• 1 қыркүйек - Білім күні!
          • 1 қыркүйек - Білім күні!

          • Үш айлық демалыстан кейін мектебіміздің есігі білім әлеміне қайта ашылды. Алтын ұяларын сағынған оқушылар, үлкенінен кішісіне дейін сап түзеп, сүйікті ұстаздарымен қайта қауышты. Облыс әкімінің орынбасары Тоғжанов Марат Лұқпанұлы, облыстық Білім Басқармасының бас маманы Мейрамгүл Әскербекқызы және ата-аналар мерекелік шарамыздың құрметті қонақтары болды. Аталмыш қонақтарға оқушыларымыз кішігірім сыйлық ретінде ән айтып, өлең оқыды. Мерекелік шара "Мен өз отанымның патриотымын" атты тәрбие сағаттарымен жалғасын тапты.

            Ұстаздарды, ата-аналар және оқушыларды аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы мол табыстарға, берекелі жұмыстарға толы болғай!

        • 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні
          • 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

          • 2017 жылдың  5 мамыр күні лицейімізде  7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған  әскери шеру өтті. Шерудің  мақсаты оқушылар бойына  патриоттық  сезім қалыптастырып, еліне , туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру болды .  Шеру барысында әрбір  сынып  әскери  әндер  айтып, саппен жүріп өтті.  Шеруге арнайы әскери қонақ   Қазақстан қару күштерінің ардагері Қуанов Алтынбек Жанзақұлы қатысты.  Оқушыларымыз өздерінің әскери болмыстарын шеру арқылы көрсетті. Ең әдемі шеру жасаған сыныптар алғыс хаттармен марапатталды. Яғни, 10 "в" сыныбы І орын , 10 "а"сыныбы ІІ орын, 7 "в"сыныбы ІІІ орынға иеленді.

        • Театр – өнер ордасы
          • Театр – өнер ордасы

          •  

             

             

             

             

             

            Мамыр айының 4-күні лицей оқушылары мен ұстаздары Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына барып, «Қасық қаным қалғанша» қойылымын тамашалады. Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған қойылымда Ұлы Отан соғысы басталған сәттен бастап, он ай бойы Брест қамалындағы дұшпанның қатарын сиретумен болған қаһарман жайлы баяндалды. Қамалдағы гарнизонның тізіміне де кіріп үлгермей жатып, күші әлдеқайда басым жау күшімен шайқасқа түскен, жалғыз өзі қалғанда да күресін тоқтатпаған жауынгердің ерлігі – батырлықтың хас үлгісі. Аталған қойылымды тамашалау арқылы оқушыларымызға патриоттық тәрбие бере отырып, аталарымыздың ерен еңбегін ұмытпауға, бағалауға, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, құрметтеуге тәрбиелеу болды. Аталған шараға 200 оқушы және 18 мұғалім қатысты.

            Тарихи тағылымы терең, оқушылар бойына бірлік, татулық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, эстетикалық тәрбиеге бағыттайтын осындай игі шаралар алдағы уақытта әлі де жалғасын таппақ. 

        • Жарқын білім мен ұлттық тәрбиеге - 10 жыл
          • Жарқын білім мен ұлттық тәрбиеге - 10 жыл

          • Мамыр айының 6-ы  күні  қазақ драма театрында лицейіміздің тарихына шолу жасау, сүйіспеншілік пен ізгілікті арттыру  мақсатында «Жарқын білім мен ұлттық тәрбиеге - 10 жыл» тақырыбында   білім ошағымыздың 10 жылдық мерейтойы ұйымдастырылып  өткізілді. Бұл мерейтойға мектеп ұжымымен қатар, білім басқармасының өкілдері, түлектер мен түлектердің ата аналары және  қонақтар қатысты.

            Алдымен сахнаға 7-сынып оқушысы ұлттық киім киген Сейтешов Бекзат ағаш атпен шауып шығып, лицейіміздің 10 жылда жеткен жетістіктері туралы  жар салып, ұлттық әуен ойнатылып, ақ кимешек киген әжелеріміз шашу шашып, ел-жұртты бір  серпілтіп тастады. Бұл көріністің жалғасы  халықтық  «Ақжайық» ансамблінің биімен өрнектелді.

