыс етті.

        • Ата-аналар Астана қаласында болды
          • Ата-аналар Астана қаласында болды

          • Сәуір айының 1- 4 аралығында Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ата-аналары Астана қаласына саяхатқа барып келді. Аталған іс-сапардың мақсаты ата-аналарды бас қаламыздың көрікті жерлерімен таныстыру және «Нұр Орда» қазақ-түрік лицей-кешені мекемесі базасында өткен VII республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жабылу салтанатына қатысу болды. Ата-аналар Байтерек, Хан-шатыр сияқты тамаша жерлерді аралады және олимпиаданың жабылу салтанатының куәгері болды. Информатика пәні мұғалімі Ш.Рахимбаев жетекшілік еткен саяхатқа 8 ата-ана барып, ерекше көңіл-күй, жақсы әсермен оралды.

        • "Ғылым эксперименттен басталады" ғылыми-танымдық зерттеушілік турнирінің жүлдегерлері
          • "Ғылым эксперименттен басталады" ғылыми-танымдық зерттеушілік турнирінің жүлдегерлері

          • Сәуір айының 7-10 күндері аралығында «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында облыстық «Ғылым эксперименттен басталады-2015» ғылыми – танымдық зерттеушілік турнирі өткізілді. Жаратылыстану-математикалық білімдерін насихаттау және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға , халықаралық PISA, TIMSS зерттеулеріне дайындау мақсатында өткізілген турнирге лицейіміздің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Үш айналым, яғни үй тапсырмасы, машықтық, білімдар турнирлері бойынша өткізілген сайыста оқушыларымыз 7 сыныптан Аделов Алдияр, Сағындықов Ернар және 8 сыныптан Аманбаев Ершат, Бекжан Альберт білімдерін сынаған болатын. Командалық турнирдің нәтижесі бойынша оқушыларымыз  үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз. 

        • Ұстазымыз «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты облыстық көркемсөз байқауының жеңімпазы
          • Ұстазымыз «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты облыстық көркемсөз байқауының жеңімпазы

          • 27 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты облыстық көркемсөз байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты М.Мақатаев поэзиясын насихаттау, жас талантты ақындарды тану, өлең құдіретімен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Байқауға 18-29 жас аралығындағы 22 конкурсант жастар қатысты. Мектеп мұғалімдері мен кітапханашылар, мәдениет қызметкерлері мен студенттер қатысқан байқауға лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бактыгалиева Эльмира Сагынгалиевна қатысып, бағын сынаған болатын.  Өзінің көркемсөз мәнерімен, ақындық тіл шеберлігімен, ой-қиял ұшқырлығымен ерекшеленген ұстазымыз бас жүлдеге ие болып, келесі 29 сәуір күні  Талдықорған қаласында  өтетін республикалық  кезеңге жолдама алды. Ұстазымызға сәттілік тілейміз!

        • Достық олимпиадасы - 2015
          • Достық олимпиадасы - 2015

          • Облыстағы аудан және қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілетін дәстүрлі  «Достық»  олимпиадасы  2015 жылғы 4  cәуір күні Батыс Қазақстан облысының  дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында өткізілді. Оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру, емтиханның тесттік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету, облыстағы аудан, қала мектептері мен лицей  арасындағы қарым-қатынасты нығайту, дамыту мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға 283 оқушы қатысты.

            Жоспар бойынша берілген 100 сұрақтық тест үшін 120 минут уақыт  берілді.

            Нәтижесінде:

            5 сынып бойынша

            -        І орын алған оқушы саны - 3

            -        ІІ орын алған оқушы саны - 6

            -        ІІІ орын алған оқушы саны – 9

            -        Алғыс хат- 4

            6 сынып бойынша

            -        І орын алған оқушы саны - 3

            -        ІІ орын алған оқушы саны - 6

            -        ІІІ орын алған оқушы саны – 13

            -        Алғыс хат- 3

                        Олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған оқушылар облыстық білім басқармасының «Дипломымен» марапатталды. Облыс бойынша ең жоғары ұпайға ие болған оқушылар  6-сынып бойынша Орал қаласы  С.Сейфуллин атындағы № 11 мектептің  оқушысы Серік Данияр, 5-сынып бойынша №42 "Ақ ниет" гимназия оқушысы Қадыров Хафиз болды.  

