• Наша школа использует информационную систему учебных заведений EduPage. Подключитесь к своему аккаунту, чтобы увидеть расписание, текущие замены, проверить домашнюю работу и ежедневный план на следующий день.
      • Попробуйте также мобильное приложение EduPage для устройств Android и iOS. Получите всю информацию из своей школы прямо на свой мобильный.
          • Түлек 2021

            14 маусым күні лицей түлектеріне аттестат табыстау шарасы өтті

            Биыл лицейімізден 47 оқушы үлкен өмірге қадам басты. Бітіруші түлектерден 3 оқушы АЛТЫН БЕЛГІ, 4 оқушы ҮЗДІК АТТЕСТАТПЕН марапатталды. Оқушыларымызға ақжол тілеп, шығарып салдық

          • "ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

            «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жас ұрпақтың қазақ тіліне, тарихына, салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттырумен қатар, облысымыздың дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 23-24 ақпан күндері аралығында БҚО Білім басқармасы мен «Дарын» қосымша білім орталығының қолдауымен Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі оздырылды. Байқауға облыс бойынша 11 ауданнан 84 оқушы, облыстан 20 оқушы, қаладан 14 оқушы, Назарбаев зияткерлік мектебінен 8 оқушы қатысты. Барлық қатысқан оқушы саны – 126.

          • «Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді

            2018 жылдың 6-ақпанында лицей кітапханасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік аясында «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, «SOS - Қазақстанның балалар ауылдары» бірлескен қорының төрайымы, адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша білім жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайырымдылық істері туралы мағлұматтар; оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру; қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып, рухани адамгершілік қағидаларын дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.

          • АТА-АНАЛАР АРАСЫНДА КІТАП ОҚУ САЙЫСЫ

            27 Қаңтар күні лицейімізде ата-аналар арасында кітап оқудан жарыс өтті.
            Лицей ұжымы ұйымдастырған бұл сайыс көптеген ата-ананың басын қосты. Аталмыш жарыстың мақсаты – лицей үштағанының бірлігін нығайту, отбасылық кітап оқу мəдениетін дамыту, оқу кеңістігінің аясын кеңейту жəне Елбасының "Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар" мақаласын жүзеге асыру.

          • «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі»

            2018 жылдың қаңтар айының 26-сы күні Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының педагогикалық ұжымының және 7-11-сыныптар оқушыларының қатысуымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің мәселелеріне арналған «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
            Жалпы мектептік шарада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алатын мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығы жоғары қазақ тілін латын графикасына көшіру бағытында елімізде атқарылып жатырған жұмыстар түсіндірілді. Іс-шараға арнайы шақырылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Б.Ө.Жексенғалиев, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.С.Қыдыр

          • "Тозақ шеңбері" қойылымы

            Өткен апта оқушыларымыз Қазақ драма театрының "Тозақ шеңбері" атты қойылымына барды. "Тозақ шеңбері" атты тарихи драмалық қойылым көрерменін 31 жыл өткен шаққа апарып, сол кездегі еліміз үшін елеулі де ауыр оқиға - Желтоқсан көтерілісі кезіндегі залымдар мен мазлұмдардың өмірдегі сәттерін көрсетті. Сөзсіз бұндай қойылымды көрген өскелең ұрпақ Қазақ халқының Егемендік жолында шеккен азабы мен қиыншылықтарын көріп, Тәуелсіздіктің қадірін түсінуі тиіс. Жан-тәнімен азаттықты қастерлеп, ұлттық намысты жұдырығына мықтап ұстаған азаматтарды тәрбиелеу - баршамыздың ортақ мақсатымыз болғандықтан, оқушыларымызды ғибратты қойылымдарға одан әрі апарамыз деген жоспардамыз.

    • Партнеры

      • {#1508} 1
      • {#1508} 2
      • {#1508} 3
      • {#1508} 4
    • Логин

    • Время звонков

      Суббота 20/04/2024
    • Календарь

        еще нет данных для отображения
    • Фотогалерея

        еще нет данных для отображения