            Шара барысында лицей директоры С.Ш.Талдахметов ұжымды ме­рейтойларымен құттықтаса, бі­лім бас­қармасы басшысының орынбасары З.Б.Гумарова : «Жаңа заманға аяқ басқан  еліміздің  білімді , өз елін сүйетін жас буын облыстық,  республикалық,  халықаралық олимпиадаларда креативті, белсенді түрде күш-жігер жұмсап, өз білімін дәлелдеуде. Білім бәйгесіндегі талпыныс пен жетістіктеріңіздің сенімді серігі – біліміңіз, әрқашан да биік шыңнан көрінсін!»  деген жүрекжарды тілегін жолдай отырып, облыстық білім басқармасының атынан лицей басшысына алғыс хат табыстады.

            Мерекелік шашу әрі қарай оқушылардың өнерлерімен жалғасын тапты. Арнайы келген лицей қонақтары мен ата аналар, түлектер  өздерінің жүрекжарды  тілектерін жолдады.

             Сонымен қатар 10 жылдан бері лицейімізде табанды еңбек етіп келе жатқан лицей ұстаздары мен лицей қызметкерлері «Катев» қоғамдық қоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Екі сағатқа созылған мерекелік шараның жалғасы фуршетпен аяқталды.

            Мерекенің екінші күні әр түрлі спорттық ойындар мен  табиғатқа саяхатқа шығумен жалғасын тапты.

            Екі күнге ұйымдастырылған мерекелік шара қонақтар мен  түлектердің көңілінен шығып, өз алғыстарын білдірді.

        • Футболдан «Былғары доп» балалар- жасөспірімдер турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары
          • Футболдан «Былғары доп» балалар- жасөспірімдер турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары

          • 2017 жылдың 26 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен футболдан «Былғары доп» балалар- жасөспірімдер турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Аталған турнирде оқушыларымыз шебер ойын көрсетіп, лицейіміздің құрамасы жүлделі І орынды иеленді. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш.Даумов «Үздік жаттықтырушы», Өтешқали Алишер «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

            Әріптесіміз бен оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. 

        • "Білім-инновация" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы
          • "Білім-инновация" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы

          • 2017 жылдың 27-28 қаңтар  аралығында  БҚО білім басқармасы мен  «Дарын» қосымша білім орталығы және Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұйымдастыруымен  «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткен болатын. Аталған олимпиададан облыс бойынша  9 оқушы, соның ішінде лицейімізден 10 сынып оқушысы Петри Адам республикалық олимпиадаға  жолдама алып, сәуірдің 20-22 күндері Алматы қаласында республикалық кезеңде бақ сынады.  

                        Олимпиада нәтижесі бойынша 4 оқушы жүлделі орыннан көріне білді. Олар:

            1. Ерғалиқызы Дана - І орын, жетекшісі Г.Ү.Тасқарина, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі;
            2. Петри Адам  - ІІ орын, жетекшісі Абилова М.С, Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп- лицей-интернаты;
            3. Серазетдинова Альбина - ІІІ орын, жетекшісі Қ.З.Ильясова, Ақжайық ауданы, Краснояр ЖОББМ;
            4. Гайсина Райгуль - ІІІ орын,  жетекшісі   А.М.Қарасаева , Казталов ауданы. Ғ.Молдашев ат.ЖОББМ;

            Аталған оқушыларды және мектеп ұстаздарын жеңіcтерімен құттықтаймыз.

        • «Білім және денсаулық» көрмесі
          • «Білім және денсаулық» көрмесі

          • Сәуірдің  19-ы күні Облыстық білім басқармасының қолдауымен қазақ драма театрында «Білім және денсаулық» көрмесі өткізілді. Көрменің негізгі мақсаты – заманауи және  инновациялық технологиялардың оқыту саласындағы жетістіктерін көрсету, оқушыларға алған білімдерін іс жүзінде қолдануға ықпалды көмек көрсету, қазақстандықтар арасында өз денсаулығына салиқалы жауаптылықты және зиянды әдеттен бас тартуды, «ЭКСПО 2017» көрмесіне жас дарындардың өз үлесін қосуға ықпал ету, салауатты өмір салтының мәдениетін насихаттау мен қалыптастыру болып табылады. «Білім және денсаулық» заманауи тәжірибеге негізделген көрме бүгінге дейін үшінші рет өткізілді. «Білім және денсаулық» көрмесінің шымылдығы Халықаралық «Феерия», Республикалық «Звездопад», «Дала дарыны», «Ақ көгершін» байқауларының  Гран при иегері, дарынды балаларға арналған  мамандандырылған  №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық  мектеп-интернат кешенінің «Атамұра» үлгілі халық аспаптар оркестрінің орындауындағы  Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашылып, келген  қонақтар  өз лебіздерін білдірді. Аталған шараға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПКБАИ директоры С.Измуханбетова келіп, оқушыларымыздың осындай іс-тәжірбиелерімен бөлісуі басқа білім ошақтарына үлгі екенін, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары З.Б.Гумарова бұл көрменің қаншалықты маңызы жоғары екенін баса айтып өтті.