        • «Желілік қоғамдастық- биік нәтижелер бастауы» тақырыбында семинар өтті
          • «Желілік қоғамдастық- биік нәтижелер бастауы» тақырыбында семинар өтті

          • Сәуір айының 2-сі күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Желілік қоғамдастық- биік нәтижелер бастауы» тақырыбында семинар өтті. Дарынды оқушыларды анықтай отырып, олардың жан-жақты қабілеттерін ашу және қоғамдық көшбасшылығын арттыру бағытындағы мұғалімдер жұмысына әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған семинарға аудан, қала мектептерінен 17 мұғалім қатысты. Олар желілік қоғамдастық құрамындағы С.Сейфуллин ат.№ 11 ОДБМҚМИК, №12, 22, 30, 14 ЖОББМ-тері және Теректі ауданы Госплемстанция негізгі мектебінің мұғалімдері. Семинар барысында «Дарынды балалармен жұмыс» тақырыптарында коучингтер, тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар деңгейлік курстан өткен лицей мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ашық сабақтар өткізілді. Атап айтсақ, тарих пәнінен А.Нуртазина «ХV ғасырдың аяғы – ХVІ ғасырдың басындағы Ұлы географиялық ашулар», қазақ тілі пәнінен  М.Зейнешева  «Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік», М.Капашев ағылшын тілі пәнінен «WORD dames» тақырыбында сабақты жоспарлау тәсілдерімен бөлісті. Лицейіміздің география пәні мұғалімі, І деңгей тыңдаушысы С.Сайлауов  «Дарынды және талантты балаларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыс түрлерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

            Қатысушы мұғалімдер семинардан тәжірибе алмасып, жаңа әдіс- тәсілдер меңгеріп, риза болып тарқасты.   

             

        • Гуманитарлық ғылымдар бойынша республикалық олимпиада
          • Гуманитарлық ғылымдар бойынша республикалық олимпиада

          • 2015 жылдың 24-28 наурыз  күндері аралығында Атырау  қаласында оқушылар арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты оқушылардың шығармашылық зейінін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін артыру, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім беру ісінің беделін арттыру. Аталған білім жарысында лицейімізден қазақстан тарихы және ағылшын тілі пәні бойынша  3 оқушы бақ сынады. Олимпиаданың жабылу салтанаты наурыздың 28-і күні Атырау қаласындағы М.Өтемісов атындағы облыстық драма театрында ұйымдастырылды. ІІ кезең бойынша өткізілген олимпиада қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Тілегенов Ерген қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орынды иеленсе, 10 сынып оқушысы Ерсаев Азат ағылшын тілі пәнінен қатысушы сертификатымен марапатталды.  

            Шәкірттеріміздің бағындырар  биіктері көп болсын!

          • Бөкей Орда ауданы оқушыларына арналған дайындық сабақтары

          • Наурыз айының 26-31 аралығында  лицейімізде Бөкей Ордасы ауданының 11 сынып оқушыларына арналған курс жүргізілді. Лицей мен Бөкей Ордасы ауданының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын жүйелеу мақсатында жүргізіліп отырған курсқа 21 оқушы қатысты. Жоспар бойынша лицей мұғалімдері  математика, химия, орыс тілі, биология  пәндерінен қосымша сабақтар жүргізіп, оқушылардың  ҰБТ-ға дайындықтарын пысықтады.  Оқушылар жетекшілерімен бірге лицей жатақханасына орналастырылып, барлық жағдай жасалды. Осындай бағыттағы жұмыс жаңа оқу жылында да жалғасын таппақ.  