            Сонымен бірге, салтанатты жиында ата-аналар комитетінің төрағасы Н. Қуаншалиева ұлдарымыздың осындай тәрбие мен білімі ұштасқан тұлға болып қалыптасуына лицей білім ошағының еңбегі зор екенін айта келіп, оқушыларымызға сәттілік тіледі.  Құттықтау лебіздерден кейін, келген қонақтар көрмені аралады.

            Білім көрмесінде оқушылар  математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, тарих пәндері бойынша жасаған тәжірибелерін паш етті, сонымен қоса шылым шегу, алкогольді ішімдіктер, нашақорлық, интернет, уақытты тиімсіз пайдалану, семіздік, улы заттарға әуестіктің денсаулыққа зиянды екендігін насихаттауға арналған  60-тан астам стендтер құрылды.

             Бұл көрмеге Облыс әкімінің орынбасары М.Тоғжанов, Облыстық білім басқармасының басшысы А.Ә.Мыңбаева, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Ш.М.Кадырова және ұжымы, Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының директоры Ш.Р.Шоңыраев, мектеп директорлары, педагогикалық колледждің студенттері және тағы да басқа қонақтар қатысып, ризашылықтарын білдірді.

            Қала мектептерінен көрмені тамашалауға 3000-дай оқушы қатысып, тамашалады. Көрмеге «Қазақстан-Орал»телеканалының журналистері, газет-журнал тілшілері қатысты.

        • «Ұлы Тарихты тоғыстырған - Әз-Наурыз»
          • «Ұлы Тарихты тоғыстырған - Әз-Наурыз»

          • Сәуірдің 16 күні лицейімізде ата-аналар мен оқушылардың,тәрбиешілер мен ұстаздардың қатысуымен үшбірліктің ынтымақтастығын нығайту және салт- дәстүрімізді, тілімізді құрметтеу, ата бабамыз салып кеткен сара жол - ұлы тарих сахнасын қадірлеу, дәріптеу  мақсатында «Ұлы Тарихты тоғыстырған - Әз-Наурыз» атты мерекелік шара оздырылды.

            Шара сыныптар арасында жарыс түрінде оздырылды. Атап айтар болсақ, 8 «в» сыныбы  М.Шахановтың «Отырардың күйреуі» поэмасы бойынша,  9 «с» сыныбы  Ш.Мұртазаның  «Бесеудің хаты» пьесасы бойынша,  8 «а» сыныбы М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы, 7 «а» сыныбы «Кенесары Наурызбай» Нысанбай жырауы бойынша, 10 «в» сыныбы Ғ.Мүсірепов «Амангелді» пьесасы  бойынша,  10 «в» сыныбы М.Шахановтың  Махамбет «Нарынқұм зауалы» поэмасы, 9 «а» сыныбы Елбасы туралы насихаттаса, 9 «в» сыныбы «Шығыстың қос жұлдызы»  туралы , 7 «в» сыныбы «Ызғарлы желтоқсан» 1986 жылғы оқиғаға байланысты  әр сынып көріністер  қойды. Қойылған көріністер жоғары деңгейде өтті. Жарыстарды бағалауда арнайы әділқазылар сайланды. Олар: Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы С.И.Темірғалиева, Форт - Шевченконың директоры М.Б.Ташымбетов, Дарынды балаларға арналған  мамандандырылған  №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық  мектеп-интернат кешені директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ш. Бошенов, «Достық» білім беру орталығының директоры Б.Т.Сәрсен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Хамза.

            Әділқазылардың бағалауы бойынша бас жүлдені «Шығыстың қос жұлдызы»      9 «в» сыныбы иеленіп, бас жүлдеге қой аталды. I орынды  «Кенесары Наурызбай» Нысанбай жырауды  қойған 7 «а» сыныбы иеленді. II орынды  «Ызғарлы желтоқсан» 1986 жылғы оқиға байланысты 7 «в» сыныбы, III орынды М.Шахановтың  Махамбет «Нарынқұм зауалы» поэмасын қойған 10 «в» сыныбы  иеленді. Қалған сыныптар алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар қойылымдардан кейін салауатты өмірді қалыптастыру бағытында ұлттық ойындар жүргізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

            «Гир көтеру», «Арқан тарту», «Күш сынасу» сияқты ұлттық ойындар ата аналар мен оқушылар арасында қызу өткізілді.

             Барлық сыныптар киіз үй құрып, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, ұлттық киім киіп, алтыбақан құрылып, лицей ауласын қазақы ауылға айналдырып, сәнін келтірді.

            Тарихпен тоғыстыра отырып, ата аналардың қойылым қоюы – оқушылардың бойына өз тарихы мен дінін, салты мен тілін құрметтеуді дәріптейтіні анық.

        • Мектепішілік сенбілік
          • Мектепішілік сенбілік

          • 2017 жылдың cәуірдің 8-і күні лицейімізде сенбілік болып өтті. Аталған шараны ұйымдастырудың мақсаты лицей тазалығын сақтай отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Жоспар бойынша әр сыныпқа жұмыс орындары белгіленіп, жауапты мұғалімдермен бірлесе іс атқару тапсырылды. Сенбілік барысында  ағаш сынықтары мен қағаздар жиналып, олар арнайы орынға төгілді. Әрбір сынып оқушылары мен мұғалімдері айтулы шарада жауапкершілік, белсенділік танытып, лицей тазалығына бей-жай қарамайтындықтарын дәлелдеді. 

        • Республикалық олимпиада жеңімпаздары
          • Республикалық олимпиада жеңімпаздары

          •          2017 жылдың 10-20 наурыз күндері аралығында Павлодар қаласында жаратылыстану бағыты бойынша, 20-31 наурыз күндері Ақтау қаласында гуманитарлық пәндер бағыты бойынша оқушылар арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады. Аталған білім жарысында лицейімізден 26 оқушы бақ сынады. Oлимпиада қорытындысы бойынша Орал қазақ-түрік лицейі 1 алтын, 4 күміс, 8 қола медальға ие болды. Олар:

            Оқушының аты-жөні

            Сыныбы

            Орны

            Жетекшісі

            1

            Сағындықов Ернар

            9

            І

            Сидарова А.Б.

            2

            Ибатуллиев Асыланбек

            9

            ІІ

            Серікұлы Н.

            3

            Елешов Нұрберген

            11

            ІІ

            Сидарова А.Б.

            4

            Жасұлан Жылыбек

            11

            ІІ

            Нұртазина А.Б.

            5

            Мұратов Есбол

            10

            ІІ

            Кабиева А.А.

            6

            Шкода Виктор

            9

            ІІІ

            Серикбаев Е.С.

            7

            Мурзагалиев Арман

            9

            ІІІ

            Байжаханов А.

            8

            Исатаев Нұрғиса

            10

            ІІІ

            Байжаханов А.

            9

            Мақсотов Абзал

            10

            ІІІ

            Байжаханов А.

            10

            Сансызбаев Нұрхан

            9

            ІІІ

            Серікұлы Н.

            11

            Ергалиев Абылайхан

            11

            ІІІ

            Серікұлы Н.

            12

            Надырхан Мирасбек

            11

            ІІІ

            Серікұлы Н.

            13

            Петри Адам

            10

            ІІІ

            Абилова М.С.

            Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап, олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына келешекте табыс тілейміз. 

        • Ата-аналар семинары
          • Ата-аналар семинары

          • Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыру мақсатында наурыздың  11-і күні  лицейімізде конвергенттік  тәсіл - педагогикалық консилиум жүзеге асты. Педагогикалық консилиум екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде лицей директоры С.Ш. Талдахметов жалпы лицей тынысы және өзге де жаңалықтар туралы ақпараттандыра отырып, ата-аналарды хабардар етті. Сонымен бірге, лицей психологі З.Идрисова ата - ананың өз баласын тануы, отбасы құндылығы туралы  баяндай отырып,  «Өнегелі отбасы» тақырыбында арнайы ата-аналарға тренинг - сұрақ - сұхбат жүргізді.