        • «Мектеп жанындағы интернат тәрбиешілерінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында өткен тәрбиешілер семинары
          • «Мектеп жанындағы интернат тәрбиешілерінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында өткен тәрбиешілер семинары

          • Бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті. Осыған орай, Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында 2015 жылдың 30 наурызы күні «Мектеп жанындағы интернат тәрбиешілерінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып, облыстық оқыту-семинары өткізілді. Интернат тәрбиешілерінің әдістемелік шеберліктерін жетілдіру, тәжірибе алмасу және бағыт-бағдар беру мақсатында өткізілген семинарға аудандық, қалалық жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернат, облыстық білім беру мекемелері мен облыстық арнаулы (түзеу) мектеп-интернат тәрбиешілері қатысты. Семинарды БҚО білім басқармасының өзін-өзі тану, адамгершілік рухани даму және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Сергазиева Ұлболсын Ермекқызы ашып, лицей өмірі туралы бейнефильм көрсетіліп, оқушылардың ғылыми жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Заманауи тәрбиеші», «Интернат тәрбиешілерінің сынып жетекшілермен байланысы», «Тәрбиешінің сыныптан тыс шараларын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндамалар оқылды. Лицей тәрбиешілері мен сынып жетекшілері әр түрлі тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізді. Семинар соңында АТИҚБДжТЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Габбасова Замзагуль Аманжолқызы қорытындылап, ұсынбалар қабылданды.      

                        Жалпы бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын тәрбиешілердің тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқылауы маңызды іс және алдағы уақытта да жалғасын таппақ....

        • Ата-аналар семинары
          • Ата-аналар семинары

          • Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында наурыз  айының 28 –і  күні 7-10 сынып оқушыларының  ата-аналарына  семинар өтті. Семинардың мақсаты оқушылардың ІІІ тоқсан бойынша білім көрсеткіщтері мен тәртіптерін қадағалау, білім жарыстарында жеткен жетістіктерді талдау, «PISA-2015» халықаралық зерттеуін ұйымдастыру, өткізу тәртіптерімен таныстыру болды. Семинар екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлімде директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Б.Рысбеков «2014-2015 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері» тақырыбында презентация жасап,  олимпиада, ғылыми жоба жарыстарындағы жетістіктерге тоқталды.  Сонымен қатар директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Кенжеалиева «PISA-2015» халықаралық зерттеу жұмысы жөнінде таныстырып,  ұйымдастыру, өткізу тәртіптерін түсіндіріп өтті. Семинардың екінші бөлімінде пән мұғалімдері ата-аналармен оқушылардың оқу-үлгерімі жөнінде кеңесті және ата-аналарға кофе-брейк ұйымдастырылды. Семинарға ата-аналар түгелге жуық қатысты және лицейдің, оқушылардың жеткен жетістіктеріне қуанышты екендіктерін білдірді.

        • Волейболдан «Шұбар доп» турнирінің облыстық кезеңі
          • Волейболдан «Шұбар доп» турнирінің облыстық кезеңі

          • Наурыз айының 27-сі күні № 10 мектеп базасында  республикалық мектеп лигасының спорт түрлері бойынша волейболдан «Шұбар доп» турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Оқушылардың дене шынықтыру, спортпен айналысу қызығушылығын арттыру, облыста және қала көлемінде волейбол ойынының кең тарауын қамтамассыз ету, Қазақстан Республикасы мектептері арасында дене шынықтырудан үздік ұжымды анықтау мақсатында өткізілген турнирдің облыстық кезеңіне екі жас ерекшелік категориясы бойынша оқушылар қамтылды. Аталған сайысқа №19 мектеп, №10 мектеп, Орал қазақ-түрік лицейі оқушыларымен қатар Ақжайық, Бөкей Орда, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Сырым, Казталовка, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау аудандық мектептері қатысты. Сайыс тартысты, әрі қызықты өтті. 