            Педагогикалық консилиумнің екінші бөлімінде мұғалімдермен бетпе-бет әдісі жүргізілді. Әрбір ата-ана өз ұлдарының пән бойынша бағаларын, тәрбиесін жетік біле түсті.  Жоспарға сәйкес ІІІ тоқсанның  қорытындысы   осындай бағытта жүргізілді.

        • «Ғасырлардың тынысы - Айналайын, Анашым»
          • «Ғасырлардың тынысы - Айналайын, Анашым»

          • Наурыздың 4- і күні лицейімізде «Ғасырлардың тынысы - Айналайын, Анашым» атты аналарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылып, өткізілді. Кештің мақсаты аналарға ұлдарымыздың өнерлерін көрсету, асыл аналарын  өз өнерлерімен  қуанту еді. Мерекелік кеш оқушылар сырттан аналарды жол салып қарсы алуымен басталды. Тәрбиешілер аналарға гүл шоқтары мен сыйлық ұсынып, мерекелік дастарханға отырғызды. Одан әрі ауқымды екі сағаттық концертке  ұласты. Кеш өте қызықты да, тартымды өтті. Әрбір сынып аналарына деген өз құттықтауларын бейнефильм көрсету арқылы білдірді. Одан әрі әртүрлі қойылымдар  мен ән-шашу, билермен ұласты.  Аналарға арналған ойындар өткізілді. Кеш соңында барлығы хормен «Асыл ана» әнін қосылып шырқады.

             

        • «Ғылымға қанат қаққандар»
          • «Ғылымға қанат қаққандар»

          • Жыл сайын ақпан айында оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетекшілігімен Алматы қаласында өткізіледі. Жалпы жоба жарыстарының негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру және Қазақстанның интеллектуалды әлеуетін ынталандыруға үлес қосу болып табылады. Дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық ғылыми жоба жарысына лицейіміздің оқушылары қатысып, үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Осы оқу жылында да, яғни 14-17 ақпан күндері аралығында Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында лицейіміздің 10-11 сынып оқушылары Мұратов Есбол мен Исмаилбаев Ринат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Мұхамбетов Арқат пен Сағынғали Мұқағали жүлделі ІІІ орынды иеленді.

                        Ұстаздары мен ата-аналарының сенімдерін ақтап, жүлделі орындардан көріне білген шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. 

        • Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік
          • Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік

          • Ақпан айының 15 күні лицейімізде «Тәрбиеші аты- биік, әрі мәңгілік» тақырыбында тәрбиешілер күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты оқушылардың білім мен тәрбие алуына тікелей қатысы бар, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін екінші әке- қамқоршы тәрбиешілердің еңбегін бағалап, мерекелік күндерінде оқушылардың алғыстарын жеткізу болды. Мерекелік кешті құттықтау сөзімен бастаған лицей директоры Талдахметов Сәкен Шардарбекұлы тәрбиешілердің еңбегін ерекше атап өтіп, шығармашылық табыстар тіледі. Келесі кезекте оқушылар өздерінің ыстық лебіздерін әсем әуендерімен, тамаша билерімен, езу тартқызар әзілдерімен жеткізді. Мерекелік шара өте көңілді өтті және  көңілде тек жақсы әсерін қалдырды. 

          • "ЫНТЫМАҚ" волейбол жарысы

          • Ақпан айының 12-сі күні лицейіміздің ұйымдастыруымен "ЫНТЫМАҚ" атты волейбол жарысы өткізілді. Аталған жарысқа 6 команда қатысып, нәтижесінде І орын- Жәнібек құрама командасы, ІІ орын - ҚТЛ құрама командасы, ІІІ орын - КазКом құрама командасының еншісіне тиді. Ойын қызықты да тартысты өтті. 

          • Облыстық «Бір кітап - бір сынып» акциясының презентациясы

          • 2017 жылдың 8-ақпан күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты кітапханасының оқу залында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен оқу мәдениетін дамыту және қолдау, кітап оқу мәдениетін жетілдіру, оқу кеңістігінің аясын кеңейту мақсатында жасалған «Бір кітап –бір сынып» акциясынның презентациясы өткізілді. Презентацияда облыстық «Бір кітап –бір сынып» акциясынның мақсаты, міндеттері, қатысу тәртібі, таңдалатын шығармалары және мерзімі туралы түсіндірілді. Облыстық «Бір кітап –бір сынып» акциясына лицей оқушыларының барлығы қатысады.