        • Волейболдан «Шұбар доп» турнирі
          • Волейболдан «Шұбар доп» турнирі

          • Наурыз айының 9-ы күні  лицейімізде волейболдан «Шұбар доп» турнирі өткізілді. Оқушылардың дене шынықтыру, спортпен айналысу қызығушылығын арттыру, облыста және қала көлемінде волейбол ойынының кең тарауын қамтамассыз ету, Қазақстан Республикасы мектептері арасында дене шынықтырудан үздік ұжымды анықтау мақсатында өткізілген турнирдің мектепішілік кезеңіне екі жас ерекшелік категориясы бойынша оқушылар қатысты. 2000-2001 жылғы оқушылар арасынан 8 А сыныбы «Үздік команда» атанса, осы сынып оқушысы Жолдығалиев Ерағат «Үздік шабуылшы», 8 Б сынып оқушысы Жолдыбай Аян «Үздік қорғаушы», 7 Б сынып оқушысы Өтешқали Әлішер «Үздік ойыншы» атағына ие болды. 1998-1999 жылғы оқушылар арасында өткізілген тартысты бәсекеде 10 Б сынып «Үздік команда» атанып, команда ойыншысы Теңдіков Дидар «үздік шабуылшы», Өтешқали Әкежан «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» атағына Капаров Арман ие болды. Мектепішілік кезеңнен өткен командалар 10 наурыз күні өткен қалалық кезеңге қатысты. Облыстық мектептер қатысқан қалалық кезеңде лицейіміз 2000-2001 жылғы оқушылар арасынан І орын, 1998-1999 жылғы оқушылар құрамынан ІІ орынға ие болды. Салауатты өмір салтын насихаттап, алдыңғы орындардан көріне білген шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. 

        • Физика пәнінен олимпиада жеңімпаздары
          • Физика пәнінен олимпиада жеңімпаздары

          • Республикалық олимпиадаға физика  пәнінен  6 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 сынып оқушысы Сарсен Әділхан ІІ орынды, Тулегенов Диас, Лухманов  Евгений, Каиржанов Дамир  ІІІ орынды иеленді. Оқушыларымыз алған білімдерін білім додасында көрсете біліп, мерейімізді асқақтатты. Оқушыларымызға алдағы уақытта тек табыстар тілейміз. 

        • География пәнінен республикалық олимпиада жүлдегерлері
          • География пәнінен республикалық олимпиада жүлдегерлері

          • Математика- жаратылыстану бағытында өткізілген республикалық олимпиадаға география пәнінен  6 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 5 оқушымыз Казеев Аюп, Каиргалиев Мерей, Кульжанов Диас, Елешов Нурберген, Жолдыбай Аян жүлделі ІІ орыннан көрініп, күміс медаль иеленді. Ал 8 сынып оушысы Латифов Санжарға «Олимпиаданың ең жас қатысушысы-2015» атағы берілді. Оқушыларымыз ұстаздарының сенімінен шығып, әсіресе пән мұғалімі Сидарова Айсауле Бекетқызының еңбегін ақтап, биіктен көріне білді. 

        • Химия пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары
          • Химия пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары

          • Математика- жаратылыстану бағытында өткізілген республикалық олимпиадаға химия пәні бойынша 5 оқушы қатысты. Химия пәні бойынша облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүрген оқушыларымыз бұл жолы да биіктен көріне білді. Көптеген білім жарыстарының жеңімпазы атанып жүрген 11 сынып оқушысы Сайынов Бауыржан алтын медальды жеңіп алып, мерейімізді асқақтатса, 9 сынып оқушылары Надырхан Мирасбек пен Самалұлы Бекет ІІІ орынға ие болды. Оқушылар білім додасында бар білімдерін көрсете білді. Бұл үлкен жетістік, біздің мақтанышымыз деп қуанышпен айта аламыз.

        • Республикалық пән олимпиадасының биология пәні бойынша жүлдегерлері
          • Республикалық пән олимпиадасының биология пәні бойынша жүлдегерлері

          • Жалпы білім беретін пәндер бойынша математика- жаратылыстану бағытында өткізілген республикалық олимпиадаға биология пәні бойынша 5 оқушы қатысты. Облыстық олимпиададан жақсы нәтиже көрсетіп, республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларымыз үмітімізді ақтады. Атап айтсақ, Сисембаев Айдос ІІІ орын, Ерланов Досжан, Айткалиев Султан, Акдавлетов Бакытжан ІІ орынды иеленді.  11 сынып оқушысы Сансызбаев Жандос Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқу  грантын ұтып алды. Пән мұғалімі Суйеуов Нурлан жас маман болса да, оқушыларын білім додасына тыңғылықты дайындаған. Алған білімдерін жоғары нәтижеде көрсете білген шәкірттеріне ұстаздары дән риза...